Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2867 0 пікір 23 Қазан, 2012 сағат 06:58

Сәкен Өзбекұлы. Қазақ патриотизмінің жеті қағидасы

Марқұм ұстазым Сәкен Өзбекұлы өмірден түйген өнегесін қағазға түсіріп, маған хаттатып отыратын. Қайбір күні жеке архивін ақтарып отырып, мына бір қағидаларды тауып алдым.

Бұл қағидаларды қазақ баласының біле жүруі үшін назарларыңызға ұсынып отырмын.

Мұхан Исахан

«Abai.kz»

Қазақ патриотизмінің жеті қағидасы

1. Сен Ер Түрік елінің ұрпағысың. Ұлы Дала өркениетінің мақтанашысың. Соны асқақтатып әрқашан құрметтей біл.

2. Ер Түрік тарихын, мәдениетін, әдебиетін жетік меңгер, санаңа сіңір.
3. Қазақстан, қазақ халқына өзіңнің барлық күш жігеріңді жұмса, ол үшін құдай берген талантыңды, еңбегіңді аяма.
4. Өз еліңнің тілін, әдет-ғұрпын, дінін сақта, ол сенің руханиятың, басқа ұлтқа жұтылып кетпеудің берік кепілі.
5. Сенің бай тілің, бай жерің бар. Бұларды қасық қаның қалғанша қорғау сенің қасиетті борышың.
6. Қазақ мүддесін, ру, жүз жершілдік сияқты мүдделердің бәрінен жоғары қою, сен тек қана өз ұлтыңа қажетсің, ұлтың тек саған ғана қажет.
7. Қазақ халқын шамаң келгенше дүние жүзіне ғылым, өнер, спорт салаларында асқақтат. Бұл - мылтықсыз майданда, жаһандану кезінде баға жетпейтін жетістік.

0 пікір