Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Деп жатыр 9030 38 пікір 8 Сәуір, 2022 сағат 14:00

Әншілер: «Қайрат Боранбаев – қамқоршымыз еді»

Жуырда Роза Рымбаева бастаған бір топ әншілер мен әртістер экс-президент Назарбаевтың қамауда отырған бұрынғы құдасы, Қазақстандағы ең ауқаттыларды тізімдейтін Forbes Қазақстан рейтингісінің алғашқы ондығына, Қазақстандағы ең ықпалды елуліктің алғашқы бестігіне кіретін олигарх Қайрат Боранбаевқа араша сұрап, президент Тоқаевқа үшбухат жазыпты. Хаттың мәтінін журналист Ержан Әбдіраман әлеуметтік желіде бөліскен.

Боранбаевқа араша сұрап, тергеудің әділ жүргізілуін талап еткендердің жалпы саны 70-тен асады екен. Олар: «Қамаудағы кәсіпкер Қайрат Боранбаев – қазақ өнерінің шын жанашыры. Көбімізге көмегі тигнен», - дейді. Біз аталған хатты үтір-нүктесіне дейін өзгертпей, оқырман талқысына ұсынғанды жөн көрдік.


Мәдениет қайраткерлерінен ашық хат

Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Күні кеше ғана Сіздің Мемлекеттің болашағы үшін жаңа реформаларды қолға алып, халыққа жасаған үндеуіңізді барша ел болып тыңдап, көптеген игі істерге қанық болдық. Еліміз бен жеріміз .шін, Мемлекетіміздің болашағы үшін жасап жатқан еңбегіңізге ризашылығымызды білдіреміз.

Осынау қиын қыстау сәттерде мемлекетіміздің аяғынан тік тұрып кетуіне және болашақтың жарқын болуына үкімет тарапынан ажсалынып жатқан іс-шаралардың басталуы, сонымен қатар құқық қорғау өкілдерінің көптеген келеңсіз жағдайлардың бетін ашып жатуы да көңілге жылу ұялатады. Біраз еліміздің атпал азаматтары жауапқа тартылып, олардың жасаған тірліктерінің ақ-қарасы тергеліп жатқынынан да хабардармыз.

Солардың бірі, ҚР азаматы – Боранбаев Қайрат Советайұлы.

Біздер осынау азаматпен туған бауыр-туыс болмасақ та, бізді жақындастыратын қазақтың мәдениеті мен ән өнері еді. Боранбаев Қайрат – бүгінгі күнге дейін қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына, соның ішінде осы жолды арқалап жүрген өнер өкілдеріне әркез қамқоршы болып қана қоймай, керек кезінде қаржылай көмек берген қамқоршы-меценат еді. Осы азаматтың көмегімен қаншама жас талант өздерінің биігіне көтеріле білді. Қаншама өнер майталмандары жеке концерттерін, жекее альбомдары мен бейне клиптерін жарыққа шығарды. Жас буфынның жоғарғы білім алуына, көптеген ата-ананың тұрмыс-тіршілігінің қалыпқа келуіне мүрындық болды.

Құрметті Президент!

Біздер, төмендегі көрсетілген өнер өкілдері – қазіргі кезде басына іс түсіп, тергеліп жатқан Боранбаев Қайрат Советайұлының ісінің обьективті ашық әрі жеңіл болуына қамқоршы болуыңызды өтіне сұраймыз. Қазақ өнеріне қамқоршы болып жүрген азаматтарымыз аман болсын!

Сіз басқарып отырған Мемлекетіміздің болашағы жарқын, ертеңі ерекше болатынына сенеміз!


Бұрынғы президенттің құдасы, елдегі ірі кәсіпкер Қайрат Боранбаевты Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері 15 наурызда ұстады. Боранбаев сот шешімімен екі айға қамауға алынды.

«2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген арнайы хабарламада.

Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​жатпайды.

Abai.kz

38 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1504
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1355
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1103
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1141