Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2724 0 пікір 22 Қазан, 2012 сағат 09:01

Біз «жоқ» дей аламыз ба?

Елпең қағып жүріп егемендіктің қадірін білмей қалған жоқпыз ба?
Интеграция деген керек. Әйтсе де елдің алдына түсіп, еміне бергеннен не пайда? Өз еркімізбен «өз еркімізден» айырыламыз ба?..Сұрақ көп.
Қандай жағдай болса да бірінші ке­зекте Мемлекет мүддесі деген мәселе тұруы керек. Бүгіншіл болу бір басқа, ертеңшіл болуды неге ойламасқа?
Украина мемлекетінің даму жолына үңіле қарасаңыз қай жағынан болсын: мейлі ол мемлекеттік қызметшілер тарапынан бола ма, болмаса оппозиция тарапынан бола ма, мәселе - айқын; украин халқы мен мемлекетінің мүддесі бірге қабысқан, яғни мәселенің басын ашып алған. Мәселен, «Батькивщина» партиясының жетекшісі Арсений Яценюк Ресеймен арадағы қарым-қатынаста Украина үш мәселеге «жоқ» деп айта алады. Бірінші - орыс тілінің мәртебесі туралы мәселеде Ресейдің ығына жүре алмаймыз. Екінші - Кеден­дік одақ туралы сөз болуы мүмкін емес. Үшінші - әскери блок құрудан бас тартамыз» - деді.
- Орыс әріптестерімізбен кез келген мәселеде сөйлесуге ниеттіміз, - деді ол. - Алайда Кедендік одаққа, әскери блокқа, орыс тілінің екінші мемлекеттік тіл болуына - біз «жоқ, бұлай болмайды» деп ашық айтамыз.

Украинаның орысшыл деген прези­денті Виктор Януковичтің өзі: - «Мы ищем свою дорогу к сообществу разви­тых государств, но интеграция любой ценой за счет утраты независимости, экономических или территориальных уступок, за счет разрешения вмеши­ваться во внутренние дела - такой путь мы никогда не воспринимали и не воспри­мем», - деп ашық айтып отыр.
Атасы бір ағайын халықтың өзі осын­дай сөздерді айтып жатыр.
Елбасы Түркияға барған сапарында отаршыл елдің кейінгі 150 жылда біздің тіліміз бен дінімізден, салт-дәстүрі­міз­ден айырғанын айтқанда, төбесі көкке екі елі жетпей қалған түркі баласы аз шығар.
Кедендік одақ, Еуразиялық одақ дегендер - экономикалық одақтасу деп келдік. Қазір Ресей саясаткерлері «Еу­ра­­зиялық парламент құру керек» дегенді жиі айта бастады. Саяси одақ елге қар­сы тартылған саяси садақ емес пе?
Одан қорғанар қалқан қандай? Қауқар қандай?
Біз де анда-санда болса да «жоқ» деп айта аламыз ба? Ең болмаса бір мә­селеде: ел мен егемендік есебінен жа­сала­тын келісім атаулының барлығына «Қазақ мемлекетінің мүддесіне қайшы келсе - қарсымыз» деп...
Айдағанға көнгіміз келмесе айта ала­тын сияқтымыз...

Н.НАРЖАН

"Айқын" газеті

0 пікір