Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2038 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 10:02

Азаматтық құқықтарымыз тапталмасын

Сонымен, елiмiзде референдум өткiзу жөнiндегi бастаманы қолдау өрiс ала бастады. Ерте ме, кеш пе қазақ қоғамы өз елiндегi қалыптасқан келеңсiз жағдайға төтеп бере алмайтыны айдан анық едi. Жиырма жыл бұрын аспаннан топ етiп түскен тәуел­сiз­дiк бүкiл қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асыра алмады. Қайта уақыт өткен сайын қарапайым халықтың құқықтары тапталып, өз елiнде өгей шешенiң баласындай күй кеше бастады. Қайда барсаң да арба сүйреген қазақ жiгiт­терi мен еден жуған қазақ қыздарын көресiз.
Кеңес үкiметi кезiнде Қа­зақстандағы мал шаруашылығы саласында iстейтiндер кiлең қазақ жастары болатын. Сол кездегi үкiмет бұл үрдiстi идеологиялық тұрғыдан қолдап, ертеден кешке дейiн мал соңында жүрген жастарды қолпаштап, марапаттап отыратын. Ал арба сүйреп, еден жуып жүрген қазақ жастарын кiмдер қолдап жатыр, қайта сол пақырларға түрлi бастықсымақтар ұрсып-жекiп, ұнамаса, жұмыстан қуып жатады. Ондай қазақ жастарының барар жерi, басар тауы қалмады.
Сөйтiп,тәуелсiздiк алған жылдардан берi елiмiзде шұғыл шешiмiн күтiп тұрған проблемалар қордалана бастады. Қара жамылған тоқырау­дың түнегi елдiң еңсесiн басып, әдiлеттiкке деген ақ жолды бiтеп тастады. Отандастардың басым көпшiлiгi­нiң осындай келеңсiздiктi бас­тан кешiруi жағымсыз үрдiс­ке айналды.

Сонымен, елiмiзде референдум өткiзу жөнiндегi бастаманы қолдау өрiс ала бастады. Ерте ме, кеш пе қазақ қоғамы өз елiндегi қалыптасқан келеңсiз жағдайға төтеп бере алмайтыны айдан анық едi. Жиырма жыл бұрын аспаннан топ етiп түскен тәуел­сiз­дiк бүкiл қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асыра алмады. Қайта уақыт өткен сайын қарапайым халықтың құқықтары тапталып, өз елiнде өгей шешенiң баласындай күй кеше бастады. Қайда барсаң да арба сүйреген қазақ жiгiт­терi мен еден жуған қазақ қыздарын көресiз.
Кеңес үкiметi кезiнде Қа­зақстандағы мал шаруашылығы саласында iстейтiндер кiлең қазақ жастары болатын. Сол кездегi үкiмет бұл үрдiстi идеологиялық тұрғыдан қолдап, ертеден кешке дейiн мал соңында жүрген жастарды қолпаштап, марапаттап отыратын. Ал арба сүйреп, еден жуып жүрген қазақ жастарын кiмдер қолдап жатыр, қайта сол пақырларға түрлi бастықсымақтар ұрсып-жекiп, ұнамаса, жұмыстан қуып жатады. Ондай қазақ жастарының барар жерi, басар тауы қалмады.
Сөйтiп,тәуелсiздiк алған жылдардан берi елiмiзде шұғыл шешiмiн күтiп тұрған проблемалар қордалана бастады. Қара жамылған тоқырау­дың түнегi елдiң еңсесiн басып, әдiлеттiкке деген ақ жолды бiтеп тастады. Отандастардың басым көпшiлiгi­нiң осындай келеңсiздiктi бас­тан кешiруi жағымсыз үрдiс­ке айналды.
Ата заң - Конституцияға сәйкес билiктiң негiзгi тетiгi болып саналатын Қазақстан халқы үшiн ендi ел тағдырын өз қолына алатын уақыт туды. Осыған байланысты республикадағы ақын-жазушылардың, ғалымдардың, жалпы зия­лылардың елiмiзде референдум өткiзу жөнiндегi Үндеуi барша жұрт тарапынан қолдау табуда.
Шынын айту керек, бiздiң отандастар үшiн өмiр сүрудiң деңгейi ең маңызды мәселе­лердiң бiрi болып саналады. Әрбiр отбасы үшiн оның шешiмi жұмыспен қамтамасыз етiлумен, тұрақты еңбекақымен және балаларын оқыту үшiн ақы төлеу мүмкiндiктерi­мен тiкелей байланысты. Әсiресе, билiк соңғы жылдары бұл проблемалардың түйiнiн шешудiң орнына, оны тiптi күрделендiрiп жiбердi. Тұрғын үй проблемалары, кезең-кезеңмен үнемi өсiп келе жатқан коммуналдық төлемдер, азық-түлiк және ең қажеттi тұрмыстық тауарларға деген бағаның күрт өсуi қарапайым халықты титықтатып, тақыр жерге отырғызуға жақындатты.
Тұрғын үй мәселесiн қозғағанда, бүкiл республикаға мәлiм болған үлескерлер проблемасын айтпай кету мүмкiн емес.
Кезiнде Астананы сәулет­тен­дiрiп, оның құрылысына жаңа серпiн беру үшiн президент Н.Назарбаев республика жұртшылығын үлес құрылысына қаржы салуға, сөйтiп, бала-шағаларды пәтермен толық қамтамасыз ету үшiн үй құрылысына қатысуға шақырды.
Аңғал да аңқау қазақ елбасының сөзiн екi етпедi. Республиканың түкпiр-түкпiрiнен ағылған адамдар жиған-тергендерiн Елордада салынатын жаңа үйлерге салды, қаржылары жетiспегендер банктерден несие немесе тамыр-таныстарынан қарыз алып, оны үй құрылысына жұм­сады. Кейбiреулерi бала-шағалары, немесе шалғайдағы ата-аналарына арнап, екi немесе одан да көп пәтерлерге қаржы салғандар болды. Үлескерлер арасында бiрнеше пәтерлерге қаржыны жүз пайыз төлегендер де аз емес едi. Ақыры, оның немен аяқталғаны жұртқа аян.
Астанадағы үй құрылысына қала әкiмшiлiгiнiң қолдауымен араласқан көлденең келген көк аттылар, үлескерлер қаржысын жымқырған үй салушылар үн-түнсiз үй құрылысын аяқтамай, iз-түзсiз жоқ болды да кеттi. Қазақ айтқандай, "айран iшкен құтылып, шелек жалаған тұтылудың" керi келдi. Санын соғып қалған Астана үлескерлерi, ендi ашық наразылық акцияларына барып, түрлi митингiлер өткiздi, аштық жариялады. Олардың билiк пен үкiметке қойған талаптары қатаң едi. Үлескерлер тегеурiнiнiң қатаң болғаны соншалық, Кәрiм Мәсiмов басқарған үкiметтi тоқтап қалған үйлер құрылысын жандандыруға қаржы бөлуге мәжбүр еттi. Көп ұзамай үйлер құрылысы да аяқталатын уақыт жақындады. Осыны тағатсыздана күткен үлескерлер күн сайын алақандарын ысқылап, жаңа пәтерлерге қоныстану тойына қамданумен жүрдi. Өз үкiметi­мiздiң үлескерлерге қандай "сый-сияпат" дайындап жатқанын олар сезбедi де.
Бұл кезде премьер-министр К.Мәсiмов Астана әкiм­шiлiгiмен бiрлесiп, үлескерлерге бiрiншi сәуiрге арнап күлкiлi емес, көз жасын ағызатын өзiндiк сый дайындау үстiнде болатын. Ақыры 2010 жылдың 1 сәуiрiнде үкiметтiң N277 қаулысы шықты. Бұл қаулының маз­мұнымен танысқан үлескерлер төбелерiнен жай түскендей есеңгiреп қалды. Аталған құжаттың негiзiнде бала-шағалары мен ата- аналарына арнап бiрнеше пәтерге қаржы салған үлескерлерге ендi бiр ғана пәтер берiледi деп шешiлдi. Ондағы үкiметтiң уәжi: "Тоқтап қалған үлескерлер құрылысына қаржы салған бiзбiз, сол себептi сендердiң қалған пә­тер­лерiң құрылысы басталмаған басқа үлескерлерге берi­ле­дi" деп, екi пәтер және одан көп пәтерлерге қаржы салған үлескерлер проблемасына   бас ауыртпайтынын бiлдiрдi.
Осы қаулы арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi қолданыстағы "Тұрғын үй қатынасы" Заңымен бiрге, Ата заңдағы азаматтардың дүние-мүлкi мен үй-жайларына ешкiм­нiң қол сұғуына құқылары жоқ деген бапты қасақана аяққа таптады.
Осыдан жиырма жыл бұрын бiз тәуелсiздiкке қол жеткiздiк. Сол кезде бөркiмiздi аспанға лақтырып, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсiздiкке жеткенi­мiзге шексiз қуандық, оның ендi мәңгiлiк болғанын Алладан тiледiк. Осы жылдары мемле­кеттiк егемендiгiмiз үмiтiмiздi үздiрмей, қандай да болсын қиындықтарды жеңiп шығуға көмектестi. Сөйтсек, мұның бәрi халық мүддесiмен санаспай, ел байлығын жымқыру арқылы байып алған ат төбелiн­дей билiкке қолдары жеткен, ұлт мүддесiн сатқандардың жымысқы қулығы болып шықты. Олар қаншама ғасыр бостандықты аңсап келген бүкiл халықтың мәңгiлiк мақсатын саудаға салып, Еуразия экономикалық одағын құру арқылы қайтадан Ресейдiң құлдық қамытын қазақтарға кигiзу әреке­тiне көштi.
Әрине, бiз экономикалық тұрғыдағы интеграцияға қарсы емеспiз, алайда, қол жеткен тәуелсiздiктi құрбандыққа шалуға қазақтар келiсе ме екен?
Ел басына төнген қауып-қатердiң алдын алу үшiн Референдум өткiзу жөнiндегi республика зиялы қауымының бастамасы дер кезiнде көтерiлдi және оны барша жұрт қолдайтынына кәмiл сенемiз. Жуырда осындай мақсатты көздеген бiр топ алматылық қоғам өкiлдерiнiң референдум өткiзу жөнiндегi үндеуi жарияланды. Бұл да бiр құптарлық шара. Саусақ бiрiкпей, жұдырық болмайтынын ескерсек, онда осы екi бастаманы көтерген азаматтар ендiгi кезде иық тiрес­тiрiп, ортақ табысқа жетудi көп болып ойластырғаны жөн. Осындайда халқымыздың "ай­ла - алтау, ақыл - жету, айла мен ақыл қосылса, алдырмайтын екеу" дейтiн дана нақылы еске оралады. Бәрiн де ой елегiнен өткiзiп, нақты шешiм қабылдаған абзал. Өйткенi таразы басында Қазақстан тағдыры тұр. Оның жарқын болашағын, ұлттың келешегiн ойлайтын, оған бейжай қарамайтын елдiң ұл-қыздары үшiн азаматтық танытатын уақыт туды. Ендiгi мақсат қолдағы мүмкiн­дiктi уыстан шығарып алмай, ұйымшылдық таныту арқылы референдум өткiзуге қол жет­кiзейiк.
Әрине, бұл бағытта талай кедергiлер мен қиыншылықтар кезiгерi анық. Оған алдын ала дайын болған жөн. Халық нақылы "iздеген жетедi мұратқа", демей ме, ендеше, Елiмiздiң жарқын болашағы үшiн азаматтық танытатын кез келдi. Ұлтын сүйген шын патриоттар бұл үрдiстен сырт қалмайды деп сенемiз.   

Мейрам Байғазин,
журналист,
Астана.

"Жас Алаш" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1253
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1148
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 888
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1020