Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3418 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 09:31

Жүкті әйелдерге шалқалап жатуға тыйым салынды

Шалқалап жатуды ұнататын жүкті әйелдерде іш тастау және баланы өлі туу қаупі артады.

Бұл туралы Сиднейдегі ханзада Альфредтің Корольдік ауруханасының қызметкерлері мәлімдеді.

Зерттеу барысында мамандар бүкіл Австралиядағы сегіз ауруханада жатқан 295 жүкті әйелді (жүктілік мерзімі 32 аптадан асқан) бақылады. Нәтижесінде олар арқамен жату әдеті өлі бала туу ықтималдығын алты есеге (оқиғалардың 50 пайызында нақты себептерді анықтау мүмкін емес) арттыратындығын анықтады, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Жұмыс жетекшісі Адриенн Гордонның айтуынша, бұған дейінгі  мәліметтер де осындай қалыпта жату іштегі нәрестеге қанның баруын шектейді. Оң жақ бүйірмен жату - аяқтан бастап жүрекке баратын  қанның күре тамыр арқылы келуін азайтады. Сарапшылар жүкті әйелдердің төрттен үш бөлігі негізінен сол жақ бүйірімен ұйықтайтындығын анықтады. Олар әйелдер ұйқы үшін нәрестеге ыңғайлы қалыпты инстинктпен таңдайды деп пайымдайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2245
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637