Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
2844 0 пікір 1 Сәуір, 2022 сағат 12:14

Қырғызстан: санкция экономикамызды 10% құлдыратуы мүмкін

Германияда өткен Энергетикалық форумға қатысқан Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Deutsche Welle (DW) басылымына сұқбат берді.

Қазақбаев Украинада жүріп жатқан соғыс, Ресей мен Қырғызстан қарым-қатынасы жайлы сұрақтарға жауап берді.

"Қазірдің өзінде азық-түлік қымбаттап жатыр. Ертеңгі күні энергия бағасы қалай болатынын білмейміз. Біз энергияны негізінен Ресейден аламыз. Біздің болжам бойынша, ел экономикасы 5 -10% құлдырайды", - деді Қазақбаев.

Ол сонымен бірге Ресей экономикасының бәсеңдеуінен ол жақтағы қырғызстандық мигранттарға қиын түсуі мүмкін екенін айтты.

Коронавирус пандемиясынан зардап шеккен Қырғызстан экономикасына Ресей мен Украина арасындағы жанжал жаңа соққы болып отыр. 24 ақпанда Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері Қырғызстанда азық-түлік бағасы бірден қымбаттап кетті.

24 наурызда қырғыз үкіметі дағдарысқа қарсы шара жоспарын құрып, бюджеттен 126 млрд сом бөлді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2094
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2513
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2180
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1617