Жұма, 26 Сәуір 2024
Саңлақ 3581 3 пікір 31 Наурыз, 2022 сағат 15:29

Боксшы Темірлан Райымқұлов Украинаға қолдау білдірді

Таяуда АҚШ-та өткен бокс сайысына қатысқан қазақстандық боксшы Темірлан Райымқұлов «Путинді қанішер» деп атады.

Спортшы америкалық Ису Шелдонмен жекпе-жекке шығып, қарсыласын нокаутқа жіберген. Сайыс аяқталғанда ол Украина туын қолына алып:

«Мен Украинаға қолдау білдіргім келеді. Менің жаттықтырушым украиналық, украиналық ағам бар. Дәл қазір Украинада соғыс болып жатыр. Бұл - сұмдық жағдай. Жазықсыз адамдар қаза тауып жатыр. Соғыс болмасын, бейбітшілік болсын. Путин-қанішер»,- деді Райымқұлов. Спортшы осылайша Украинаға қолдау білдірген.

Abai.kz

3 пікір