Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2015 2 пікір 31 Наурыз, 2022 сағат 15:06

Наурыз: дәстүр және жаңғыру

2022 жылы 15 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК және «Таңбалы» мемлекеттік қорық-музейімен бірлескен «Наурыз: дәстүр және жаңғыру» көрмесін және ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер мереке болып келген.

Түбі бір түркі жұртының төл мейрамы – Наурыз – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы сәт болуымен қатар, қазақтың мәдени мұрасын ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды ерекше қадірлеудің жарқын айғағына да айналып отыр.

Тәуелсіздік алған соң біршама уақытқа ұмыт болып қалған ата бабаларымыздан мирас етілген сан ғасырлық дәстүріміз халықпен қайта қауышып, бүгінде мерейлі мерекеге айналды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасында: «Наурыз мейрамының негізгі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру» - деп атап өтілген.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған көрмеде қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салтын насихаттайтын, бай материалдық және рухани мәдениетін көрсететін киіз үй және ішкі жабдықтары, Алматы қаласындағы наурыз мерекелерінің тойлануы жөнінде фотосуреттер қойылды. Мерекелік  іс-шара қонақтарына наурыз көже таратылып, зергерлік өнерінен шеберлік сағаты өткізілді.

Конференция жұмысының барысында наурыз мерекесінің жаңғырған қазақ қоғамына әсері, ұлттық құндылықтар, ұлттық бірегейлік мәні талданды.

Шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Алиев Данияр Абзалиденұлы, Алматы қаласы музейлер бірлестігі басшылығы, отандық тарихшы, этнолог, археолог, музейтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Еліміздегі жетекші оқу орындарының бірі, қара шаңырақ Қазақ ұлттық университеті бүгінде Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Алматы қаласы музейлер бірлестігі музейлерімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Бірлестік қызметкерлерінің көп бөлігі ҚазҰУ түлектері. Сандық мәліметтер келтірсек, 26 бакалавр, 17 магистр, 1 PhD докторант қызмет етуде. Университет түлектері сүйікті қаламыздың мәдени өміріне зор үлесін қосып келеді. Бұл ҚазҰУ-дың ғана емес, Қазақстан білім беру жүйесінің зор көрсеткіші деп білеміз.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2245
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637