Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3444 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 08:20

Ерлан Күзекбай. Атаусыз қалған «Тәуелсіздік күні»

«Қазақ КСР-інің Мемлекеттік Егемендігі туралы» Декларация қабылданған күн тарихи оқиға ретінде ел есінен жоғалып барады

 

Бүгінде еліміздің Тәуелсіздігіне төніп келе жатқан қауіп жайлы көп айта бастадық. Тәуелсіздік туралы айта бастасақ, Бірыңғай Экономикалық Одағымыз, ертеңгі «кеңстігіміз», «ортақ парламентіміз», «ортақ валютамыз» есімізге түскенде, ондағы ұтылысымыз бен жұтылысымыз басқаны қайдам, елім деп еңіреген халқымызды әдбен састырайын деді. Өткен жылы ғана Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын қазақ елінің ұлы оқиғасы ретіндеұрандатып, небір іс-шаралармен атап өткендей болдық. Рас, бұл тәуелсіздік жылдары бәрімізге де аса қымбат, басқа тойды тойламасақ та осы атаулы күнді атап өту әрбір қазақ азаматының парызы.

Әрине, осы жылдардан бері әр жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні -  ұлттық мейрам ретінде аталып өтіп келе жатыр, мұндай қуанышты кезеңдерді алдағы талай замандарда да ұзағынан тойлай беруге жазсын дейміз!

«Қазақ КСР-інің Мемлекеттік Егемендігі туралы» Декларация қабылданған күн тарихи оқиға ретінде ел есінен жоғалып барады

 

Бүгінде еліміздің Тәуелсіздігіне төніп келе жатқан қауіп жайлы көп айта бастадық. Тәуелсіздік туралы айта бастасақ, Бірыңғай Экономикалық Одағымыз, ертеңгі «кеңстігіміз», «ортақ парламентіміз», «ортақ валютамыз» есімізге түскенде, ондағы ұтылысымыз бен жұтылысымыз басқаны қайдам, елім деп еңіреген халқымызды әдбен састырайын деді. Өткен жылы ғана Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын қазақ елінің ұлы оқиғасы ретіндеұрандатып, небір іс-шаралармен атап өткендей болдық. Рас, бұл тәуелсіздік жылдары бәрімізге де аса қымбат, басқа тойды тойламасақ та осы атаулы күнді атап өту әрбір қазақ азаматының парызы.

Әрине, осы жылдардан бері әр жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні -  ұлттық мейрам ретінде аталып өтіп келе жатыр, мұндай қуанышты кезеңдерді алдағы талай замандарда да ұзағынан тойлай беруге жазсын дейміз!

Тарихи дерекке үңілсек: 1991 жылы 8 желтоқсанда Беловеж келісіміне сәйкес құдыретті КСРО ыдырап, Одақ құрамындағы қуыршақ елдер өз алдарына жеке мемлекет болуға қол жеткізіп жатты. Солардың қатарында тәуелсіздікті сан жылдардан бері армандап келе жатқан қазақ халқын да Алла қолдап, өз алдына жеке мемлекет болуға мүмкіндік туды.1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» конституциялық заңды қабылдады. Онда «Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады» деген елдігімізді танытатын ұғымдар шын мәніндегі тәуелсіз және демократиялық мемлекет болу мүмкіндігін әперді. Алда саяси және экономикалық өзгерістер стратегиясын белгілеу міндеттері тұрды. Қазақ елі демократиялық, азаматтық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың қадамын бастады.

Сонымен тәуелсіздігімізді осы күннен бастау, осы күні атап өту белгіленді.

Ал енді 1990 жылдың 25 қазанында «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік Егемендігі туралы» Декларация қабылданған күнгі тарихи оқиға қайда қалды?

Он сегіз жыл бойы Елбасы Жарлығымен бүкіл халқымыз болыпегемендікке алғаш қол жеткізген «Республика күні» ретінде мерекелеп келген мемлекеттік мейрамымыз - 25 қазан осыдан үшжыл бұрын өз күшін тоқтатып атаусыз қалды. Тым-тырыс. Сол күні тап бір ештеңе болмағандай. Оған дейін осы күні тіпті үш күндік демалыс беріліп, ұлттық мейрам ретінде ел ішінде шамамызға қарай қуанышпен аталып келсе, енді жым-жырт. Өткен екі-үш жылдан бері көріп келеміз осы күннің қалай өтіп жатқанын. Рас, намысыңа, көңіліңе тиеді екен. Осы айтулы күнді өмірден өшірген биліктің ойлағаны не сонда. Түсінбедік. Еш себепсіз ұлттық мерекелердің тізбесін жариялады да, тоқтата салды. Әлде 1990 жылғы дүрбелеңдерді халықтың есіне салмай, назарын басқа жаққа аударайық деген пиғыл жатты ма, кім білсін, атаусыз қалдырды-ау!

Тарихидерекке үңілсек: 1990 жыл КСРО-да болған түбегейлі өзгерістердің, жариялылық пен қайта құрудың, Батыс Еуропа мен АҚШ арасындағы халықаралық қатынастардың өзгеруіне тарихи қадамдар жасалған кезең еді. КСРО-да бұрынғы әміршіл-әкімшіл жүйені сақтай отырып, елдегі қоғамдық өмірді демократияландыруды ұсынған идеясын іске асыру үшін КОКП Бас хатшысы М.С. Горбачев 1990 жылы 15 наурызда халық депутаттарының кезектен тыс өткен 3-сиезінде КСРО Президенті болып сайланды. Алайда Одақтың бірінші және соңғы президентінің кеңестік республикалар арасында жаңа одақтық шарт жасап, КСРО-ны қалай сақтап қалуға, КОКП-ны жаңа жағдайға бейімдеп реформалауға ұмтылған әрекеттерінің бәрі сәтсіздікке ұшырағаны белгілі.

Қазақстан да осы кезде бұл үдерістен шет қалмаған еді. Алдымен 1990 жылдың 24 сәуірінде елімізге президенттік басқару жүйесі енгізіліп, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы Н. Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті болып тағайындалды. Қазақстандағы саяси жағдай да бұл кезеңде тез арада құбылып, елдің егемендікке деген құлшынысы ояна бастады. Елімізде «Азат», «Азамат», «Алаш», сияқты ұлттық қозғалыстар мен ұйымдар,«Қазақ тілі» қоғамы құрылып, ел халқын тәуелсіз мемлекет болуға шақырған үндеулер мен мәлімдемелер таратып, митингілерді де жиі өткізіп жатты. Республиканың барлық аймақтарында халықтан тәуелсіз мемлекетті жариялау туралы қол жиналып, Алматыға Орталық комитетке де жеткізіліп жатты, орталық алаңда «елім, жерім, ұлтым, тілім» деген ұлтшыл зиялы қауым мен жастардың митингілері жиі өткізіліп, ұрандатып, осы сәтті пайдаланып, егемендікке қол жеткізуге себепкер болып еді.

Осы кезде Мәскеудегі Тамыз бүлігі де бұрқ етіп, одан кейін Ресей Федерациясының Президенті атанған Б. Ельциннің Жарлығымен КОКП қызметі де шектелді, Одақтың ыдырауы басталды. Ә деген беттен-ақ Одақтан Прибалтика, Қапқаз, Украина елдері, одан кейін оларға ілесіп, Орта Азия елдері өздерінің «Егемендік туралы Декларацияларын» жариялай бастағаны да есімізде. Осы кезеңде біздің Қазақстан билігінің Мәскеу жаққа жалтаңдап, «мұның арты не болар екен» деп күтіп отырғанын да көз көрді.

Уақыт өтіп бара жатты. Күздің қыраулы күндері де келіп, Қазақ КСР-і не анда, не мында емес,  әрі-сәрі болып тұрған сәт еді. «Азат», «Азамат», «Алаш» қозғалыстарының бастауымен халықтың тәуелсіздікке ұмтылуы күшейе берді. Алдымен марқұм Сәбетқазы Ақатаев басқарған «Азат» азаматтық қозғалысының бастамасымен «Егемендік Декларациясының» жариялануы да осы тұс еді. Әйтсе де билік те қарап отыра алмады. 1990 жылы 16 қыркүйекте «Мемлекеттік егемендік Декларациясының» жобасын алғаш рет БАҚ-та жариялап жіберді. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау да оңайға түспегені белгілі. Өйткені Одақ пен Коммунистік партияның ықпалы әлі де бар еді. ҚСР Жоғары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында қалай десек те, егемендікті жария еткен құжатты қабылдау барысында ел егемендігіне қарсылар да бар болып шықты. Тіпті олардың «мемлекеттік тіл - қазақ тілі», «қазақ ұлты тағдырының жауапкершілігін сезіне отырып,» деп келетін қазақи ұлттық тұжырымдарға қарсы шығып келіспеушілік танытқандары да есімізде. Сонымен бірге сессияда «басқарушы және негізгі күш коммунистік партия болып табылады» деген 6-бапты алып тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «нағыз қызыл коммунистер» көп қарсылық білдіргені туралы жазылып жатты. Тіпті кейбіреулердің бұл маңызды құжатты кейінге қалдырып, егемендік алудың еш реті жоқ екендігін айтқандар да болды. Олардың талайының әлі көзі де тірі. Мұндай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов және басқа да зиялы ұлтжанды ағаларымыздың арқасында құлдықты көксейтіндерге уәж айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана арпалысқан сессияда Декларациядағы 17-бап сегіз сағат бойы талқыға түскен. Кеңестер Одағының талқаны таусылмай жатып, одақтас республикалардың кейбірі бұл кезде Тәуелсіздік туралы заңдарын қабылдап та үлгерген еді. Сөйтіп КСРО қапасынан 15 тәуелсіз мемлекет бүршігін жарып шығып, әрқайсысы өзінің ұлтының болашағы үшін ғана өмір сүретінін жариялай білді.

1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы КеңесіндеМемлекеттік егемендік туралы Декларация республиканың өз алдына дербес мемлекеттілігін жария еткен тұңғыш заңнамалық акт болатын. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік берді. Еліміз егемендік Декларация арқылы табиғи байлығымызды, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін толық меншігіне алды. Қазақстан аумағындағы барлық әскери құрылымдар мемлекет қарамағына өтті. Декларация бойынша Қазақстан аумағында егемендікке қайшы келетін КСРО заңдарының күші жойылды.Декларация орталыққа бағынышты күйден арылтып, Мәскеумен жаңа жағдайда тең әріптес ретінде ынтымақтастыққа қол жеткізді.

Сонымен Мемлекеттік егемендік Декларациясы - егемендікті білдіретін құр мәлімдеме амбиция ғана емес, шын мәнінде заңды күшке ие маңызды құжат болды.  Сондықтан да егемендік туралы Декларация, бір жылдан асқаннан кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларациясымен терең үндестік тапты.

Хош, сонымен 1990 жылғы 25 қазанда, осындай қиын-қыстау кезеңде Егемендік жарияланған күн, ұлттық тәуелсіздігіміздің негізі қаланған күн, тіпті биліктің өзі «Тәуелсіздік күні», «Республика күні» деп мойындап, он сегіз жыл бойы мерекелеп келе жатқан айтулы оқиғаны халықтың санасынан алып тастау кімнің қандай теріс пиғылынан пайда болғанын түсіне алмай-ақ қойдық.

Ел Тәуелсіздігінің ұлы мейрамы ретінде атап өтіп жүрген 16 желтоқсан күні қоғамда қалай мерекеленіп, қалай аталып өтіп жүргені туралы зор қоғамдық қайшы пікірлер туып, көпшілік халықтың көңілінен шықпай келе жатқанын қайталамай-ақ қояйық. Тіпті обалы нешік, кезінде Парламент депутаттарының арасында да осы мәселені көтерген депутаттар болып еді, бүгінде ешкім де жұмған ауыздарын ашпайды.

Алдымен айтсақ, дәл осы күндер 1986 жылы қазақ жастарының кеңестік тоталитарлық режімге қарсы шыққан әлемге әйгілі «Желтоқсан көтерілісін» еске алатын «Демократиялық жаңғыру күні» емес пе!? Әдетте бұл күн ылғи да тасада қалып, дұрыс аталып өтпей келе жатқанын да көріп келеміз. Өткен жылы тәуелсіздіктің 20 жылдығымен қоса желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы да қатар келгеніменмемлекет пен билік тарапынан бірде-бір іс-шараның кең ауқымда өткізілгенінөз басым естіген де емеспін, көрген де жоқпын. Үкіметтік емес ұйымдар, желтоқсаншылар өз беттерімен өткізгенімен бәрібір жалпыхалықтық белең ала алмасы анық.Ол ол ма, тәйірі, манадан бері зар жылап, күңірене айтып отырған бұл айтулы күндеріміздің дәл осы уақыттарға сәйкес келуі еуропалық рождество мен жаңа жылдың тасасында қалып қоюы әбден-ақ қанымызды қайнатып бітті. Бұл мәселелер қаншама айтылып, жазылғанымен де биліктің басына әлі жетпей келе жатқан сияқты. Жаңа жыл демекші, он жылдай бұрын жаңа жылға дайындық тәуелсіздік күндері өткізілгеннен кейін басталушы еді. Ал соңғы он жылдай уақыттан бері теріс пиғылды бәзбіреулердің «бұлардың әуселесін көрейік, осыларға жаңа жыл қажет пе, әлде тәуелсіздік күні ме» деген сияқты арам ойлары жатқан секілді көрінеді. Желтоқсанның арқадағы қақаған аязында тәуелсіздік күнін далада емен-жарқын атап өту де мүмкін еместігі белгілі. Содан ба екен, бұл күн жылы кең сарайларда тек шенеуініктер мен тәуелді адамдарға шен-шекпендер таратылып, кеуделеріне орден, медаль жапсыратын күнмен ғана шектелуде екенін еш жасыра алмайсыз. Содан кейін аларын алып алғандар үн-түнсіз, үйлерінде ме, мейрамханаларда ма, әлде шетелдерде ме, өздері ғана «жуып» жататын сыңайлы. Шіркін-ай, дейсің тағы кіжініп, сондай құрметке ие болған екенсің, ертеңіне сол алған сый-сияпатыңа лайықты болу үшін тұрғындармен, қоғамдық ұйым өкілдерімен, жастармен кездесулер өткізіп, мән-жайды түсіндіріп, қызықты кештер мен кездесулер өткізіп жатсаң қандай жарасымды болар  еді. Әй, ондай деген жоқ қой, бұл күнде. Қайта баяғы Кеңес Одағы кезінде кез келген еңбек адамы орден, медаль алып жатса, жастар мен оқушылардың құрметті қонағы болып, қызықты кездесулер өткізілетін еді-ау!? Тәуелсіздік мейрамының содан кейінгі үш-төрт күн демалысының алғашқысы осылай өтсе, қалған күндері тып-тыныш, тым-тырыс. Өйткені, Астана қысының күшіне еніп тұратын кезі, көшеде емен-жарқын қыдырыстап жүре алмайсың. Бұл күндері  жоғары билікті айтпағанның өзінде жергілікті биліктің «Тәуелсіздік күнін де», «Желтоқсан көтерілісі» күндерін атап өтіп жатқаны туралы да БАҚ-тардан әлдебір ұйымдастырылған хабарлар мен бағдарламалар болмаса күнделікті іс-шаралар жайындағы жағымды оқиғаларды ести алмайсыз.Оның есесіне зәулім сарайларда жаңа жылдық шыршалардың аясындағы кештердің өтіп жатқаны туралы жаңалықтар құлағыңызға жиі шалынады. Басқа қалада қайдам, мен өзім дәл Астананың өзінде жыл сайын осындай болып жатқасын, соларды көзіммен көріп жүргесін айтып отырмын.

Өйткені билік халықтың намысын оятатын мұндай ұлттық мейрамдарды өткізуге құлықсыз деуге болар ма, әлде халықты көтере білетін идея жоқ па? Әйтпесе өткіземін десе, Астана мен Алматыда, облыс орталықтарында мүмкіндіктер көп. Зәулім-зәулім концерт, ойын-сауық, спорт залдары мен сарайлары, мәдениет орындары Құдайға шүкір, қазіргі таңда жетіп артылады. Соның бәрінде алдағы жылдың бюджетіне кіргізіп, небір патриоттық іс-шараларды ұйымдастыруға болады емес пе.

Тоқетерін айтқанда, «Тәуелсіздік күнін» 16 желтоқсанда өткізуді доғарып, қайтадан 25 қазанға ауыстырған жөн дер едім. Оның мәнісін жоғарыда айттық. Және ең бастысы 25 қазан Арқа мен Астанада күзгі мизам шуақтың лебі есіп тұратын кезі екенін ескерген жөн дер едім, сонда мерекелеуге көп мүмкіндіктер болады. Мен өзім Астанада 1997 жылдан бері 25 қазандағы «Тәуелсіздік күндерін» өткізу  мерекесіне жыл сайын қатысып келдім. Әсіресе сол 1997 жылдың 25 қазаны күнгі мерекеде Ақмола халқы мен енді келіп жатқан шенеуініктердің жақсы жарасып, жеңіл жейдемен жүргені жақсы есімде.Одан кейінгі жылдары даосы мерекелік күндер күздің жайма-шуақ сәтімен, нағыз мерекелік той-думанға айналғаны жалпы жұрттың есінде болар.

Ал 16-17 желтоқсан «Демократиялық жаңғыру және желтоқсан құрбандарын еске алу күні» ретінде қала бергені жөн.Оның үстіне оған  Жаңаөзен оқиғасының зары қосылды. Сол күндерді әрқашанда еске алатындай, ұлттық рухымызды көтеретіндей деңгейге жеткізу туралы айтылып жүрген ұсыныстарды тек қолдау керектігін айтудан жалықпауымыз керек. Тіпті болмаса, бұрынғыдай «Тәуелсіздік күнін» қалай да атап өту керек болсақ, онда екі рет те атап өтейік. Онда тұрған не бар. Мәселен, посткеңестік шеңберден шыққан Латвияда осындай екі рет аталып өтетін ұлттық мерекенің орны бөлек: бірі- 1918 жылдың 18 қарашасы, Латвия мемлекетінің «туған күні», яғни алғашқы тәуелсіздігінің жарияланған күні, екіншісі - 1991 жылы қабылданған Тәуелсіздікті қайта қалпына келтіру күні. Ал біз болсақ, осындай оқиғалардан бас тартып, кері кетіп бара жатқандаймыз.

Қалай десек те, Қазақстан тарихында ерекше маңызға ие болған 25 қазан бұрынғы «Республика күні» қайта ұлттық мейрам ретінде жарияланып, ел шежіресіндегі өзінің мемлекеттік оқиға ретіндегі орнын алуға тиісті.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661