Жұма, 17 Мамыр 2024
Билік 2321 2 пікір 31 Наурыз, 2022 сағат 14:39

Министр: 160 елдімекенді су басу қаупі бар

Қазақстандағы 160-қа жуық елді мекенді су басып қалу қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

"Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында алдымыздағы аптада ауа температурасы көтеріледі. Арасында температура аздап төмендеуі мүмкін. Бұл қар еріп, сең жүруге ықпал етеді, сондықтан су тасқыны қаупі бар. Осы өңірлердегі  157 елді мекенді су басып кету қаупін жасырмаймыз", - деді Ильин.

Ол Батыс Қазақстан облысында осындай 49 елді мекен (28 166 үй және 154 147 адам), Қостанай облысында – 34 (733 үй және 2506 адам), Ақмола облысында – 25 (967 үй және 2975 адам), Шығыс Қазақстан облысында-19 (542 үй және 1512 адам), Ақтөбе облысында – 17 (751 үй және 3808 адам), Солтүстік Қазақстан-13 (311 үй және 1413 адам) бар екенін атады.

Сонымен қатар, ТЖМ мәліметінше Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандары мен тау бөктерлерінде, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қар мен жаңбыр жауады, осыған байланысты жоғарыда аталған өңірлердің таулы аудандарында су тасқыны, қар көшкіні жүруі мүмкін.

"Жалпы, жауын-шашын жауған кезде қыс мезгіліндегідей төтенше жағдай жұмыстары жүріп жатыр. Күнде облыстық және Республикалық маңызы бар жолдарға шектеулер қойылып тұрады", - деді Ильин.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2238
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636