Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Деп жатыр 3155 2 пікір 31 Наурыз, 2022 сағат 13:59

Байбек пен Нығматулиннің үстінен іс қозғалғаны рас па?

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматуллин мен Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы «Nur Otan» партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр деген ақпарат пайда болды. Бұл туралы «Выход к правде» Telegram-арнасы хабарлады.

«Бүгін желіде жазып жатқандай, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің де «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің наурыздың ортасында, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды ұсталғаннан кейін шетелге кетіп қалды деген ақпарат шыққан болатын.

Ақпарат бойынша, Нығматулин Астанадан Атырауға жеке ұшағымен ұшып, одан әрі қарай Comlux компаниясының ұшағына отырып, Бакуге аттанған. Осылайша Нығматуллин өзінің елден кеткенін жасырғысы келген. Әрі Әзірбайжан астанасы арқылы шетелге басқа құжатпен кеткісі келген болуы мүмкін.

Telegram арналарда да Нығматулиннің елден қашып кеткені туралы ресми расталмаған ақпарат тараған болатын. Айта кетейік, биыл 1 ақпанда Парламенттің төменгі палатасының төрағасы қызметін атқарған Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

59 жастағы Нұрлан Нығматулин Мәжілісте үш рет төрағалық етті. Соңғы рет 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс спикері болып тағайындалды. 2014 жылдың ақпаны мен 2016 жылдың маусымы аралығында Нығматулин Президент әкімшілігінің басшысы болды. Ол 2014 жылдың қазан айында Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқарды.

Мәжіліске келгенге дейін Нығматулин 1999-2002 жылдары Елорда әкімінің орынбасары, көлік және коммуникация вице-министрі (2002-2004), шамамен төрт жыл Қарағанды облысының әкімі болған. Нұрлан Нығматулиннің туған бауыры Ерлан Нығматулин 2021 жылы Forbes журналындағы Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкерінің тізіміне енді.

Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек бұрынғы «Nur Otan» партиясының төрағалығы қызметінен биыл екінші ақпанда босатылды.

Байбек партиялық және мемлекеттік қызметте 20 жыл жұмыс істеген. Ол Facebook парақшасында қызметінен кетуін «Nur Otan» алдына жаңа көзқарастар мен тәсілдерді талап ететін мүлде жаңа міндеттер қойылды. Сондықтан мен партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа атқарып отырған қызметімнен босату туралы тиісті өтініш бердім», - деп түсіндірген болатын.

Айжан Темірхан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2156
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2563
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2424
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1664