Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2400 0 пікір 18 Қазан, 2012 сағат 07:16

Дәурен Қуат. Орданы ойрандау

Андрей Прошкин деген орыстың дарынсыз бір режиссерсымағы «Орда» атты  фильм түсіріпті. Онысы кино туынды емес, өзінің сасық пиғылын әшкерелеп,  туа сала торайы мегежініне артылатын «талпақ танаудың»  қорсылдаған қорымында қалып қойған бірдеме болып шыққан. Әлгі идиот «Орданы» тарихи фактілерге бой ұрмай аңыздың желісімен түсіргенін айтып көкитін көрінеді. «Сыншыларым мені сынағанда осы жағын ескерсін» деп және дөң айбат көрсетіп қойыпты өзінше. Бұл - жалпы сынайтын да фильмге ұқсамайды, тіпті, сөз шығындап бірдеме деудің өзі күнә. Әйткенменде қайтеміз, таспаға түсіпті, анда-мында көрсетіліп жатыр. Астана мен Алматының кинотеатрларынан жұрттың алды көре де бастады. Ұзамай Ұлттық арнадан, «Хабардан», ол екеуі болмаса, өзге де бықи-тықи арналардың бірінен шыға келуі мүмкін.  Сондықтан үндемей қала алмайды екенбіз. Неге? Өйткені фильм мынандай сорақылықпен басталады.

Андрей Прошкин деген орыстың дарынсыз бір режиссерсымағы «Орда» атты  фильм түсіріпті. Онысы кино туынды емес, өзінің сасық пиғылын әшкерелеп,  туа сала торайы мегежініне артылатын «талпақ танаудың»  қорсылдаған қорымында қалып қойған бірдеме болып шыққан. Әлгі идиот «Орданы» тарихи фактілерге бой ұрмай аңыздың желісімен түсіргенін айтып көкитін көрінеді. «Сыншыларым мені сынағанда осы жағын ескерсін» деп және дөң айбат көрсетіп қойыпты өзінше. Бұл - жалпы сынайтын да фильмге ұқсамайды, тіпті, сөз шығындап бірдеме деудің өзі күнә. Әйткенменде қайтеміз, таспаға түсіпті, анда-мында көрсетіліп жатыр. Астана мен Алматының кинотеатрларынан жұрттың алды көре де бастады. Ұзамай Ұлттық арнадан, «Хабардан», ол екеуі болмаса, өзге де бықи-тықи арналардың бірінен шыға келуі мүмкін.  Сондықтан үндемей қала алмайды екенбіз. Неге? Өйткені фильм мынандай сорақылықпен басталады.

«Фильм басталмай жатып, Римнің елшілерімен сөйлесіп тұрған хан-ағасын Жәнібек деген бір месқарын, тақырбас біреу әй-шәй жоқ, мойынына арқан салып, тұншықтырып өлтіріп тастайды. Артынша, жаңа ғана өлтірілген байғұстың саусағынан (құрығанда ортасында бір асыл тасы болсайшы!) қаңылтырдан да жұқа күміс жүзігін шешіп алып, астауда суып қалған етті қомағайлана асай бастайды. «Астапыралла!» - дедік. Ал, мына қылмысқа куә болған хан әулеті үн-түнсіз туысының өлімін қызықтап отырады да, артынша бәрі Жәнібектің алдына тізе бүгіп, оны билеушіміз деп мойындауға көшеді» (Ақберен Елгезек. «Алтынға күйе жағылған күн» http://www.ult.kz/kz/article/view?id=602).

«Бір кезде, кинокартинада басты кейіпкерлердің бірі - Жәнібектің анасы Тайдулла ханым сахнаға шығады. Бетіне аппақ опа далап жағып алған тірі аруақтай  кемпір әлгі қылмыс болған жерге келе қалады. Мән-жайды ұғынған соң, Жәнібекті қылышымен бетінен тіліп (о заман да бұ заман!), хан қылып сайлап та тастайды. Кенет Жәнібек хан өз анасын еркелете таққа отырғызады да, екі бұтының арасына басын салып тұрып: «Әттең, анам болмағаныңда ғой, өзіңді дәл қазір қатын қылып алар едім» - деп мәселені төтесінен қояды. Оған кәрі анасы кәдімгідей қылмыңдап, топас баласы ыржалаңдап, мәз болып, қарқылдап тұрып күледі дерсің. Жағамызды ұстадық. Жүректің айнығаны былай тұрсын, бұлай ешқашан қорланбаған шығармын» (Ақберен Елгезек. «Алтынға күйе жағылған күн» http://www.ult.kz/kz/article/view?id=602) .

«Анасын қатын қылып алмаққа аусары ауған» құрдым (Ұлы баһадүр бабаларымызға аруақты есім болған Хан Жәнібек атынан садаға кетсін! ) Прошкиннің «Ордасында» тұмсығына түтік тығып тағылықпен көз жұмады. Қараңыз:

«Әз Жәнібек хан ордасына ойын-сауық қойып жатқан бір сайқымазақтың теріден жасалған сыбызғы секілді бердеңесіне мұрынын тығып алып, елді күлдірем деп тұншығып өледі. Ауа жетпей, жерде жанталасып жатқан ханға ешкім көмекке келмей, билеушіні қоршаған қауым ханның мына қылығын ойын деп ұғынып, дарақылана күле береді. Хан өлгенін көрген Бердібек атты жас бала «енді менің кезегім» - дегендей жан-жағына жанарынан от шаша қарайды. Мұнымен, демек, фильм авторлары тарих толқынына жаңа ханның шығуы деп «өте парасатты» астар аңғартса керек... Жас Бердібек Тайдулла хатунға маған бата бер деп сұрайды. Тайдулла болса, қап-қара атқа қарғып мініп, борап тұрған далаға «мен ештеңе білмеймін!» - деп жанұшыра шаба жөнеледі. Неге екенін ұқсам, бұйырмасын» (Ақберен Елгезек. «Алтынға күйе жағылған күн» http://www.ult.kz/kz/article/view?id=602) .

Айтпақшы, фильмнің шарықтау бір тұсында «баласына қылмаңдаған»  - Тайдулла хатун зағип болып қалады. Тайдулланы таласа емдемекке ұмтылған бақсы-балгер, құшынаш-диуана атаулының басы Орданың іргесінде домалап, ақырында жанары суалған міскінді Мәскеуге елші жіберіп келтірген митрополит Алексей жазады.

Ммм, деп қойыңыз.  Тайдулла сорлының  митрополит Алексейдің шипалы қолы тиген соң жарық дүниені қайта көретіндей жөні бар сияқты. Өйткені,  «Орданы» ойрандап баққан кинокартинаға тапсырыс берген Орыс православиялық Шіркеуі мен христиан әулиелерін дәріптеуге арналған көркем дүниелерді қаржыландыратын «Православная энциклопедия»  ұйымы екен. Фильмге Ресей мемелекеті 12 миллион АҚШ долларын бөліпті. Христиан әулиелерін дәріптеуге арналған фильмнің жөні осы десе керек, режиссер Мәскеу княздігін жаудан қорғаған Алтын Орда тұсындағы әулие әкей Алексей дейтінді әспеттеп бағады.

Хош, делік...  Ал, осы шынымен кинотуынды ма? Болса, киноның қай жанрына жатады? Комедия ма, фантазия ма? Прошкинге салсақ, фантазия көрінеді. Солай-ақ болсын. Алайда,  кинодағы фантазиялық картиналар  адам қиялының шексіздігін әйгілеп, тосын жайттарды табан астында таба білетіндігімен еліктіріп, тылсым ғажайыптардың өзін шынайлыққа жеткізіп, көрерменді баурап алатын көркемдігімен қызықты  дүние емес пе? Сонда мынау не? Бұл ештеңе де емес. Бұл - түркі халқын мазақ етудің, қорлаудың кезекті сценарийі. Баяғы әдет. Баяғы аяғын жимайтын астамшылықтың бүгінде асқынған, жаңа мінез тапқан сорақы түрі. Әйтпесе, аңыз бен тарихқа қатысты түсірлген фильмнің сол аңыз бен тарихқа қатысы бар ұрпақтың жүрегін жараламасын режиссер білмеді дейсіз бе? Енді шалық ұрып, жын соққан біреу болмаса, білуі керек. Әбден біледі. Біле тұра осылай істейді. Өйткені, бұрынғы Алтын Орда мемлекетін құрған елдердің бүгінде бас көтерері кем. Татар-башқұрт боданда. Моңғол сыртта бейхабар жатыр. Өзбек өзімен өзі. «Ортақ өгізден оңаша бұзауын артық» көреді. Қырғыздың Манасты қайта қолға алуға уақыты жоқ. Күнде ереуіл. Ноғайлы ұлысы бытырап, тарап кеткен.Бірақ, қазақ бар!  Даңықты Алтын Орданың астаналары ірге тепкен ұлы далада қазақ дейтін пәле халық қайтадан бой түзеп келеді. «Бүгін бетін қайтарып, санасын улап ұстамасақ ертең кеш қалуымыз кәдік». Осыны ойлай салысымен етек-жеңі далақтап орыс саясаткерлері Еуразиялық ортақ парламент, Кедендік одақ , т.б. дегенге ауыз салса, Михалков, Бодров сияқты Ресейдің қазіргі киноиндустриясында қызмет етіп жүргендер   түркі тарихын кинокартиналармен келемеждеуге кіріскен. Олардың қатарына тағы бір кемдарын, шовинистік пиғылы шиқанның аузындай алаулаған Прошкин деген біреу қосылыпты. Апрыр-ай, ә дейміз осындайда, Голливудтың фэнтезерлары Алтын Орда заманындағы княздіктер туралы осындай бір масқара фильм түсірсе, орыстар қайтер еді. Қырылып қалмаса да қылғынып айқайлар еді. БҰҰ-ның сарайында бұзаубас бәтеңкесімен еденді тоқпақтаған Хрущев аталарынының салтына салынып  шуаш сасыған керзі етіктерімен жер тепкілеп, жінігіп кетер еді.  Көз алдыңызға елестетіңзші, көзі шүңірейіп, жағы сорайған Михалков самогонның бөшкесіне қамалып ойбайлап жатыр.  Бодорв асылып өлерге арқан таппай алақтап жүр, удай мас. Қыз-қатыны өлген иттің басындай емшектерін салақтатып мұжықтардың бұтын сауып мәз. Қой, бұдан әріге бармайық. Прошкиндерде жоқ тек бізде бар. Қала берді бүтін бір ұлтты, ол ұлттың тарихын, мәдениетін, дәстүрін мансұқтап, мазақ ету, бұра тартып бұрмалау - түркі баласына жат нәрсе. Оның үстіне біз жақсыны жақсы деп, асылды жасықтан айыра білетін ұлттың ұрпағымыз. Сондықтан да шығар, орыс әдебиетіне, орыс киносына құрметіміз ерекше.

«Орданы» Прошкин фантазиялық кинокартина атапты. Оттайды. Оттайды деуімізге себеп - фантазия мен комедияның озық үлгісі  орыс киносында жетіп-артылады. Бірақ, Ресейдегі әйгілі режиссерлерден қалған ізгі дәстүр Прошкин байқұстың бойына дарымапты. Қайтеміз. Жанымыз ашиды. Әлгі бейбақтың дарынсыздығына  емес, орыс киносының  осыншалықты деңгейге құлдырағанына, құрдымға бет алғанына. «Иван Васильевич меняет профессию»  фильмін таспалап, фантазия мен комедияны қатар өргенЛеонид Гайдай сияқты ақсақалы бар орыс киносы Прошкин секілді сілімітікпен ауыз жаласқан «Православная энциклопедия» ұйымының ұйығына батып барады. Обал-ақ.

Прошкин қу «Орданы» тарихи деректердің ізіне түспей экранға алып шықтым» деп жақауратқанымен бір сұмдықты тап басқан. Ол сұмдық - «Ордада» жанарымен жан-жағына от шаша қарайтын Бердібек.

Бердібек - 1357 жылы ұлы хан Жәнібек өлгеннен соң мұрагерлікпен таққа отырған хан. Жәнібек ханның ұлы. «Нар мойыны кесіліп, Бердібек хан өлген жер» дейтін мақалдың кейіпкері осы - Бердібек. Бердібек іші тар, залым адам болған дейді көне күндердің кәуәсі ескі тарих. Залым хан тақты төңірегіндегі туыстарынан қызғанып бәрін баудай түсіреді. Ол туралы «Қазақ трихының әліппесі» атты деректі толғамында Мұхтар Мағуин «Бердібектен соң шынында да нар мойыны кесіледі, яғни Алтын Орданың негізін салған Бату ханның тұқымы құриды» деп жазады (М. Мағауин. 11 том, 14 бет). «Орданы» басынып ойнақтаған Прошкин Алтын Орданың іргесін шайқаған қорқау хан арқылы не айтқысы келгенін түсінетін шығармыз.  Бірақ дәл осы фильмге қатысты біз түсінбеген бір сөз бар. Ол сөз - Мемлекеттарихыинститутының директоры, профессорБүркітАяғанның сөзі. Прошкин аруағын қорлаған Жәнібекті қаралаудан Аяғанымыз да аянып қалмапты. "Апта.kz" сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркіт Аяған беті бүлк етпестен: «Мен "Орда" фильмінен қатты бір тарихи ауытқу көріп отырған жоқпын. Ол кезде адамдардың мәдениеті төмен болғаны рас. Жәнібек ханның образы дұрыс ашылған. Ол бір өзі әлсіз, даңққой адам болған сияқты!» -- деп лағееееп отыр. Меніңше болғандаой-санасы бүкір бүркіттер мен іркіттірге 1991 жылдан бері қарайғы тарихқа ешкім тимесе, жетеді. Басқасына бас қатырмайды. Сондықтан сайқымазақ Саша Коэннің «Боратынан»  өзге ол үшін намысқа шабатын дүние жоқ. «Мемлекет тарихына» жауапты адам «Бораттың» «боранына» ғана қалтырамай өткен-кеткенін тегіс меңгеріп қарай алса, «Прошкиннің бұл фильмі Қазақстанда көрсетілмеу керек!» деп мәселені тік көтерер еді. Өйтпейді. Өйте алмайды. Ендеше, соны біз айтайық. Мемелекеттік хатшымыз бар, Мәдениет және ақпарат министріміз бар еліміздегі кинотетарлардың басшыларына пәрмен етіп Прошкиннің көзін (өзін емес, әрине, фильмін) құрту керек. Осылай қарсылық танытпасақ орыс ойына келгенін істеп, ойранын сала береді.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2331
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653