Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1869 0 пікір 16 Қазан, 2012 сағат 07:24

Жандос Нұрмаметұлы. Еуразиялық парламент қажет пе?

 

Еуразиялық интеграция мәселесі қоғамымызда, әсіресе, еліміздің ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері арасында қызу пікірталас тудырып жүргені баршамызға белгілі. Өткен айда Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Еуразиялық одақтың заң шығарушы органы, яғни парламенті құрылатыны туралы хабар таратқан еді. 2012 жылдың 17 мамыр күні, Санкт-Петербург қаласында Қазақстан, Ресей, Беларус елдерінің парламент төрағалары арасындағы кездесуде Еуразиялық парламент құру мәселесі көтерілген болатын.

Ресейлік басылымдардың жазуына қарағанда кездесу барысында Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин: «Меніңше, аталмыш шара екі кезеңнен тұруы қажет. Әуелі Еуразиялық парламентаралық ассамблея құрып, барлық жағдайды қалыптастырып алу қажет. Содан кейін толыққанды Еуразиялық парламент құру мақсатын алға қойған жөн. Жоспар бойынша, ортақ парламенттік орган құру мәселесі енді 22 қарашада Санкт-Петерборда талқыланады. Жиынға ТМД және Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына мүше елдердің өкілдері қатысады. Ал Еуразиялық парламенттің өзі жоспар бойынша ең ерте дегенде 2015 жылы құрылады»- деген мәлімдеме жасап, мәртебесі ұлттық парламенттен жоғары Еуразиялық одақтың заң шығарушы органы құрылатыны шешіліп қойған мәселе екенін айтқан.

 

Еуразиялық интеграция мәселесі қоғамымызда, әсіресе, еліміздің ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері арасында қызу пікірталас тудырып жүргені баршамызға белгілі. Өткен айда Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Еуразиялық одақтың заң шығарушы органы, яғни парламенті құрылатыны туралы хабар таратқан еді. 2012 жылдың 17 мамыр күні, Санкт-Петербург қаласында Қазақстан, Ресей, Беларус елдерінің парламент төрағалары арасындағы кездесуде Еуразиялық парламент құру мәселесі көтерілген болатын.

Ресейлік басылымдардың жазуына қарағанда кездесу барысында Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин: «Меніңше, аталмыш шара екі кезеңнен тұруы қажет. Әуелі Еуразиялық парламентаралық ассамблея құрып, барлық жағдайды қалыптастырып алу қажет. Содан кейін толыққанды Еуразиялық парламент құру мақсатын алға қойған жөн. Жоспар бойынша, ортақ парламенттік орган құру мәселесі енді 22 қарашада Санкт-Петерборда талқыланады. Жиынға ТМД және Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына мүше елдердің өкілдері қатысады. Ал Еуразиялық парламенттің өзі жоспар бойынша ең ерте дегенде 2015 жылы құрылады»- деген мәлімдеме жасап, мәртебесі ұлттық парламенттен жоғары Еуразиялық одақтың заң шығарушы органы құрылатыны шешіліп қойған мәселе екенін айтқан.

«Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды» дегендей, бұл жаңалықтың «дүмпуі» көрші елдің баспасөзін ғана шулатпай, біздің де бұқаралық ақпарат құралдарына жетіп, жұртшылықты дүрліктіріп жібергендей болды.

Осы жиынға еліміздің сөзін ұстап барған делегацияның мүшесі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының хатшысы Ерлан Қарин «Время» газетіне берген сұхбатында: «Еліміздің парламент депутаттарынан тұратын делегация Қазақстан, Ресей және Беларус парламентарийлері бас қосқан кездесуге қатысты. Бірақ, ол жерде негізінен қазіргі интеграциялық құрылымдар шеңберінде парламентаралық әріптестікті одан әрі дамыту туралы әңгіме болды. Дәлірек айтқанда, Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберіндегі Парламентаралық ассамблеяның мүмкіндіктерін пайдалану жолдары талқыланды» - дей келе, Нарышкин мырзаның пікіріне байланысты: «Еуразиялық парламент құру туралы әңгімеге Ресейдің қалауы деп қана қараған жөн. Оқтын-оқтын Еуразиялық парламент құру жөніндегі келісімдер болыпты-мыс деген тұрғыда әңгіме таратылып жүргенімен, шын мәнінде ондай ештеңе де жоқ. Еуразиялық парламент және өзге де осы сияқты идеялар интеграциялық процеске қатысушы басқа тараптардың стратегиялық мақсаттарында түбірімен жоқ. Соның ішінде, біздің еліміз мұндай мақсатты көздемейді. Жақын уақытта да, орта мерзімді перспективада да, тіпті болашақта да ондай парламент құрылмайды. Ресей тарапынан мемлекетаралық саяси құрылымдарды құруға деген талпыныс байқалатыны рас. Бірақ, шын мәнінде күн тәртібінде мұндай мәселелер жоқ және болуы мүмкін де емес» - деп өз ойын алға тартты.

Иә, шын мәнінде де. Кедендік одаққа мүше елдердің арасында болған күллі келіссөздердің ешбірінде айтылмаған «Еуразиялық парламент» идеясының аяқ астынан өзекті бола қалуы тіптен түсініксіз. Мұндайда қазақтың: «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деген тәмсіл сөзі ойға еріксіз орала береді екен, себебі елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «алдымен экономика, саясат одан кейiн» формуласы  осы күнге дейін еліміздің сыртқы саясатын айқындаудағы «алтын қазық» іспетті болғаны баршамызға мәлім. Сондықтан, Еуразиялық интеграцияны белсене қолдап отырған Қазақстан тарапы көбіне-көп экономикалық салаға ден қойып жүргені заман талабына сай, заңды құбылыс еді.

Мәскеуде осы мәселеге қатысты өткен тағы бір жиында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев: «Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың саяси кеңістігін қалыптастыру үшін әуелі оның экономикалық мәселелеріне жіті мән берген жөн. Парламентаралық органның тұжырымдамасына қатысты меморандум жобасын әзірлеу әлі ерте, қазіргі таңда парламентаралық қарым-қатынас институттарын дамытуға күш салу керек» - деген мәлімдеме жасады. Делегаттар алдында сөз сөйлеген Мәулен Әшімбаев, сондай-ақ, Еуразиялық интеграция үдерістері әр мемлекеттің егемендігі, тәуелсіздігі және территориялық шекарасының мызғымастығы негізінде жүзеге асырылу керектігін «шегелеп» айтқан болатын. Осы тұрғыдан алғанда, Ресейлік әріптестеріміз асығыстық танытқан секілді. Мәселен, «Еуразиялық парламентті» былай қойғанда, Кедендік одаққа Қазақстанның мүше болуы осы уақытқа дейін қандай жемістер әкелгенін айтудың өзі ауыр. Кедендік одаққа кірерде «қабырғасы қатып, бұғанасы бекімеген» жас экономикамыздың Ресейлік өнімдерге бәсекелес болуға қауқары жетпейтінін алға тартып, қарсы пікір айтқандардың болғаны да есімізде болар. Шынында, бүгінгі күнге Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткішіне орта және шағын кәсіпкерліктен түскен салық үлесі бар болғаны 17% құрайды екен, ал Ресейде бұл көрсеткіш 40% құрап отыр, мұнымен қоймай, Ресей Президенті 2014 жылға дейін бұл көрсеткішті 60% жеткізуді меже қылып отыр. Сонда, Кедендік одақты үш мемлекетке ортақ нарық ретінде қарастырсақ, біздің кәсіпкерлердің күні не болмақ ?

Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың: «ТМД елдері парламентшілерін Еуразиялық парламент құруға үндеген Ресей Мемлекеттік Думасының спикері Сергей Нарышкин, "өзінің жеке пікірін айтқан болуы керек. Егер тағам өнімдерімен өзара саудаласу бойынша қойылған әкімшілік кедергілердің тізімін көрсеңіз, шашыңыз тік тұрар еді. Осындай жағдайда, Еуразиялық парламент туралы қалайша сөз қозғауға болады? » - деген  пікірі көкейге қонымды сияқты. Міне, бұл Кедендік одаққа мүше елдердің алдында тұрған кедергілердің бір парасы ғана. Осындай басқа да көптеген күрмеуі күрделі мәселелерді шешуге күш жұмылдырудың орнына Ресейлік әріптестеріміздің «парламент» құрамыз деп, желігіп жүргені көңілге күмән орнатады екен. Осы жағдайларды саралай келе: «Сонда олардың көкейін тескен не?», «Экономикалық ынтымақтастық па?», «Әлде басқа ма?» - дегендей заңды сауалдар туындайды.

Сөзімізді қортындылай келе, бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік экономикалық кеңістікке тереңінен интеграцияланған, әлемдік шаруашылық жүйесінің құрамдас бір бөлігі. Сондықтан, алыс-жақын көршілерімізбен қоян-қолтық қарым-қатынас орнатып, өсіп-өркендеуімізге жағдай жасау қажеттілігі заман талабына сай құбылыс. Бірақ  Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин мырзаның ұлттық парламенттен мәртебесі жоғары «Еуразиялық парламент» құру ұсынысы төтенше күрделі мәселе. Себебі, бұл жерде Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының мызғымастығы сөз болып отыр. Егер еуразиялық парламент құрылар болса баяғы кеңес үкіметінің кезіндегі орталықтан басқару саясаты қайта құрылып, ұлттық парламенттің пәрмені еуразиялық парламенттен төмен болатыны белгілі, бұл дегеніңіз ең маңызды шешімдер жоғарыдан қабылданады деген сөз. Сондықтан, еліміздің Кедендік одаққа мүше болуы оның егемендігі мен тәуелсіздігіне, сондай-ақ, Республикамыздың сыртқы және ішкі саясатын дербес жүргізу құқығына зәредей нұқсан келмейтін жағдайда жүзеге асырылады деген үміттеміз.

Алдағы маңызды келіссөздерде атқамінер азаматтарымыз «не бел кетеді, не белбеу кетеді» деген принципті мығым ұстанып, ел мүддесін Тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық тарихында болмаған ымырасыз тегеурінділікпен қорғаса деген тілек айтқымыз келеді.

Жақсыкелдинов Жандос Нұрмаметұлы

Мемлекет тарих институты

Еуразиялық және салыстырмалы саяси зерттеулер

бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1797
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1792
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1508
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1404