Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2038 0 пікір 12 Қазан, 2012 сағат 04:57

Қуандық Шамахайұлы. Бодандықтың буғауынан босадық па?

Тоқсаныншы жылдардың басында бейбіт жолмен тәуелсіздік алуымыз бізге тарихтың тарту еткен баға жетпес сыйы еді. Енді, көздің қарашығындай осы құндылығымызды әлдебір еуразияшыл одақтан, кремлдік жымысқы саясаттан ғана емес, жалпы сыртқы күштердің ықпалынан қорғау әр қазақтың абзал борышына әрі зор жауапкершілігіне айналып отыр. Өйткені, қазіргі алмағайып заманның өзі «жау жоқ жеме, жар астында» деген нақылды еске салып тұрғандай. Осы орайда, жаһанданудың күңгейіне ғана шуақтай бермей теріскей бетіне бір сәт көз жүгіртуіміз қажет секілді.

Адамзатты басқарудың барлық тетіктерін бір қолға шоғырландыруға тырысушылар XX ғасырда осы бір жаһандану дегенді ойлап тапқанымен оның түп негізі тым арыда жатқан көрінеді. Жалпы бүкіләлемді ашса алақанда, жұмса жұдырықта ұстағысы келгендер барлық тарихи кезеңде болды, әрине. Бірақ, оған озық ойлы елдер мен саналы халық жол бере қоймады. Отарлаушыларға тегеуірінді түрде қарсылық білдіріп, елінің тәуелсіздігі мен дербестігін қорғау жолында жан аямай күресті.

Қазіргі таңда жаһандану үрдісі өзінің отарлық саясатын «бостандық», «еркін нарық» секілді құлаққа жағымды естілетін сөздермен көмкеріп, өңін айналдыра бастағандай. Былай қарағанда мұның өзі де тыңнан түрен салған, бүгін ғана қолға алынып отырған әрекет емес.

Тоқсаныншы жылдардың басында бейбіт жолмен тәуелсіздік алуымыз бізге тарихтың тарту еткен баға жетпес сыйы еді. Енді, көздің қарашығындай осы құндылығымызды әлдебір еуразияшыл одақтан, кремлдік жымысқы саясаттан ғана емес, жалпы сыртқы күштердің ықпалынан қорғау әр қазақтың абзал борышына әрі зор жауапкершілігіне айналып отыр. Өйткені, қазіргі алмағайып заманның өзі «жау жоқ жеме, жар астында» деген нақылды еске салып тұрғандай. Осы орайда, жаһанданудың күңгейіне ғана шуақтай бермей теріскей бетіне бір сәт көз жүгіртуіміз қажет секілді.

Адамзатты басқарудың барлық тетіктерін бір қолға шоғырландыруға тырысушылар XX ғасырда осы бір жаһандану дегенді ойлап тапқанымен оның түп негізі тым арыда жатқан көрінеді. Жалпы бүкіләлемді ашса алақанда, жұмса жұдырықта ұстағысы келгендер барлық тарихи кезеңде болды, әрине. Бірақ, оған озық ойлы елдер мен саналы халық жол бере қоймады. Отарлаушыларға тегеуірінді түрде қарсылық білдіріп, елінің тәуелсіздігі мен дербестігін қорғау жолында жан аямай күресті.

Қазіргі таңда жаһандану үрдісі өзінің отарлық саясатын «бостандық», «еркін нарық» секілді құлаққа жағымды естілетін сөздермен көмкеріп, өңін айналдыра бастағандай. Былай қарағанда мұның өзі де тыңнан түрен салған, бүгін ғана қолға алынып отырған әрекет емес.

Ертеде ежелгі Мысырдағы құпия білім мен маңызды мәліметтерін сақтаушылар әлем елдерінің сауда-саттық қатынастарын біртіндеп иеліктеріне алу тәсілін қолданып, мәдени байланыстарды өз мүдделері мен мақсаттарына сай икемдеп алып, басқаруға болатынын түсінген көрінеді. Солардың мұрагерлері болып табылатын қазіргі Батыс елдеріндегі қаржылық элита өкілдері өздерінің шынайы мақсаттарының ішкі сырларын жасыру үшін ғана жымысқы әрекеттеріне «жаһандану» деп ат қойса керек. Онымен де шектелмей түрлі елдер мен мемлекеттердің қоғамды басқару жалпы ұстанымдарын, тәсілдерін жасап, аталмыш үдеріске басшылық етіп келе жатқаны қазіргі ақпараттық дәуірде ешкімге құпия болмай қалған...

Олай болса, жаһандану үрдісін тасада тұрып қалай басқаратындығының, оның кейбір тәсілдерінің қыр-сырларына тереңдеп үңілуге тырысайық.

Бәрімізге белгілісі, әрине, қару-жарақтың күшімен қырып-жою. Ықылым заманнан қолданып келген дәстүрлі қарулар: мылтықтың неше атасы, танк, бомбалаушы ұшақтар т.с.с. Тұрғындарын қырып-жойып, материалдық байлығын талан-таражыға салған соң бәрін өз иелігіне қаратып ала сала салады. Осы орайда, «Соғыс дегеніміз саяси мақсатты өзгеше тәсілмен жалғастырудың бір түрі» деп Карл фон Клаузевиц жайдан жай айтпаса керек.

Әлем тарихында ондай қанды қырғын соғыстар талай өткен. Тарихи кезеңдерде бүкіл бір елді, ұлтты жалмап, жаппай құлдыққа салуға ұмтылған, алдын ала жоспарланған соғыспен қатар түрлі айла-шарғылар да жасалып келді. Қазір де адамзат ондай зұлымдықтың құрсауынан құтыла алған жоқ. Бірі өзгенің жеріндегі байлыққа көз алартса, енді бірі елінің тәуелсіздігі мен дербестігін қорғап қалу үшін жанталаса қарулануға мәжбүр. Ақыры, екі жақ та қорғаныс саласына қыруар қаржы шығындап, экономикалық дамуды тежеп, кері кетуде. Ақыры, әр ел өзінің геосаяси жауларымен бірлесе бәсекелесіп жүріп, жер ғаламшарының күллі тіршілігін, адамзаттың барлық өркениетін тып-типыл ете алатын зор қуатты қару-жарақты ойлап тауып, ұстап отыр. Жай отырған жоқ, арасында түрлі сылтаумен әр жерде соғыс өртіп тұтатып та қояды...

АҚШ әскері Иракқа себепсіз басып кіріп, ол елден мистер Буш жаппай қырып-жоятын қару таппаған кезден бастап жұртшылық сырттан «экспортталатын» демократия атты құндылыққа күмәнмен қарайтын болған. Оған бұрынғыдай емес, отарлаудың құралы, белгілі бір елдің экономикасын әлсірететін, шикі зат нарығын тартып алудың амалы, дамушы елдердің халқын қаржы жүйесімен арбайтын «ми шырмаушы» идеология деп қарайтындардың қатары қазіргі таңда азаймай отыр. Демократияның қорғаны саналатын алып ел 16 триллион долларлық сыртқы қарызға белшесінен батып отырғанына қарамастан жылына шамамен 1 триллион долларды әскери күшке аямай-ақ шығындап отыр.  Оған шын мәнінде әлемнің барлық елдері бірігіп, бір жылда қорғаныс саласына жұмсайтын барлық қаражатты қоссаң да жетпейтін көрінеді.

Жарайды, жат елдің әскері басып кіріп жаулай алмасын делік. Бірақ, ел тұрғындарын қынадай қырып тастауға қауқарлы - геноцид құралдарын қайда қоямыз. Айталық, арақ-темекі, есірткі заттары, гендік өзгеріске ұшыраған азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек, тамақ дәмдегіш қосындылар секілді химиялық өнімдер. Оларға бүгінгілер ғана уланып қала берсе, рахмет айтарсың. Кейінгі ұрпағы үрім-бұтағымен тұқым қуалаған ауыр науқасқа шалдығып, иммундық әлсіруге ұшырап құрып бітпек. Сонда әлгі екінші соғыста бізден жеңіліп қалған Адольф Гитлердің «Шығыстағы варварларды тазалықтарынан ажырату керек. Оларды арақ-темекіге барынша үйір еткен жөн» деген өсиетінің қалтқысыз орындалып жатқаны ма?!

Осынау геноцидтік құралдар арқылы яғни, спирттік ішімдіктер, есірткі заттары, кейбір вакциналары мен гендік өзгеріске ұшыраған жеміс-жидектерімен бүкіл бір ұлтты өзіне тәуелді етіп алып, жойып жіберуге қуаты жететінін аңғару аса қиын емес. Алайда, мұның бәрін қарапайым жұрт геноцидке ұшырататын қару-жарақ екенін қайдан білсін. Және ондай «улардың» көңіл көтеретін, стресті тарқататын, денсаулыққа аса пайдалы дүние іспетті БАҚ арқылы насихатталатынын қайтерсің. Ал, әлгі вакцинасын қатерлі ауруларға төтеп беретін қуаты бардай жалған уәжбен тықпалайды. Шын мәнінде онысының «сау басқа сақина» болып жабысатын пәле екені қазірдің өзінде қылаң беріп жатыр. Осылайша, іс жүзінде ұлттың гендік қорына нұқсан келтіретін, қазіргімен қоймай келер ұрпақтың тұқымын тұздай құртатын мұндай дүниелерді геноцидтік апат қаруы дегеннен өзгеше қалай атауға болады?!

Медалдың екі жағы болатыны секілді жаһанданудың да жағымды жақтарымен қатар кері тұстары жетерлік. Аталмыш «ірі жобаның» иелері адамзатты қолдан сусып шығып кете беретін қағаз ақшаның құлақ кесті құлына айналдырды. Ақшадан ақша тудыратындардың әлемдік жүйесіне енгізіп, жұтып қоюды көздеп келеді. Кезінде Амшель Ротшильд былай деген екен: «Маған белгілі бір елдің ақшаға жасайтын бақылауы мен билігін бере салсаң болды. Ал, ол жерде кімнің заң шығаратыны мүлде маңызды емес».

Отарлауды көздеушілер үшін расында, барлық адамды түгелдей қырып тастау маңызды емес. Құл ретінде жұмсайтын біреулер аман қалуы керек қой. Сондықтан, түрлі елдердің экономикасын олар өздерінің отбасылық, кландық мүддесіне лайықтау үшін жанталасып жатыр. Онысын әрине, кез келген жан түсінбестей етіп өте жымысқы түрде жүргізбек. Ол үшін әрине, арада доллар жүреді. Халықаралық валюта қоры, әлемдік банк секілді алпуыттар несиенің пайыздық өсімі арқылы да ойындағыларын орындап жатыр. Жалпы, осы банкир атты бампирлер өздері шөптің басын сындырмай-ақ несиенің өсімінің арқасында ақылға қонбайтын мол пайда тауып жатыр.

Ал, банктен алған несиенің құрсауынан халық өмір бақи тер төгіп еңбек етсе де құтыла алмайтын жағдайға жетуі құлдықтың кісені емей немене. Мұндай тетікті жүзеге асыру бір күндік шаруа емес екені мәлім. Сондықтан олар қоғам өмірінде жүзеге асырылуы неғайбылдау экономикалық теорияға бізді әбден сендірді. Бұрын маркизммен миымызды ашытқандары аз болғандай енді келіп еркін нарықтық экономика қағидаларын тықпалап жатыр.  Онысының астарына үңілсек, бүкіл қоғам, күллі жұртшылық несие алған-алмағанына, осынау құпия тетікті ұққан-ұқпағанына қарамастан  іс жүзінде экономикалық тұрғыдан өзгеге кіріптар болып, ат төбеліндей банкирлердің құлына айналып шыға келмек. Осындай мейірімсіз һәм жыртқыш жүйені енді келіп өзіміз асырап, баптап отырмыз.

«Дерек пен дәйектің өзін қалай көрсетіп, түсіндірсең солай көрініс табады» деген екен, герман ойшылы Фридрих Ницще. Иә, дін, идеология, ақпараттық технология, БАҚ арқылы адамдардың санасына елеулі түрде ықпал етуге болады және әркім өзіне қолайлы қоғамдық пікірді барынша ойдағыдай қалыптастыра алады.

Сол сияқты адам баласының ішкі ой-санасын, ұғым-пайымын зерттеп таныған соң оларды діни сенімнің көмегімен немесе өзге де әлеуметтік догматикалық қағидалар арқылы тасада тұрып та басқара беруге болатын көрінеді. Егер қажет деп тапса ішкі қайшылықтарды қоздыра түсуге, тапсырыспен атыс-шабыс ұйымдастыруға, шулы мақалалар жариялатуға дейін барады екен.  Тіпті, Мұхаммед пайғамбарды келеке еткен карикатуралар таратып, қасиетті Құранды өртеп, мұсылмандарды қаралаған фильм шығарып та халықтар арасында ши жүгіртіп жатқан жоқ па, қазір. Мұның бәрі сырттай қарағанда кездейсоқ дүние іспетті көрінуі ықтимал. Алайда, іс жүзінде олай емес, бәрі алдын ала ойластырылған саяси сценарий.

Таяу Шығыс пен Еуропада ислам мен христан дінді халықтар арасына от жағып,  әлемде жаңа соғыстың өртін тұтатуға әрекеттенетін күштердің пасық пиғылдары қазірдің өзінде аңғарылып тұрғандай. Мұндай сәтте адамдардың санасын жаулап алып, өзіне қажет бағытқа қарай бұрып жіберуге ең қолайлы ұтымды қару - телевизия арналары екендігі мәлім. Негізінде, БАҚ атаулының абзал борышы - шынайы жағдайды айна қатесіз сол қалпында халыққа жеткізу ғана. Алайда, өкінішке қарай телевизия саласына ақша аямай шашып отырған олигархтар оларды «арбасына мінгізіп алып, өз әндерін шырқатып» қоятын тұстары да баршылық.

Шығыс халықтарында «Келешекте ірі қателікке ұрынбау үшін өткеніңе үнемі бұрылып қарап жүр» деген даналық сөз бар. Олай болса, белгілі бір халықтың тарихын қайта өңдеп жазу, тарихи санасын жою да отарлаудың орасан сұрқия саясаттарының бірі.

Өз отанының шынайы тарихын ұмытқан адам түп тамырынан ажыраған ағаш секілді болары хақ. Егер толықтай бір халық, іргелі бір ел өз тарихын ұмытып, жат жұрттық зерттеушілердің зорлықпен мойындатқан тарихына сенсе не болады? Халықтың тарихын белгілі бір мақсатпен идеологиялық тұрғыдан бұрмалап, өзгертіп жазған жағдайда сол елдің болашағы міндетті түрде өзгереді деген заңдылық бар. Одан да бәлкім, тарихи сабақ алуымыз керек шығар.

Жалпы, жат жұрттық отарлаушылар өздеріне аяқ-қол болатын құл-құтандарын белгілі бір елдің ішінен тауып, саяси сахнаға шығаратыны белгілі. Олар міндетті түрде алдымен елінің төл тарихын шет жұрттағы отаршы қожайындарына пайдалы етіп, өзінің қолайына икемдеп бұрмалайды. Ол үшін кейбір тарихи деректерді әдейі бүркемелейді, сызып тастайды, енді бірін зорайтады, халықтың санасын улап, адастыруға тырысады. 1990 жылдан бері жазылған тарихымыздың халы нешік. Жарыққа шыққан оқулықтар мен оқу құралдарын ерінбей салыстырып көре салсаңыз, еріксіз түрлі ойдың жетегінде кетесіз.

Алайда, ең сорақы қасірет жат жұрт идеологиясының жетегінде кеткенін, солардың ықпалына түсіп, жымысқы әрекеттеріне қолшоқпар болып жүргенін билеушілердің өздері де сезбейтіндігі. Дегенмен, адамдардың соның ішінде тарихи тұлғалардың өткеннен сабақ алмайтыны, сол үшін болашақ оны аяусыз жазалайтынын ұмытпаған абзал.

Шығыс халықтарының тағы бір даналық сөзінде «Бір елді толығымен өзіңе қаратып басып алу үшін жеткіншектері мен жастарын өзіңнің ығыңа жығып, тәрбиеле» делінген екен. Мұнысы, жастардың ұлттық дүниетанымын  күрт өзгертуге бағытталмақ. Егер дүниетанымымыз бен көзқарасымыз ұлттық сипаттан толық ажырап, тек материалдық құндылықтарға ғана бас ұратын халге жеткен болсақ, онда кері қайтуымыз қиынға соғады. Ұлттық санамызға қайта оралудың арқасында ғана құлдықтың құрсауынан, бодандықдың бұғауынан босауымызға болады. Олай болмаған жағдайда адамзат тарихындағы жер бетінен ұлт ретінде қарасын батырған халықтардың қайғылы шырғалаңын біз де кешетін боламыз. Мұндай бейшара халге түскен сорлы халық отарлаушы жауларының мүддесін өздерінің қалыпты өмірінің құрамдас бөлігі деп шатасып, сол режимді өлердей қорғаштайтын көрінеді. Мысалы, 200 жылдан астам  Ұлыбританияның отарында болған Үндістандағы әлеуметтік кастыны алайық.  Бүгінде 300 миллионға жуық адам қайыршылық деңгейде өлместің күнін көріп отыр. Оларды «адам төзгісіз каст» деп атайтын көрінеді. Сол қауымның дүниетанымы бойынша олардың кедейшілігі маңдайға жазылған тағдыр, қоғамдағы бірден бір мүмкіндіктің өзі осы ғана. Мұндай көзқарасты нық орнықтырудың өзі шын мәнінде қылмыс. Халықтың дүниетанымының өзі олардың өмірін бірнеше буынға дейін осылайша бағыттап тастаған.

Қазіргі таңда қоғам өмірінде екі түрлі дүниетанымдық көзқарас анықталып отырғанын ғалымдар алға тартады. Оның бірі - калейдоскоп (жиынтық құрақтардан тұратын) сипатындағы дүниетаным. Адамдар түрлі оқиғалар мен шынайы дерек, ақпараттар ағыны ортасында өз орнын таба алмай бейберекеттікке ұрынуы. Олардың пайымынша, әрбір тың ақпарат пен оқиға, көрініс атаулы адамның миын одан ары балшыққа айналдырады. Ондай жағдайда адамдардың айналасын қалай сезініп, қабылдауы бейне бір әйнектің жаңа сынығын калейдоскопқа енгізгендей және онысы барлық ұғым мен пайымды өзгертіп жібергендей болатын көрінеді.

Екіншісі, мозаика (өз ретімен толықтай көру) сипатындағы дүниетаным. Мұндай көзқарастағы адамдар айналасындағы оқиғаларды өзара сабақтастырып, біртұтас сипатта көре алады. Барлық мәселені себеп-салдарымен кешенді түрде қабылдай алады. Олар үшін белгілі бір оқиғада кездейсоқтық болмайды, шынайы өмір мен оқиға бұрын-соңды қалыптасқан ұғым мен пайымды айқындаушы фактор.

Алайда, өкінішке қарай қазіргі таңдағы ақшаға табынған «өркениет» қоғамда калейдоскоп сипатындағы дүниетанымның кең өріс алуына ықпал етіп отыр. Омар Хайям былай дейді: «Әлемдегі барлық көріністердің ішкі сипаты тым арыда жатады. Сондықтан, көзге көрініп тұрғаны аса маңызды емес, керісінше, бүкіл құпиясы мен шынайы сырын ішіне бүккен түпкі мәніне үңілу парыз».

Олай болса, қоғамдағы әрбір тетікті саналы түрде түсінгенде ғана түрлі жағымсыз ықпалдарға қарсы тұра аламыз. Дәл қазір біз үшін санқилы ақпарат ағынына ұлттық ділімізбен төтеп беріп, оған қарсы тұра аламыз ба, әлде, бодандықтың бұғауынан босай алмай құл болып қала береміз бе деген таңдау тұр. Саналы түрде дұрыс таңдау жасау үшін зор жауапкершілік пен терең біліктілік керек.

"Abai.kz"

0 пікір

Үздік материалдар