Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3170 0 пікір 20 Шілде, 2009 сағат 20:46

Юрий ЛАЗУРКО: Мен қазақ тілін білгенім үшін неге артық ақша алуым керек?

Қазір туғалы қазақ жерінде қалың қазақтың ортасында жүрсе де, мемлекеттік тілді меңгеру үшін үкіметтен артық ақша дәметіп жүргендер аз емес қой. Тіпті ондайларға күн сайын үйренген әр сөзіне «қаламақы» төленіп те жатыр. Ал Атыраудың атырабында жүріп, ешкімнен артық ақша сұрамай-ақ, қазақ тілін жетік меңгерген Юраның әңгімесін қаз-қалпында жариялағанды жөн көрдік. Тіпті бұған пікір айтудың өзі артық.

- Қазақ жерінде дүниеге келдім, қазақ балаларының ортасында өстім. Сондық­тан маған «қазақ тілін қай­дан үйрендің?» деген сауал­дың қойылуының өзі артық деп ойлаймын. Әкемнің тегі - украин, нағашы жұр­тым - орыс. Ата-анам қазақша түсінгендерімен, жарытып сөйлей алмайды. Көзімді ашқаннан көрші тұратын кіндік шешемнің тәрбиесінде болдым. Қазақта мақал бар ғой, «Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық» деген. Сол үйдің балаларымен ойнадым, кіндік шешем мені ұлтың өзге деп бөлген жоқ, өз ұлдарын қалай көрсе, маған да соны үйретті.
Кішкене кезімізде ауыл балалары болып «қойкезекке» шығатынбыз. «Қойкезек» біздің балалығымыздың бір тәтті көрінісі болып жадымызда қалды. Мектепті орысша бітірдім. Қызық болғанда, күнделігімде орыс тілі мен әдебиетінен қаздай тізіліп «үштіктер» тұратын да, қазақ тілінен бестен өзге баға алмайтынмын.

Қазір өнер жолында жүрмін. Репертуарымдағы әннің бәрі қазақ тілінде. Оқушы кезімнен ән айтып, сахнаға шыға бастадым. Менің өнерімнің өрістеуіне 1991 жылы «Әнші балапан» байқауы негіз болды.
1995 жылы әскер қатарына қабылданып, Президент оркестрінде ән айттым.
Кейін өзім туып-өскен Индер ауданында жүрген кезімде облыс орталығына қызметке шақырды. Облыстық халық шығармашылығы орталығында қызмет етемін. Бірнеше байқауларға қатыстым. Жүлдесіз қайтқан кезім болған емес. Бұл да - қазақ әніне деген сүйіспеншілігімнің бағаланғаны. Әсіресе, Абайдың әндері жаныма жақын. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегізаяқ»...

Бір-екі жыл бұрын Астанада мемлекеттік тілді қолдау саясатының айналасында фестиваль болып өтті. Сол жерде қазақ тілін дамыту керек деп жүрген азаматтардың өздері ресми тілде сайрап жүр. Бұл менің намысыма тиіп, «Өзіңіз қазақ тілін қолдаймыз деп шара ұйымдастырасыз да, өзіңіз орысша сөйлейтініңіз қалай?» деп қалып едім, «Бұл Атыраудың адамдары осылай тікесінен айтады» деп жылы жымиып құтылып кетті. Ал менің ішімде ыза қалып қойды. Мемлекеттік тілді қолдау саясаты көзалдау болмаса екен. Өйткені бұл күнге қазақ оңай жеткен жоқ қой. Өз жерінде өз тілін өркендетуге толық еңбек сіңірді.

Мен үшін қазақтың кең жазира жерінен артық жер жоқ, қазақтан артық ел жоқ.

Көзіммен көргенімді айтайын, 1994-95 жылдары біздің Индер ауданындағы орыстар, украиндар жаппай тарихи Отандарына көше бастады. Жай көшсе бір сәрі, барған  жерлеріне «қазақтар күн көрсетпеді» деген сынды әңгімелер ала барған. Сірә, «елімізге келдік, енді жақсы тұратын боламыз» деп ойласа керек. Арада екі жыл өтті ме, өтпеді ме, шамадандарын жинап, Қазақстанға қайта қоныс аударды. «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?» Кетерде үй-күйлерін сатып кеткен, енді әлі күнге жағдайларын дұрыстай алмай жүргендер бар. Сондайларды көріп, «қазақты жамандап, еліңе барғанда, не опа таптың? Қазақтың адал пейілі мен ақ наны жібермейді» деймін.

«Қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдеріне басымдық берілуі керек және еңбекақыларына сол үшін үстеме қосу керек» деген де әңгімелер шықты бір кездері. Мен осыны түсіне алмай-ақ қойдым. Мен қазақ тілін білгенім үшін мемлекеттен артық ақша алады екенмін де, орыс тілін, неміс тілін бақайшағына дейін меңгерген менің қазақ досымның қолы бұған жетпейді екен. Егер шынымен осы тектес заң қабылданатын болса, бұл ұлтаралық қайшылыққа әкелуі мүмкін деп ойлаймын. Қайталап айтайын, қазақтың нанын жеп, суын ішіп отырған адам, мейлі қай ұлттан болсын, Абайдың тілін құрметтеуге міндетті және сол үшін қандай да болсын басымдық алуға тиіс емес.

Өзімнің қазақтармен тілім ғана емес, дінім де бір дей аламын. Құдайға сенемін. Көп болмағанмен, жылына бір - екі рет мешітке барамын. Мынадай қызық болған. Алматыда бес жыл тұрдым. Райымбек даңғылының бойында Райымбек бабаның мазары бар. Бірде автобусқа міндім. Кісі лық толы. Сығылысып, әйтеуір, аяқ іліктіріп тұрмыз. Ойымда ештеңе жоқ, қорым көрсе, бет сипамай өтпейтін ауыл баласының әдетімен бабаның басына келе берген мезетте қос қолымды әзер дегенде шығарып, «бісміллә» деп бетімді сипадым. Айналамдағы адамдар жын көргендей шошып кетті. Сірә, «айдаладағы орыстың Райымбек бабада не шатағы бар?» деп ойлады ма? Бәрі сырылып кетті де, тар орын кәдімгідей кеңіп қалды. Үрке көз тастап тұрған жанарларға қарап: «Құдайым, қыстырылып тұрғанымды көрген екенсің ғой» деп қойдым. Отбасымда әкем мен шешем бар. Туыстарым Украинада, Ресейде тұрады. Қарындасым қазақша еркін сөйлейді, қазақтың келіні. Қазақтың салт-дәстүрін бір кісідей білемін. Ырым-нанымына дейін сақтаймын. Жасым отызда. «Үй болып, отау көтерсем» деген ойым да жоқ емес. Алла қаласа, қазақтың бір қызын шаңырағыма түсіріп, отбасын құрсам деймін. Ал тойды кәдімгідей қазақша өткіземіз: сырға салу, беташар, қазақша жоралғылар жасаймыз.

Жазып алған Бақытгүл БАБАШ, Атырау

«Жас қазақ» газеті, №28, 17.07.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2107
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2520
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2214
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625