Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2884 0 пікір 17 Шілде, 2009 сағат 12:50

Ләззат Кемелбаева. «Оралман» емес, отандассың, бауырым!

Ашығын айтайық, көп ағайын оншалықты қабылдай қоймаған «Оралман» термині бүгінде «ескірді». Осы тіркесті «жағымды» сөзбен ауыстыру мәселесі көптен көтеріліп жүрген-ді. Алайда «төбеден» төпелеп тапсырма берілмеген соң, әп-әдемі бастаманың соңы сиырқұйымшақтанып, «үні шықпай» қалған болатын. Елбасы тапсырмасы енді осы мәселеге қайта «жан бітірді». Уалихан Қалижан бастаған мәжілісмендер «көнерген» терминге лайықты атау тауып, жұрт талқысына ұсынды.
«Көші-қон туралы» Заңға сәйкес халықаралық «Репатриант» терминін тілімізге икемдеп, «Оралман» атауымен ауыстырған болатынбыз. Осылайша оралман түсінігі алғашқыда шекарадан өтіп, елге оралған қазақ ұлтының өкілдеріне арнайы мәртебе беріп, мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақы, өтемақы сияқты жекелеген жеңілдіктерді алу мақсатында айтылатын уақытша атау болып қарастырылды. Бұл ұғымның астарында Монғолиядан көшіп келгендерді – «монғолдар», Қытайдан келгендерді – «қытайлар», сол сияқты «өзбектер», «қырғыздар» болып аталып кеткен қандастарымызды шеттетпей, оларға бірауыздан «оралмандар» деп қарап, жақын тартуға мүмкіндік берген-ді. Бірақ бүгінде бұл термин жергілікті халық пен көшіп келген бауырластардың арасына «сызық» салып, екі топқа бөлетін ұғымға айналды.

Оралман атауын өзгертуге тікелей Елбасының өзі мұрындық болып, лайықты термин табуға пәрмен берген-ді. Осыған орай депутат Уалихан Қалижан соңғы кездері тіл сүрінетін тіркесті «этникалық отандастар» терминімен ауыстыру жөнінде бастама көтерді.
– Бұл әбден пісіп жетілген мәселе-тін. Ресейде отанға оралған орыстарды «отандастар» дейді. Бізге де «оралман» атауын өзгертетін уақыт жетті. Қазіргі айтылып жүрген қандастар, бауырластар тіркесін ауызекі тілде айтсақ жарасады. Алайда заңдық тұрғыдан бұл сөз «этникалық отандастар» болып айтылуы тиіс, - деп мәселені төтесінен қойған әріптесін сенатор Әділ Ахметов те қолдап:   
– «Қытайда жүргенде қазақ едік, отанға оралып «қытай» атандық» деген бауырларымыздың өкпе-назын жиі еститін болдық. Сондықтан сырттан келген ағайындарымызды алаламайтын әдемі атау керек-ақ. Рас,  «этникалық отандастар» сөзі айтуға шұбалаңқы болғанымен, кейін келе «этникалық» деген тіркес бәрібір тілдік қорымыздан түсіп қалады. Ал «оралманға» қарағанда «отандас» сөзі әлдеқайда жылы естіледі. Ендеше мұны қолдау керек. Бастысы, «отандас» термині арқылы қандастарды кемсіту де, өгейсіту де жойылады, - деген пікірін алға тартты. 
«Отандас» сөзіне жылышырай танытқандардың қатарында Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразкүл Асанғазықызы да бар. «Әрине, «оралман» термині кезінде өз міндетін мінсіз атқарды. Бірақ кейін келе таразының басын шеттету «салмағы» басып кеткен атауды «отандас» тіркесімен алмастыруды қуана құптаймын. Өйткені шеттегі ағайындарымыздың армандағаны да осы Отан емес пе?! Сондықтан оларға «Отан» сөзі жақын», - деп талқыға түскен жаңа атауға «бүйрек бұратынын» білдірді. 
Дегенмен, бұл пікірді қос қолын көтере қолдаушылармен қатар, қарсылық танытушылар да жоқ емес. Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Жантас Жақыпов «Оралман» атауын алмастыруға лайықты «Отанды», «Құтпан», «Жұрағат», «Елдар» және «Табысқан» деген бес түрлі нұсқаны ұсынып: «Осылардың ішінде «Елдар» сөзі жүрегіме жақын», - деп жұртшылықты осы нұсқаны назарға алуға шақырды.
Ал Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Заң институтының Тілдік дайындық кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шапағат Жалмаханов:
– Кеткен адам ғана қайта оралады. Олай болса, «оралман» атауын өзгертуге еш негіз жоқ. Тіпті болмай бара жатса, халықаралық «репатриант» терминін қалдыру керек, - деп «отандасқа» үзілді-кесілді қарсылығын білдірді. 
Осылайша, депутаттар ойлап тапқан «отандас» тіркесі ғалымдарға ұнаңқырамай тұр. Олар «оралман»-ның орнын басатын атаудың тілге жеңіл, айтуға оңай, «айшықты» сөз болуына екпін қойып отыр. Алдымен халық талқысына ұсынылып, сонан соң сұрыптау сатыларынан өтетін тіркес әлі талай талқыланады да. Бастысы, бұл сөзге қарапайым жұртшылық не деп үн қосар екен?

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2113
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2224
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1629