Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 9008 0 пікір 17 Шілде, 2009 сағат 12:48

Серік ҚАРАБАС. ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ, ТУҒАНДЫ БИДЕ ИМАН ЖОҚ

«Бұл хатты мен қылмыстық іс жабылғаннан кейін емес, керісінше дәл қазір тергеу амалдары басталған уақытта сіздердің газеттеріңіз арқылы жалпақ жұртқа жариялауды жөн көріп отырмын...», - деп жазады жең ұшымен жалғасқан құқық қорғау орындарының заңсыз әрекеттеріне іші удай ашыған жәбірленуші Оразкүл СҮЛЕЙМЕН. Жемқорлық пен қылмыс жайлаған мына қоғамнан әділдік сәулесін іздеп сотпен де, отпен де арпалысқа түскен «ҚАЗАҚСТАН» оқырманының бастан кешкен қылмыстық детективке бергісіз оқиғалары елдегі шен тағып шіренген құзырлылардың қарапайым халықты шаққан шыбын құрлы көрмейтіндігін, заңға бағынбай жүген-құрықсыз бет-бетімен кеткендігін аңғартады. Ал енді сонау Қарағанды облысы Сәтпаев қаласынан ат шалдырып жеткен үшбу хаттағы айтылған әңгімеге қысқаша тоқталайық.

Ішкі істер министрлігінің құрамына кіретін мамандандырылған күзет басқармасында күзетші («Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған мен Сәтпаев қалаларындағы мүліктерін күзетеді) болып қызмет ететін Оразкүл Сүлеймен 2008 жылдың 15-ші шілдесінде кезекті ауысымнан шыққан соң, әдеттегідей қаладан 40 шақырым жердегі Ұлытау ауданына қарасты Жезді ауылында тұратын қарт анасына көмектесуге барған. Ауылдың тірлігі белгілі ғой, мал-жан, қора-қопсы, жем-шөп дегендей таусылып бермейтін шаруалар.

«Бұл хатты мен қылмыстық іс жабылғаннан кейін емес, керісінше дәл қазір тергеу амалдары басталған уақытта сіздердің газеттеріңіз арқылы жалпақ жұртқа жариялауды жөн көріп отырмын...», - деп жазады жең ұшымен жалғасқан құқық қорғау орындарының заңсыз әрекеттеріне іші удай ашыған жәбірленуші Оразкүл СҮЛЕЙМЕН. Жемқорлық пен қылмыс жайлаған мына қоғамнан әділдік сәулесін іздеп сотпен де, отпен де арпалысқа түскен «ҚАЗАҚСТАН» оқырманының бастан кешкен қылмыстық детективке бергісіз оқиғалары елдегі шен тағып шіренген құзырлылардың қарапайым халықты шаққан шыбын құрлы көрмейтіндігін, заңға бағынбай жүген-құрықсыз бет-бетімен кеткендігін аңғартады. Ал енді сонау Қарағанды облысы Сәтпаев қаласынан ат шалдырып жеткен үшбу хаттағы айтылған әңгімеге қысқаша тоқталайық.

Ішкі істер министрлігінің құрамына кіретін мамандандырылған күзет басқармасында күзетші («Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған мен Сәтпаев қалаларындағы мүліктерін күзетеді) болып қызмет ететін Оразкүл Сүлеймен 2008 жылдың 15-ші шілдесінде кезекті ауысымнан шыққан соң, әдеттегідей қаладан 40 шақырым жердегі Ұлытау ауданына қарасты Жезді ауылында тұратын қарт анасына көмектесуге барған. Ауылдың тірлігі белгілі ғой, мал-жан, қора-қопсы, жем-шөп дегендей таусылып бермейтін шаруалар.

Ауыл сыртындағы қырға қозы-лақтарды жайылымға айдап салып, үйге қайтып келе жатқан Оразкүлдің алдынан Минск мотоцикліне міңгескен сол ауылда тұратын ДҮЗБАЕВтар отбасының ағайынды екі баласы жолығады. Ерігіп жүрген екеу кейіпкеріміздің Құтжол деген итін ызаландырып, қайта-қайта мазасын алады. Қаны қайнап кеткен ит мотоциклдің соңынан арсылдап жүгіріп, артында отырған кіші Дүзбаевтің аяқ-киімін тістеп шешіп тастайды. Олар дереу тоқтай қалып иттің артынан айқайлап қуа жөнелген, ол аздай «Мына итіңе неге ие болмайсың...» деп аузына келгенін айтып балағатқа басқан. Жерде жатқан бөтелкенің сынығын қолына алып қарсы ұмтылған. Иесіне қауіп төнгенін көрген Құтжол Дүзбаевтің үлкенін шалбарының балағынан тістеп құлатқан. Алайда, жерде құлап жатып неше түрлі боқтық сөздерді қардай боратқан ол, Оразкүлге оңдырмайтындығын айтып қоқан-лоққы жасайды. Айтқандай-ақ, кешке қарай қырдағы қозы-лақтарын үйге айдап келуге шыққан Оразкүлді ауылдан 300 метрдей жерде «Мицубиси» мәшинесіне мінген ағайынды Дүзбаевтар мен олардың анасы Айнамкүл МҰҚЫШЕВА қарсы алады да, сол арада соққыға жығады. Адуында Айнамкүл оның кеудесінен басып отырып алып, алқымынан ала түссе, үлкен ұлы бас-аяқтан сау-тамтық қалдырмай тепкілей жөнеледі. Иесінің өміріне қауіп төнгенін сезіп тағы да көмекке келген Құтжол болмағанда, арашалауға тырысқан Оразкүлдің апасы Сәбира мен жиені Мөлдірдің шамасы бойына «жын билеген» Мұқышеваны тоқтатуға келмей жатқан. Әбүйір болғанда иттен сескенген олар дереу мәшинелеріне отырып тайып тұрған. Нәтижесінде, қатты қылғындырудың салдарынан Оразкүлдің кеңірдек шеміршектері сынып, дауысы шықпай қалады. Өне-бойы көкала қойдай боп жараланады.

«Жергілікті жердегі аймақтық полиция қызметкерімен айтысып жүріп сот медицициналық сараптама (судмедэкспертиза) қаулысын шығартқыздым, 16.07. 2008 ж. медициналық сарапшы маманға жарақаттарымды көрсетіп, стационарға емделуге қағаз алдым. 17.07. 2008 ж. стационарлық ем алуға бара жатқанда тыныс алуым мүлдем нашарлап, жедел жәрдеммен жансақтау бөліміне түстім...», - деп баяндайды кейіпкеріміз бұл жайды.

Оразкүлдің айтуынша, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқан оны Мұқышева таныс дәрігерлер арқылы «20 күннен артық жатуға болмайды» деп, өтірік дауысын шығармай жүр деген желеумен кеңірдегінің сынғанын рентгенге де түсірткізбей 05.08. 2008 ж. тұрғылықты жердегі тіркеу бойынша амбулаториялық емделуге жібереді. Бір қызығы сол күні амбулаториялық ем алуға Сәтпаев қаласының ауруханасына барағанда, ондағы дәрігерлер ЕРЖАНОВ пен БОНДАРЧУК науқасты дереу рентгенге түсіріп, бас сүйекке қатты соққы тию салдарынан мидың зақымданғандығын, кеңірдектегі сақина тәрізді шеміршектердің сынғандығын, өңештің оң жақ бұлшық еттерінің жансызданып қалғандығын сол себепті дауыс шықпай тұрғанын (Афония) көрсетіп диагноз қояды. Және қайтадан стационарға жатып ем алуға жібереді, алайда бұдан еш нәтиже шықпаған соң, жолдамамен Қарағанды облыстық диагностикалық орталығына жібереді. Диагностикалық орталықтың мамандары БАТПАЕВ пен АҒАЖАНОВА сырқатты және бір мәрте рентгенге түсіреді. Қойылған диагноз - «Посттравматикалық Афония». Дәрігерлер мемлекеттік тапсырыс деген жердің астын сызып тұрып көрсетіп, облыстық ЛОР бөліміне стационарлық емделуге жібереді. Алайда, ондағы дәрігерлер «бос орын жоқ» деп сылтауратып Оразкүлді қабылдамай қойған. Амалсыздан ол Сәтпаев қаласындағы медициналық санитарлық бөлімге қайтадан ем қабылдауға жатады, бірақ мұнда оның сауығып кетуіне мүмкіндік болмағандықтан, жоғарыдағы дәрігер Бондарчук тағы да жолдама жазып беріп, Қарағанды облыстық диагностикалық орталыққа жібереді. Содан, әйтеуір екінші рет жолдама қағазбен келіп тұрған Оразкүлді қабылдамауға қорыққан ЛОР мамандары сырқатты 2008 жылдың 22-ші қыркүйегінен 7-ші қазанына дейін стационарлық емдеуге алады. Есесіне, ЛОР-дың ақ халатты абзал жандары Досқалиева мен Құзбаева бұған дейінгі дәрігерлер Ержанов пен Бондарчук, Батпаев пен Ағажановалардың түсірген рентген суреттерін, қойған диагноздарын өзгертіп жіберген. Кеңірдектің сынғанын дәлелдейтін суреттің көзін құртып, «Постравматикалық ларингит. Функционалды афония» деп шындықты бұрмалап диагноз жасаған. Неге дейсіз ғой, айтайық, өйткені олар әлгі Мұқышева деген әйелдің таныстары екен.

 

 

Мұқышеваның мұнысы қалай?

 


«Байтал түгіл бас қайғы» демекші, таяққа жығылған Сүлеймен мырза сырқыратып әкетіп бара жатқан сырқатын емдеуден басқа ештеңені ойламай ауруханада жатқанда, мына жақта өздері жасаған қылмыстарының орнын жуып-шаю үшін Мұқышеваңыз әртүрлі заңсыздықтарға барған сияқты. Хаттағы жазылған жайға жүгінсек, пысықай әйел істі тергеуге жібермей әкімшілік заң бұзушылыққа балап, екі жақтың да айыптарын 50-де 50-ге теңестіруге тырысқан.

«Мұқышева аймақтық полиция қызметкері Мырзабаевты ауруханаға жіберіп, «маған тергеуші келсін» деп жазған арызымды қабылдаттырмай, «олар арызды сотқа жазыпты, сен де солай етесің, керек болса сот Жапарова тергеуші жібереді» деп қояр да қоймай менің қолымнан сотқа арыз жаздырып әкетті», - дейді Оразкүл.

Сонымен қатар, жәбірленуші азаматтың жазған хаты бойынша, науқастың нақты диагнозы анықталмай жатып Мұқышева өзінің тамыр-таныстары арқылы сот медициналық сараптама қызметкерлерімен келісіп, 20.07. 2008 ж. «жеңіл дене жарақаты» деген қорытынды шығарып алады да, сот Жапарова мен Мұқышева істі «әкімшілік заң бұзушылық» деп өткізіп жібермек болған. Бірақ, арам неитті адамдардың бұл ойы іске аспай қалса керек, себебі Оразкүлді қабылдаған дәрігерлер Бондарчук пен Ержанов барлық диагнозды қойып, науқасты стационарлық емге жатқызуға жіберген.

Айта кететін бір жайт, біздің кейіпкеріміздің сөзіне қарағанда, оның інісі жұмыс бабымен сот мекемесіне барып жүргенде демалысқа кеткелі жатқан сот төрағасы БЕЙСЕНБАЕВтың Жапароваға: «Ана әйелдің, Мұқышеваның үстінен жазылған арызды мен демалыстан келгенше қайткенде қарап, құртатын бол» деген сөзін құлағы шалып қалған.

«Содан кейін Жапарова ініме қысым жасап, «ағаңды аурухандан шығарып сотқа алып келмесең, екеуіңді де құқық қорғау саласында мүлдем жұмыс істетпейміз», деп қоймаған соң амбулаториялық емге сұранып шығып, жиенім Мөлдір мен апамды ертіп қыркүйектің 2-ші жұлдызында  сотқа бардым. Сот Жапарова Мұқышева екеуімізді бөлмесіне жеке кіргізіп алып, татуластық деп жазасың әйтпесе өзіңді де, ініңді де ІІМ саласында жұмыс істемейтіндей қыламыз деп айқайға басты. Мұнымен келіспейтіндігімді айтып, қарсыласқанымда денсаулығым нашарлап есімнен танып қалдым», - деп жазады Сүлеймен мырза.

Оның айтуынша, осы сәтті пайдаланған Жапарова, Оразкүлдің апасын бөлмесіне шақырып алып жаңағы бар білетін үркіту-қорқытуларын айтқан, зәресі қалмай шошыған қарт ана жәбірленушінің атынан «Мұқышевамен татуластым» деп жазып берген. Мұны естіген Оразкүл соттың әрекетіне наразылық білдіріп, қасарысып тұрып алған соң, Жапарова, «бұл істі қыркүйектің 4-і күні қараймыз, сол күні келіңдер» деп шақырту қағаз берген. Алайда, кейіпкеріміз көрсетілген күні сот отырысы болмағандығын, оларды алдап соққандығын жазады. Дәлірек айтсақ, сот процесі шақырту қағазда белгіленгендей 4-і күні болмаған, себебі қыркүйектің 2-сі күнгі сотта екі жақтың адамдары татуласқандықтан, іс жабылған. Гәп қайда жатыр!

 

 

Тергеу амалдары терлетейін деп тұр

 


Бұнымен іс бітпейді. Ауруханадан жазылып шығып, жұмыс орнына қайтып оралған Оразкүлді қарсыластары әзірлеген тағы бір «сый» күтіп тұрады. «Қырсыққанда қымыран іріди» демекші, жұмыстағы отряд бастығы Жақыпбекова деген, Мұқышеваның жақын туысы екен. Ол кісі неше ай ауруханада жатып емделіп келген кейіпкеріміздің сырқатын растайтын қағазын қабылдамай, жұмысқа себепсіз қатыспады деген сылтаумен орнынан босатуға әрекет жасайды. Абырой болғанда полиция полковнигі П. КАРПЮК, ішкі істер орындарында өзі сияқты қызметіне адал, әділдікке қиянат жасамайтын жандардың бар екендігін дәлелдеп, Жақыпбекованы «орнына қояды». Оразкүл мен Мұқышеваның арасындағы жеке мәселеге араласуға қатаң тыйым салады.

Ал, сот Жапарова 2-ші қыркүйекте шығарылған соттың қаулысын Сүлеймен мырзаға он үш күн өткен соң ғана көрсеткен. Бұл шешіммен келіспеген жәбірленушінің 16-шы қыркүйекте жазған аппеляциялық арызын сот қабылдамай, бақылау (надзорный) арызын жазуға мәжбүрлеген. Оның үстіне демалыстан келген сот төрағасы Бейсенбаев етек-жеңін түрініп тастап, іске енді өзі кіріседі. Желтоқсан айының 22-сі күні хатшы қыз арқылы Оразкүл мен апасын алдап шақыртып алып, бақылау арызын қайтып алуға үгіттейді. «Бәрін өзім қатырамын» деп уәдесін үйіп төккен ол, арызды қайтару үшін не жазу керектігіне дейін көрсетіп берген. Онда: «менің Ұлытау ауданы №2 аудандық сотының Мұқышева туралы қаулысын бұзу жайындағы арызымды қайтаруыңызды сұраймын», - деп жазылған. Бірақ, сот төрағасы Бейсенбаевтың ойлағаны жүзеге аспай, бақылау арыз қайтарылмайды. Сөйтіп, Жапарованың өрескел заң бұзушылықтары әшкереленіп, облыстық сот аудандық әріптесінің әділетсіз шығарған қаулысын бұзған соң, Бейсенбаев істі тергеуге жіберудің орнына, өз қамқорындағы Мұқышеваға жалған құжаттар мен дәлелдер жинап алуға мүмкіндік туғызу мақсатында уақытты созу үшін қайтадан сот медициналық сараптамадан өтуге формальді түрде сырттай қаулы шығарған. Содан кейін барып қана іс тергеуге жөнелтілген.

«Енді тергеуші ҚҰЛЖАНОВ «медициналық сараптаманы Астанада өтесің» деген соң 04.06. 2009 ж. сонда бардық. Онда бізді қабылдамағаннан кейін Қарағандыға қайта келдік. Мен 50 беттік рентген суреттері бар амбулаториялық картамды қарағандылық сотмедсараптама дәрігері Рахманқұловқа қалдырып, шығып кеттім. Кетіп бара жатып тергеуші мен дәрігердің арасындағы әңгімеде Құлжановтың, «Андағы қағазда алған жарақаттар туралы көп айтылған, өтінемін Сіз көп жазбай-ақ қойыңыз, жақын арада Мұқышеваның өзі де кіріп шығады...» деген сөзін естіп қалдым. Бұдан кейін тергеудің әділ жүретіндігіне қайдан сенім болады», - деп қынжылады кейіпкеріміз.

 

 

Түйін сөз

 


Қазіргі күні осы іс бойынша тергеу шаралары өтіп жатыр. Бірақ, жәбірленуші Оразкүл Сүлеймен тергеуші мамандардың істі объективті түрде жүргізетініне күмәнмен қарайды. Сондықтан ол Бас прокурор Қайрат МӘМИ мырзадан аталмыш істі басқа ауданның немесе облыстың тергеушілеріне жүктеуді біздің басылым арқылы сұрап отыр. Бұның да өз жөні бар, естеріңізде болса, өткен жылы құқық қорғау орындарының құрығына ілініп, жазықсыз жапа шеккен жезқазғандық азаматтардың ісінде әділдіктің салтанат құруына сол кездегі Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми «ҚАЗАҚСТАН» газетіне тиісті материал шыққанда біліп, көмектескен-тін.

 

 

«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №29 (269), 16-шілде, 2009

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2105
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2210
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625