Сәрсенбі, 27 Қаңтар 2021
Жаңалықтар 1516 0 пікір 2 Қазан, 2012 сағат 09:42

Молдовада коммунистік рәміздерді пайдалануға тыйым салынды

Молдовияда коммунистік рәміздерді саяси мақсатта қолдануға тыйым салатын заң күшіне енді.

Жаңа заңды шілде айында елдің басқарушы коалициясы - "Еуропалық интеграция үшін" альянсы қабылдаған. Бірақ парламенттегі орынның үштен біріне ие оппозициялық Молдова коммунистік партиясы аталған заңды "антиоппозициялық" деп бағалап, қабылдануына қарсы болған.

Молдова коммунистік партиясының жетекшісі Владимир Воронин өз партиясының коммунистік рәміздер- орақ пен балғаны сақтап қалатынын және оны сақтау хақын иелену үшін Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына жүгінетінін мәлімдеді.

Бұдан өзге, шілдеде молдовалық депутаттар советтік басқыншылыққа арналған бірнеше мұражай ашуға және "Коммунизм қылмыстары" деп аталатын оқулық шығаруға шешім қабылдаған.

Дереккөз: аzattyq.org

0 пікір