Сенбі, 18 Мамыр 2024
3071 3 пікір 28 Ақпан, 2022 сағат 16:39

Украинадағы соғыс. Өзбекстан позициясы - бейтарап

Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың мәлімдеуінше, Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттері мәселесінде "Өзбекстан таразыланған, бейтарап ұстанымда қалады".

Еске салайық, бұның алдында Ресей президентінің баспсөз қызметі 25 ақпанда Владимир Путин Өзбекстан президентімен телефонмен сөйлескенін, Шавкат Мирзияев Ресей әрекетін түсіністікпен қабылдайтынын хабарлаған.

Шерзод Асадовтың айтуынша, Өзбекстан мен Ресей басшылары, екі ел арасындағы өзекті мәселелерден бөлек, Украина төңірегіндегі жағдайды да талқылады.

"Ресей президенті еліміздің басшысына арнайы операция туралы шешімге не себеп болғанын, оның қандай жағдайда қабылданғанынан хабардар етті. Өзбекстан басшысы болса жағдайды одан сайын ушықтырмай, оны реттеу жолдары табылатынына сенім білдірді", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы.

"Еліміз Ресеймен де, Украинамен де тығыз, достық қарым-қатынас орнатқан. Біз ауқымды аймағымыздың тұрақты дамуына, бейбітшіліктің сақталуына мүдделіміз. Келіспеушіліктер тек қана халықаралық құқық ережелері бойынша шешілуі тиіс", - деп мәлімдеді Шерзод Асадов.

Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанға қараған түні Украинаны "ұлтышлардан тазарту және демилитаризациялау" мақсатында арнайы әскери операция" басталғанын жариялады.

Украина президенті Владимир Зеленский жалпыұлттық мобилизация жариялады. Батыс елдері Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты жаңа санкциялар сала бастады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2140
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653