Сенбі, 18 Мамыр 2024
1706 0 пікір 28 Ақпан, 2022 сағат 16:27

SWIFT: Ресейді шектеу Қазақстанға әсер ете ме?

Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов ресейлік банктерді SWIFT-тен шығарып тастаудың салдары қандай болмақ? деген сұраққа жауап беріпті.

Әңгімені ең «қорқынышты» сұрақтан бастайық. SWIFT деген не? Бұл – банкаралық банк-тұтынушы, әлемнің барлық дерлік банктерінің ақша аудару, алмасу кезіндегі қауіпсіз әрі жылдам тәсілі болып саналады. Осы жүйенің көмегімен банктер шетелдік серіктестеріне шетел валютасын аудару, айырбастау бұйрықтарын жібереді, мәмілелерді растайды және клиенттер үшін кепілдік бере алады.

Жүйенің өзі ешқандай аударымдарды жүзеге асырмайды және қаражатты сақтамайды – бұл жай байланыс жүйесі. Ақшаны корреспондент банктер сақтайды. АҚШ долларында және барлық банкаралық есеп айырысулар американдық банктер арқылы өтеді.

Доллормен есептеп, шетел валютасын SWIFT-сіз жіберуге бола ма?

Иә, егер бұған тыйым салатын қосымша санкциялар болмаса. Қазір төлемдерді автоматтандырылған өңдеуден өткізетін болғандықтан бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп уақытты алуы мүмкін.

Санкцияларға кімдер ілікті?

Мемлекеттік ірі банктердің барлығы дерлік. Бұл толық SDN парағы (Ресейден тыс жерде доллармен саналатын барлық нәрсеге, тікелей немесе жанама түрде АҚШ-тың тұлғаларымен кез келген мәмілелерге тыйым салу), мысалы: ВТБ, ФК" Открытие", Совкомбанк, Промсвязьбанк және Новикомбанктің қазіргі жағдайы. Осы банктердің тұтынушыларының карталары Ресейден тыс жерде кез–келген валютада жұмыс істемей қалады, сондай-ақ Apple Pay мен басқа да аналогтардан өшіреді.

Сбербанкке бір ай ішінде USD-де корреспонденттік шоттарды жабу тапсырылды. Карталар қазір жұмыс естеп тұр, бірақ ол өз клиенттерінің АҚШ долларындағы сыртқы аударымдарына бір айдан кейін қызмет көрсете алмай қалады. Ресей ішінде бәрін доллармен реттеу керек.

Шағын шетелдік банктер мемлекеттік банктерден тыс брокерлік шоттардың күйіне түседі. Жеке санкциялар тізіміне кірмейтін клиенттердің шетелдік ақшалары ешқашан бұғатталмаған. Тіпті ВТБ - да. Олар осы жағынан қарағанда әлдеқайда сенімді болып көрінеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2140
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2324
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653