Сенбі, 18 Мамыр 2024
Билік 3084 9 пікір 28 Ақпан, 2022 сағат 16:00

Санкция: Ресей ұтылып, Қазақстан ұта ма?

Ресей әуе кеңістігінің жабылуы Қазақстан үшін тиімді болмақ. Осыған байланысты Қазақстан әуе жолдарынан айына $1,5 млн таба алады екен. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақпарат берді.

Министрліктің болжамы бойынша, Ресейге қатысты санкциялар еліміздің аэронавигациялық қызмет көрсету саласына қаржылық қысым көрсетпейді.

"Еуропадан Қытайға және оңтүстік-шығыс Азияға Оңтүстік бағыт бойынша рейстер санының артуынан Қазақстан айына $1,5 млн көлемінде қосымша табыс табуы мүмкін", – дейді ИИДМ.

"Әуе кеңістіктерінің жабылуына байланысты Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан және Парсы шығанағы елдеріне транзиттік ұшулардың басым бөлігі қазір Еуропаның оңтүстік бөлігінің дәліздері арқылы орындалып жатыр. Осы ретте әуе қозғалысының бір бөлігі Қара теңіз аймағынан Қазақстанға қайта бағытталды. Соңғы тәулікте еліміздің әуе кеңістігі арқылы жоспарда жоқ 257 рейс жасалды", - деп хабарлады министрлік.

Ведомствода әуе қозғалысын ұйымдастыру бойынша бірқатар арнайы шаралар қарастырылғанын атап өтті. Олар: қосымша секторлар ашу, кезекші ауысымдарды күшейту және азаматтық-әскери үйлестірудің өзара іс-қимылы, түзетілген және балама бағыттарды ұсыну, ҚР әуеайлақтарына қонуды орындайтын кемелер үшін әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат беруді жеңілдету және басқалары.

Қазіргі уақытта 32 мемлекет Ресейге әуе кеңістігін жауып тастады.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2140
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653