Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1771 2 пікір 28 Ақпан, 2022 сағат 13:20

АҚШ азаматтарын дереу Ресейден кетуге шақырды

Мәскеудегі АҚШ елшілігі америкалық азаматтарға Ресейден дереу кетуге кеңес берді.

Америкалық дипломаттар Ресейдегі АҚШ азаматтары қолжетімді коммерциялық рейстерді пайдаланып тезірек қайтуы керек деді.

"Көп авиакомпаниялар Ресейге және Ресейден келетін рейстерді тоқтатып жатыр, ал көптеген елдер ресейлік әуе компаниялары үшін әуе кеңістігін жауып тастады. АҚШ азаматтары әлі де қолжетімді коммерциялық опциялар арқылы Ресейден дереу кету мүмкіндігін қарастыруы керек", - делінген елшіліктің сайтында.

Елшіліктің мәліметінше, Украинадағы америкалықтарға, қауіпсіз жолды қарастырып елден шығуды ұсынды. Мемлекеттік департамент Польша, Молдова, Венгрия, Румыния және Словакияға өтуге кеңес береді.

Елшілік америкалықтардан "АҚШ үкіметінің көмегін қамтымайтын іс-қимыл жоспарын" ойластыруды сұрады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2315
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651