Сенбі, 18 Мамыр 2024
2253 0 пікір 28 Ақпан, 2022 сағат 10:52

Бізге Путиндік Ресей емес, Пушкиндік Ресей керек!

Бұл сөзді 2014 жылы қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек айтып еді. Алматыда Ұлттық кітапханада маған Қазақстанда тұңғыш рет Ресей Халықаралық Жазушылар одақтары қауымдастығының Сергей Есенин атындағы сыйлығы – «Алтын Күз» орденін тапсыру салтанатында Ресейден келген жазушыларға қарата: "Бізге Путиндік Ресей керек емес, Пушкиндік Ресей керек!"-деген еді.

Бір қызығы Есенин сыйлығын маған белгілі украин жазушысы, М.Шолоховтың әйгілі “Тынық Донын” украин тіліне аударған Владимир Середин табыс етіп еді…

Шамасы, Ресей президенті Владимир Путин өзінің бір кезде айтқан белгілі сөзін ұмытып қалған сияқты. Ол Кеңес одағын қайта қалпына келтіруге ұмтылу туралы сұраққа: "Кеңес одағын қайта орнатқысы келгендердің жүрегі бар, бірақ миы жоқ" деген еді...

Тағы шайқала бастағанның миы да шайқала бастайды. Бұны Путинннің кейінгі кезде Тәуелсіз мемлекеттерге тас лақтыра берген арандату сөздері анық айқындап берді. Яғни, Путиннің өзі өзінің кезінде айтқан әйгілі сөзінің кейіпкеріне айнала бастады...
Оны Тәуелсіз Украинаға басқыншылық шабуылы да айқын көрсетуде.

Тарихта қандай ел болсын, тек Отанын қорғауда, яғни әділетті де, қасиетті соғыста ғана жеңіске жететіні айқын! Ал украин ағайындарға Ұлы Отанын қорғауда Ұлы Жеңіс тілейміз!

Қазыбек Иса

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2140
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653