Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2005 1 пікір 25 Ақпан, 2022 сағат 15:03

Бозымбаев, бізге сапалы жарық қашан беріледі?

Алматының дәл Іргесінде тұрып, жарыққа жарымай отырмыз. «Алтын орда» базарының қасындағы, Апорт сауда орталығының артындағы 4-ші Квартал тұрғындары жарықтан да, жолдан да әбден мезі болды. Бұл елдімекен қазір нағыз қылмыстың ордасына айналды. Мұнда ұрлық-қарлық, тонау, топ болып төбелесу тіптен жиілеп кетті. Бүгінде бұл жақты халық 13-ші район, яғни, «криминалды аймақ» деп атайды. Жұртшылық арасында осы «бұзық аймақ» атанған мекенге қашан көңіл бөлесіңдер, әкімдер?!

Сапалы жарыққа қол жеткізе алмай жүргенімізге он жылдан асты. Бізге жарық жекеменшік трансформатордан беріледі. Оған екі есе (1кВт-ына 32 теңге) қымбат тарифпен ақы төлеп келеміз. Жай күнде қуаты аз жарық жел тұрып, жаңбыр жауса, мүлдем өшіп қалады. Қаншама электр техникаларымыз істен шықты. Кредитке алған холодильник, телевизор, компьютерлеріміз күйіп кетті. Жарыққа жарымай отырған елдімекенде интернет туралы айтудың өзі артық. Қашықтықтан оқуға көшкелі балалардан береке кетті.

Әйтпесе, көшеміздің басында мемлекет тарапынан бағаналар орнатылған электр сымдары тартылған. Яғни, мемлекеттік трансформаторға жалғанған сапалы жарық дәл қасымызда тұр. Өкініштісі сол, Іргелі ауылының әкімі Абылай Ысқақов та, Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев та бізді осы тиіп тұрған мемлекеттік сапалы жарыққа қосуға мойын бұрар емес.
Бұған дейін біз көршілермен бірігіп қаражат жинап, бетон бағаналар орнаттық. Электр сымдарына дейін сатып алдық. Енді тек әкім қаралардың рұқсатымен мемлекеттік сапалы жарыққа қосылу ғана қалды. Осының өзін қос әкім жасамай отырғаннан кейін басқа не деуге болады? Жергілікті әкімдер шайнап берген асты жұта алмаса кімге ренжиміз? «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасынның» керін келтіріп отырған мұндай әкімдерге қашанғы төзе беруге болады?!.

Айтпақшы, айта кетейін, біздің жеріміз ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған жер емес. Жеріміздің мемлекеттік актісі тұрғын үй салу үшін берілген. Сондықтан әкім қаралар небір сылтау айтып, халықты алдағанша, мәселені дер кезінде шешуге мән берген жөн. Енді «халық үніне құлақ асатын жаңа мемлекеттің» бір облысына болыс болған Бозымбаев қарапайым халықты боздатып жібермей, керісінше, болысса дұрыс-ақ болар еді...

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653