Сенбі, 18 Мамыр 2024
2644 0 пікір 25 Ақпан, 2022 сағат 12:40

Ресей әскері Чернобыль АЭС-ін басып алды

24 ақпан күні кешкісін Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының аймағы (АЭС) ресейлік әскерилердің бақылауына өтті. Бұл туралы Reutersагенттігі Украина премьер-министрі Денис Шмигалға сілтеме жасап хабарлады.

"Барынша күрескенімізбен Чернобыльді біз бақылаудан шығарып алдық. Бұрынғы атомэлектр станциясындағы нысандар, конфайнмент және атом қалдықтары сақталған орындардың қазіргі жағдайы белгісіз. Ресейліктердің шабуылдарынан кейін АЭС қауіпсіздігі жөнінде сөз айту қиын. Бұл Еуропа үшін ең қауіпті", - деді ол.

Осының алдында Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің оккупациялық күштері Чернобыль АЭС-ті алуға әрекет жасап жатыр деп мәлімдеген. Зеленский 1986 жылғы трагедия қайталанып кетпеуі үшін украин әскерлері жанын беріп жатқанын, егер ол жерде қандай да бір оқиға орын алса, бүкіл Еуропаға зардабы тиетінін ескерткен.

1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом станциясында жарылыс болды. СССР басшылығы бұл оқиғаны алғаш жасырып, кейін 31 адам қайтыс болды деді. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кемінде 9000 адам қаза тапты деген. "Гринпис" ұйымы бұл оқиғаның салдарынан 200 мың адам қайтыс болды деп есептейді.

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасс тұрғындарын "геноцидтен қорғау үшін" "арнайы операция" басталғанын жариялады. Путин Украинаны "әскерсіздендіреміз" деді. Осыған дейін Кремль Украинаға басып кірмейміз деп келген еді.

Украина тарабы Киев, Харьков, Днепрге ракетадан шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Украина шекарашылары Беларусь әскерилері де Ресей әскеріне көмектесіп жатқанын мәлімдеді. Бірақ Александр Лукашенко мұны жоққа шығарды.

Украина билігі Ресейдің шабуылынан кемі 40 әскери қызметкер қаза болғанын хабарлады. Қаза тапқандар мен жараланғандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646