Сенбі, 18 Мамыр 2024
Қауіп еткеннен айтамын 6468 4 пікір 24 Ақпан, 2022 сағат 13:34

Путиннің жол картасы: Беларусьтен кейін Қазақстан...

Польшаның «Defence 24» басылымы: «Путиннің жол картасы: Беларусьтен кейін Қазақстан» атты мақала жариялапты. Онда «Мәскеу Қазақстандағы өз позициясын нығайта отырып «Ресей одағын» құру процесін жалғастырады»,- деп жазылған.

«Нұр-Сұлтан мен Минск мысалдары көрсеткендей бір сценарий қайталанып жатыр»,-  дейді мақала авторы. Ресей қоңырқалта көршілеріне осылайша өзі ғана көмектесуі керек екенін ұқтырады.

Максимилиан Дура деген поляк сарапшысының мақаласын қазақ оқырмандарына ұсынамыз...

Ресей Қазақстанды бағындырудың әрі «Ресей одағын» құрудың ұзақ мерзімді процесін бастады. Бәрі де  Беларустегі сияқты «көмек көрсету», «қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету» деген сөздерді желеу етіп, әскери күшін араластырып, әскери ынтымақтастықты арттырудан басталды.

Қазақстан Парламентінің жоғарғы палата мүшелері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы 10 жылға арналған шартты ратификациялау туралы заң жобасын бекіткен болатын. Оған 2020 жылғы 16 қазанда Нұр-Сұлтанда қол қойылды. Мұндай келісім 1994 жылы 28 наурызда қабылданған еді. Бірақ Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ойынша ол ескірген, сондықтан қазіргі заманға сай түзетулер енгізілуі қажет болған екен.

Ресейліктер келісімді 2021 жылдың мамыр айында жылдам ратификациялады, бірақ қазақстандық тарап мұндай құжаттардың арты не болатынын біліп, сәл кешіктіріп барып бекітті. Қазақстан «бұл ескі заңға толықтыру енгізу емес, мүлде жаңа құжат» екенін білді. Бұл құжат Ресейдің әскерін араластыруға көбірек құқық берді. Мысалы: Қазақстанның авторитарлық билігіне қоғамдық қарсылық бола қалса немесе елдің батысқа қарай бүйрегі бұра қалса Ресей әскері «дайын» тұратынын көрсетті.

Құжаттың кіріспесінен келіп шығады, онда келісімнің «мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірлік қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасау мүддесінде әскерлерді қолдануды бірлесіп жоспарлауда әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың басқа бағыттары бойынша өзара іс-қимыл жасауға» бағытталғанын көрсетеді.

Ресейлік БАҚ бұл келісім «жедел және әскери дайындық, бітімгершілік, әскери білім және ғылым, әскерлердің қызметі және оларды жан-жақты қамтамасыз ету, екі жақты нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, мәдениет, спорт сияқты салалардағы әскери ынтымақтастықты жүргізуге мүмкіндік береді» деп атады. Бұл өңірлік қауіпсіздік және әскерлерді бірлесіп қолдану мәселелері бойынша штабтық келіссөздер немесе консультациялар ұйымдастыруға, конференциялар, симпозиумдар, сондай-ақ жауынгерлік даярлық бойынша іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ресей мен Қазақстан «екінші тарапқа қарсы бағытталған барлау қызметін жүргізбеуді» міндетіне ала отырып, әскери барлау саласында ынтымақтастықты жалғастыратын болады. Бұдан басқа, олар «шарттың екінші тарапына қарсы іс-қимылды жүзеге асырғысы келетін үшінші тарапқа өз аумағын пайдалануға бермейді» , ал «тараптардың бірінің қауіпсіздігіне, тәуелсіздігіне немесе аумақтық тұтастығына қатер төндіретін жағдай туындаса» бір-біріне әскери көмекпен қоса, басқа да қажетті көмекті көрсетеді» деп айтылған.

Келісім әскери саладағы Ресей-Қазақстан үш жылдық стратегиялық серіктестік бағдарламасына сәйкес іске асырылатын болады. Бұл «әскери ынтымақтастықты кеңейту және одан әрі тереңдету үшін екі елдің қорғаныс ведомстволары басшылары орынбасарларының қолға алуымен консультация түрінде тараптардың қорғаныс саясатын үйлестіру жөніндегі өзара іс-қимыл тетігі пайдаланылады» дегенді білдіреді.

Қазір Қазақстан заңнамасына сәйкес Парламент мақұлдаған құжатқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қоюы тиіс. Бірақ, бұл жай ғана рәсім, өйткені ол 2022 жылдың 2 қаңтарында елде тәртіпсіздіктер басталған кезде Ресей әскерін көмекке шақырды және шеруге шыққандарды ескертусіз атуға рұхсат берді. Сол кезде жағдай біртіндеп ушығып, Алматы өрт құшағында қалды.

Мұндай жағдайда ылаңды кім салғаны маңызды емес, тек АҚШ, Түркия және батыс елдерінің араласуына мүмкіндігі жоқ Ресейдің басқаруындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы аясында Ресей әскерлерін елге кіргізуге сылтау табылды (оқиғалардың жай-жапсары оларды таңқалдырды).

Кремль мұны пайдасына жаратып,  басқа да көрші мемлекеттерге «Батысқа арқа сүйеуден ештеңе шықпайды, Ресей осылай ықпалын күшейте бермек» деген белгі берді. Беларуссияның және қазіргі Қазақстанның мысалы бір сценаридің ізін көрсетеді. Біріншіден, елдегі экономикалық жағдай Ресейге қарағанда төмендеу болуы керек, сосын жағдайды жақсартудың жалғыз жолы — Мәскеумен барынша тығыз қарым-қатынаста болу деген пікірге келеді. Сонымен қатар, Кремль көршілері азғантай бюджетімен ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын біледі де,  өзіне келіп көмек сұрайтынын пайдаланады. Ресей қару-жарақ бағасын төмендете отырып, көршілерін қару-жараққа тәуелді етуге тырысады, сонымен бірге әскери кадрларды ресейлік әскери доктрина рухында дайындайды. Бұл әрдайым ойдағыдай нәтиже бермейді, мысалы, Таулы Қарабақтағы соғыс кезінде Армения жағдайы көрсеткендей, бірақ қажет болса Армения қолбасшылығы Ресейдің жағына шығады. (Қырымда украин әскери-теңіз күштерінің «қолбасшысымен» болған жағдай сияқты).

Сценарийдің үшінші элементі – тек Ресейдің көмегі арқылы белгілі бір елдердің басшылығы «жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілік алмайды» деген әсер қалыптастыру. Тиіспеушілік кепілдігін беларусьтік басып алушы Лукашенко алған болуы мүмкін және осыған Қазақстанның бұрынғы президенті Назарбаев пен қазіргі президенті Тоқаев та сеніп отыр.

Ресей Украина оқиғаларының қайталануына жол бермеуге тырысады. Ол Беларусь пен Қазақстаннан кейін Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанды көздеп отыруы мүмкін. Көшеге наразылыққа шығу қайта-қайта болып тұрады да, Мәскеу соны шешуге кіріседі.

Айжан Темірхан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2139
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2316
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651