Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2912 7 пікір 24 Ақпан, 2022 сағат 12:39

Ресми жауап: Қазақстан Украинаға әскер жібере ме?

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының кулуарында спикер Мәулен Әшімбаев Украинадағы соғыс қимылдарына қатысуға қазақстандық бітімгершілік күштері жіберілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

"Бұл жағдайда біз мынаны ескеруіміз керек – Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының – ҰҚШҰ-ның мүшесі. Осыған байланысты қақтығыс аймағына қазақстандық бітімгерлерді жіберу мүмкін бе деген сұрақ туындайды. Бұл жерде де біздің ұстанымымыз айқын. Біріккен ұлттар ұйымының Жарғысы мен басқа да құжаттарға сәйкес, Қазақстан біздің бітімгершілік күштерімізді ҰҚШҰ елдерінен тысқары жерлерге тек БҰҰ мандатына сәйкес қана жібере алады.

Қақтығыс аймағы қатысушы елдердің аумағына кірмейді, сондықтан бізде осы шарттар мен ратификацияланған келісімдерге сәйкес, ҰҚШҰ шеңберінде бітімгершілік күштерді қақтығысқа жіберуге құқымыз жоқ. Бірақ қандай да бір жағдай туындап, БҰҰ-ның мандаты аясында БҰҰ деңгейінде шешім қабылданса, шешім болған жағдайда Қазақстан әлемнің кез келген нүктесіне бітімгершілік күштерін жібере алады",  -дейді Мәулен Әшімбаев.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661