Сенбі, 18 Мамыр 2024
Африкалықтың арманы... 2954 5 пікір 23 Ақпан, 2022 сағат 13:08

Утилалым: Қоғам жеңе ме, әлде олигархтар ма?

Елімізде утильалым дауы өршіп тұр. Бүгін, 23 ақпан, сағат 13:00-де тікелей эфирде «Хабар 24» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Скляр сөз сөйлейді. Сұхбат барысында утилизациялық алым коэффициенттерін төмендету мәселесі қозғалмақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент отырысында «ӨКМ Операторы» компаниясының жұмысын тоқтатуды тапсырғаннан кейін, Үкімет компаниясының қызметін тоқтатты және жаңа оператор ретінде мемлекеттік ұйымды белгіледі. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің сайтында хабарланды

«ӨКМ Операторы» компаниясының кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті құралдарға билік ету бөлігіндегі қызметі тоқтатылды. Утильалым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын орындау «Жасыл даму» компаниясына берілді» делінген хабарламада. Алайда әлі күнге дейін утильалымның жағдайы қалай болары белгісіз болып келді.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланысты бұл жеке компания Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 2015 жылы құрылды. Компания ақшаны утильалым үшін деп, есептен шығарылған автомобильдердің бөлшектері мен майларын, өнеркәсіптік қаптамаларды, кабельдер мен басқа материалдарды өңдеу үшін пайдаланалады деп түсіндірген.  Үкіметте кейінірек «ӨКМ Операторы» компаниясының 2016 жылдан бастап утильалымға жинаған ақшасы 691,9 миллиард теңге деп хабарлады.

Осы айғай-шудан кейін қаңтардың 26-сында «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев пара алды деген күдікпен тұтқындалып, елордадағы тергеу изоляторларының біріне қамалған болатын. Компания кейінгі жылдары шетелден көлік сатып әкелген жұртқа сол көліктің бағасына жетеғабыл салық салып, халықтың ашу-ызасын тудырған.

Азаматтық белсенді, кәсіпкер, утилизациялық алымдарға қарсы қозғалыс көшбасшыларының бірі Нұриддин Садықовтың еліміздегі авто өндірісі туралы пікірін ұсынамыз.

Бізге осындай «авто өндіріс» керек пе?

Нұриддин Садықов:

- Біздің еліміздегі ол «бизнес» — «автокөлік өндірісі» деп аталады. Иә, дұрыс оқып отырсыз, «өндіріс». Бірақ, бұл – сіз ойлап, көз алдыңызға елестетіп отырған конвейерінен минут сайын заманауи көліктер топырлап шығып жатқан үлкен алып зауыттар емес, өзгеше «өндіріс». Ол үшін не істеу керек?

Ең әуелі, «Мен Қазақстанды теңдессіз автогигант мемлекетке айналдырамын! Алпауыт зауыттар салатыным сондай, Германия мен Жапониялық зауыттар қолға су құюға жарамайтын болады, ал кәрістер тіпті, есіктен сығалай алмай қалады. Ол көліктердің жарты бөлігін құрайтын қосалқы бөлшектердің бәрін өзімізде жасаймыз. Қыруар жұмыс орнын ашып, елдің бәрін жүмыспен қамтып қарық қыламын!» деп жар саласың. Сосын, сол өтірігіңе өзің сенгеніңмен қоймай, сол елдің тұтас өкіметін сендіріп жібересің. Өкімет сенген соң, оның астауынан жем жеп отырған бүкіл БАҚ сүйінші сұрап, алаулатып-жалаулатып әкетеді.

Әлгі «сенің қолыңа су құюға жарамай жүрген» шетелдік компаниялардың бір-екеуінің құлағынан «Сенің өніміңді Орта Азияда, Еуразиялық Одақта өкіртіп сатам, пайданың астында қаласың!» деп құлағынан оңдырмай тебесің. Сөйтіп, оның өнімдерін жеңілдікпен алуға келісесің.

Ең басты «алданушы объектіні» сендірген соң, оны қалайда сенің шетелдік компаниядан 95 пайыз бүтіндей әкелген тауарыңды салықтан, кедендік рәсімдеуден, ҚҚС (НДС) төлеуден босатуға көндіресің. Тіпті, «ырым үшін» төлеген утилизациялық алымыңды сенің «өндірісіңе» қайтарымсыз субсидия ретінде қайтарып беруге келістіресің.

«Теңдессіз зауыт» салуға қалаған жеріңнен табиғи грант (натурные гранты) түрінде қалаған көлемде, тегін жер телімін аласың.

Cосын, «бөлшек күйінде» келетін автокөліктердің әрбір маркасының, әрбір моделінің сызбанұсқасын орташа 150 миллион теңгеден сатып алуға әлгі «салпаңқұлақтан» қайтарымсыз ақша аласың (себебі, сен әлемдік 22 марканың 167 моделін құрастырып жатсың ғой, бәрін есте сақтау мүмкін емес, түсінеміз).

Одан кейін, әлгі тегін алған атшаптырым жерге бір СТО көлеміндегі шағын ангар тұрғызасың да, шетелден бүтіндей келген көліктердің төрт дөңгелегін салып, MADE IN KAZAKHSTAN деген наклейка жапсырып, ұра бересің.

Сосын, әлгі шетелдік компаниялардың бір маркасының бір моделінің 30-40 данасын «құрастырасың» да, «жігіттер, че-то болмай жатыр, ренжімеңдерш» дейсің да, ол модельдің «өндірісін» тоқтатып, кезекті «лох» шетелдің компанияны көндіруге кірісесің (Себебі, ол жаңа объем, жаңа субсидиялар ғой).

Айтпақшы, арасында көз үшін кейбір маркалардың өмірін қолдан ұзартуға тура келеді. Ондай жағдайда, әлгі «сенгіш өкіметті» тағы да жағалайсың. Сөйтіп, оны Өндірісті дамыту қорынан ӨДҚ (Фонд развития промышленности) сенің «өнімдеріңе» ғана жеңілдетілген мемлекеттік бағдарлама арқылы 4%-дық жеңілдікпен несие беруге көндіресің.

Өлместің күнін көріп, өздігінен шет елден көлік әкеліп, бала-шағасын баққысы келіп жатқан жарлы-жақыбай мен майда-шүйде кәсіпкерлердің жолын кесу үшін, түрлі алым-салық пен шектеудің 77 атасын ойлап тауып, әлгі «отандық өнімді» қолдаудың «фанатына» ұсынып, соның көмегімен елде сенің өнімдеріңе дефицит тудырасың. Соның арқасында, қағаз жүзінде «отандық», іс жүзінде шетелдік өніміңді қалағаныңша қымбатқа сатып, төбеге шырт-шырт түкіріп жатасың.

Тіпті бұл пайда аздау болып жатса, жаңадан яхта, Монако мен Швейцариядан, Лондон мен Манхеттеннен вилла мен апартамент тіпті бір мұхиттан арал сатып алғың келіп жатса, ноу проблем. Әлгі «сенгіш крышаңа» тағы барасың. Сөйтесің де, оны әлгі ӨДҚ арқылы сенің керемет «өндірістік» бизнесіңе 0,1% — бен миллиардтаған теңге су тегін несие беруге көндіресің. Сөйтіп, тағы бірлі-жарым ангар мен СТО саласың да, Қытай ма, Африка ма, бір жақтан тағы бір екі «лох» шетелдік компания тартып, теңдессіз көлік «шығара» бастайсың. Оған ода жазу үшін біршама блогерсымақ пен сайттарға сүйек лақтыра саласың, вуаля! Әлгі «өте жоғары» пайызбен алған несиеңді қайтарғың келмей бара жатса, «сенгіш, көңілшек крышаңа» айтсаң болды, қайтармай-ақ қойсаң да болады. Себебі, сен «ОТАНДЫҚ АВТО ӨНДІРІП ЖАТСЫҢ» ҒОЙ!

Мінекей, достар, мен сіздерге ешқандай шығынсыз қалай бизнес жасауға болатынын көрсеттім. Сарказм стилінде жазылғанымен, біздің «отандық автоөндірушілер» осындай жеңілдіктерге ие болып, бізге «өзімізде құрастырылған» көліктерді өзгелерге қарағанда қымбатқа сатып отыр. Осы жерде заңды сұрақ туындайды. Бізге осындай «авто өндіріс» керек пе?..

Айжан Темірхан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2136
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2306
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1649