Сенбі, 18 Мамыр 2024
2323 3 пікір 23 Ақпан, 2022 сағат 12:54

Резников: Ресей КСРО-ны қайта орнатқысы келеді

Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников Кремльдің КСРО-ны қайта құрғысы келетінін айтады.  Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"Кремль Кеңес Одағын құруға тағы бір қадам жасады. Қол қойылған, мойындалған жерлерді бөліп тұрған жалғыз нәрсе бар. Бұл – Украина мен Украина әскері", – деді ол Ресейдің Донецк және Луганск Халық республикаларының (ДХР және ЛХР) тәуелсіздігін мойындауына берген пікірінде.

Резников алда ауыр сынақтар күтіп тұрғанын айтты.

"Шығын болады. Қиындықтан өтіп, іштегі уайым-қайғыны жеңуіміз керек. Бірақ біз жеңіске жетеміз. Себебі, біз өз жеріміздеміз әрі шындық біздің жақта,- деді Қорғаныс министрі.

21 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин ДХР мен ЛХР дербестігін тану туралы Жарлыққа қол қойды. Ол Сыртқы істер министрлігіне олармен дипломатиялық қатынас орнату туралы келіссөздер жүргізуді, ал Ресей Федерациясының Қарулы Күштеріне мойындалған республикаларда бейбітшілікті сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2136
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2306
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1649