Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2354 0 пікір 12 Қыркүйек, 2012 сағат 10:56

«Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік жауапкершілігі саласында прецедент жасады

Қор тобы компаниялары, оқу орындары және өңірлік білім басқармалары арасындағы үш жақты шарттар - бұл «Самұрық-Қазына» қорының дуальдік білім берудің орталықтандырылған жүйесін қалыптастыру бойынша келесім.

Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында оқытудың дуальдық жүйесін енгізу шеңберіндегі әлеуметтік әріптестік туралы үш жақты шарттарға қол қою салтанаты болды.

Ел басшылығы Ұлттық әл-ауқат қорына негізгі кәсіпорындардың тізбесін анықтау және жұмысшы кадрларды даярлаудың индустриялық жағынан дамыған озық мемлекеттерде - Германияда, Англияда, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда өзін жақсы көрсеткен дуальдық үлгісін енгізудің қадамдық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Қазақстандағы аса ірі жұмыс беруші бола отырып, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы Қор тобы компанияларының әлеуметтік жауапкершілігі саласында прецедент жасайды. Шаралар кешеніне теориялық базаны оқып-үйренуді қазіргі заманғы өндірістік технологияларды практикалық тұрғыдан белсенді игерумен тиімді үйлестіретін дуальдық білім беру жүйесін енгізу, барлық 16 корпоративтік оқыту орталықтарын жаңғырту, кәсіптер мен мамандықтардың толық тізбесін қоса алғанда, еңбек ресурстарын ұзақ мерзімді жоспарлау бойынша корпоративтік стандарттар құру, бірыңғай кәсіптік стандарттар мен салалық біліктілік шеңберлерінің үлгілерін қалыптастыру кіреді.

Қорда және ұлттық компанияларда жаңа өндірістердің дамуын ескере отырып, қазіргі бар және жоспарланатын жаңа кәсіптер үшін кәсіби стандарттарды әзірлеу қазірдің өзінде бірінші рет өткізіліп отырмағанын «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Ө. Шөкеев өз сөзінде атап көрсетті:«Осы бағыттағы жұмыстың алғашқыларының бірі болып «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы жүргізіп жатыр.  2009 жылдан бастап олар 300-ден астам кәсіби стандарттар әзірледі». Оның айтуынша, осы жұмысты Қор Білім және ғылым министрлігімен және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тығыз ынтымақтастықта белсене жалғастыратын болады.   «Әлемдік елдердің тәжірибесінен біз бір жұмыс орнын 20%-ға дайындаға арналған шығындарды арттыру бүгінде еңбек өнімділігін ертең  30-40%-ға арттыратынын білеміз», - деп атап көрсетті Ө. Шөкеев.

«Персоналды даярлау және оқытуды Қор шығыстар мен шығындар ретінде емес, қызметкерлердің еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін инвестициялар ретінде қарастырады, - деп жалғастырды Басқарма төрағасының орынбасары Қ. Бишімбаев. - Сондықтан Қордың Даму стратегиясында персоналды оқыту және даярлау таяудағы 10 жылға арналған шешуші міндет болып табылады».

Қор тобы компаниялары, оқу орындары және өңірлік білім басқармалары арасындағы үш жақты шарттар - бұл «Самұрық-Қазына» қорының Білім және ғылым министрлігімен экономика салаларын білікті мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмысы туралы меморандумға қол қою шеңберінде басталуы 2012 жылғы 29 маусымда болған Қазақстанда дуальдік білім берудің орталықтандырылған жүйесін қалыптастыру бойынша келесі қадам.

Орта-арнайы оқу орындарымен бірінші үш жақты шарттарға   «KEGOC», «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком» және  «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамдары қол қояды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2068
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2496
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2105
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608