Жұма, 26 Сәуір 2024
Күбіртке 7570 8 пікір 19 Ақпан, 2022 сағат 16:54

Құлыбаев ҚТЖ-дағы үлесін Ресейге сатпақ

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев Қазақстан темір жолындағы өз үлестерін Ресейге сатпақ деген ақпарат тарады. Бұл туралы «Орда» сайты жазды.

Қазақстанның ең ықпалды елу кәсіпкерінің көшін бастап тұрған Тимур Құлыбаев «Қамқор Локоматив» ЖШС-дағы өз үлестерін Ресейлік «Трансмашхолдинг» ЖШС-ға сатуды жоспарлап отыр-мыс. Енді осы жайлы рет-ретімен жазайық...

Тимур Құлыбаев өзінің «Joints Technologies» ЖШС компаниясы арқылы «Қамқор Менеджмент» ЖШС холдингінен үлес алып отыр. Ал жаңағы «Қамқор Менеджмент» ЖШС құрамына бақандай 9 компания кіреді екен. Олар:

«Қамқор Локомотив» ЖШС,

«Қамқор Вагон» ЖШС,

«Теміржол жөндеу» ЖШС-ның үш компаниясы,

«Теміржолэнерго» ЖШС,

«Локомотив 2030» ЖШС,

«Kamkor Service» ЖШС,

«ТЭК-Қазақстан» ЖШС.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС қамқоршылық кеңесінің құрамына Тимур Құлыбаевтан өзге Әлібек Құлыбаев та кіреді екен. Әлібек Құлыбаев Тимур Құлыбаевтың туысы әрі бұрынғы жеке көмекшісі.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС «Orda.kz» сайтының сұрауына жауап беріп, «жасалайын деп жатқан келісім құпия және ол туралы ақпараттар жария етуге жатпайды», депті.

Ресейлік «Трансмашхолдинг» ЖШС қазірдің өзінде бірнеше Қазақстандық темір жол компанияларының үлесіне ие екен. 2019 жылы Қазақстан темір жолы (бұдан әрі - ҚТЖ) «Тұлпар-Тальго» зауытын «Трансмашхолдинг Қазақстан» АҚ басқаруына берген болатын. Ал 2020 жылы жаңағы «Трансмашхолдинг» ЖШС Қазақтандық «Проммашкомплект» ЖШС-ның 50 пайыз акциясын иеленген. Олар темір жол ажыратқыштары мен темір жол доғалақтарын шығарумен айналысады.

«Трансмашхолдинг» - Ресейдегі ірі компания. Компанияның 79,4%-ы Ескендір Махмутов пен Адрей Бокарев дейтін кәсіпкерлерге тиесілі. Ал акционерлерді бақылаушылар – Директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Комиссаров пен копанияның Бас директоры Кирилл Липа дейтін адам. Ал компанияның 20 пайыз акциясы «Alstom» дейтін француз концерніне тиесілі екен.

Abai.kz

8 пікір