Дүйсенбі, 20 Қыркүйек 2021
Жаңалықтар 2232 0 пікір 26 Қыркүйек, 2012 сағат 06:48

Жолымбет Мәкішев. Еуропа ақылынан адаса бастады ма?

Қазір ислам дініне жала жауып, ардақты пайғамбарымыздың атына кір келтіретін пікірлер айтуға Еуропаның еті үйреніп кетті. Тіпті бұған дейін көпшілікке «көпмәдениеттілікті» күштеп танып келген Еуропа соңғы кездері бұл пиғылынан да бас тарта бастағандай. Өйткені кәрі құрлықта мұсылмандардың саны күн санап көбейіп барады. Жергілікті радикалдар көші-қон саясатының осы қырын талай жылдан бері қатты сынға алып келген болатын. Олардың осы талпынысы ақыры жеміспен аяқталып, Еуропа елдері енді кеш те болса бұған қарсы шаралар қабылдай бастады. Осылайша кәрі құрлықта Исламды қаралағысы келгендерге тағы бір мүмкіндік туды. Тіпті Франция сияқты мемлекеттер дінге қарсы жасалған мұндай шабуылдарды «демократияның белгісі» деп бүкіл әлемге ресми түрде жариялап жатыр. Әдеп пен арды азып-тозған демократияның қанжығасына байлап беріп, моральдың маңызын ұмыта бастаған Еуропаның бұл тірлігін «ақылынан адасу» демеске амал жоқ. Осы оқиғаларды ойша қорытсаңыз бұл кәрі құрлықтың соңғы ышқынысы сияқты көрінеді..Себебі дамудың даңғыл жолы ретінде ұсынылып жүрген батыс мемлекеттерінің Демократиясы өз мүмкіндігін сарқып бітті. Енді ол азғындық пен арсыздықтарды насихаттайтын құралға айналып барады.. Алайда олар бұнымен қоймай «дені дұрыс емес демократияларын» өзге елдерге тықпалаудан әлі де танбай келеді.

Уинстон Черчильдің «Демократия азаматтық қоғамның дамыған үлгісі бола алмайды. Біздің әзірге санамыз жетіп ойлап тапқанымыз осы ғана» деген тамаша сөзі бар..Осыны естен шығарған кәрі құрлық қазір шыныменде рухани дағдарысқа тап болып отыр. Өзін іштен іріте бастаған Азғындыққа атой салып қарсы шығудың орнына, бүкіл әлемге қожалық етуге ұмтылған жөйттердің қолжаулығына айналып барады.

Жөйттер демекші, қазір Еуропада Исламға қарсы шығу оңай шаруа болғанымен еврейлер  туралы жақ ашуға мүлде қақың жоқ. Тіпті Еуропаның кейбір елдерінде екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан еврейлердің санына күмән келтіретін пікір айтсаң  басыңа бәле тілеп аласың. Сондықтан батыс тарихшылары Холокост туралы әңгіме қозғалғанда аңдап қана сөйлейді. Егер бір жерде Холокосқа күмән келтіруге тыйым салатын заң қабылданбаған болса сионистік ақпарат құралдары бұл олқылықтың орнын толтыруға барын салады. Өйткені Еропада олардың қоғамдық пікірге қозғау салатын қарымы өте күшті. Бұлар өздеріне қарсы шыққан кез-келген адамды әп сәтте құбыжық қылып көрсете алады.

Қазіргі уақытта, Австрия, Бельгия, Канада, Чехия, Франция, Алмания, Венгрия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Голландия, Польша, Португалия, Румыния, Словакия мен Швейцария сияқты жаһанның 16 елінде Холокосты талқылауға заңмен тыйым салынған. Сионистік режимнің ықпалындағы бұдан басқа мемлекеттерде де Холокосқа күмәнмен қарау қылмыс болып саналады. Ал Еуропалық одақтың Нәсілшілдікке қарсы бағыталған заңнамасында ««геноцидке байланысты қылмыстарды» жоққа шығару немесе оған атүсті қарау  жазалау шараларына түрткі болады» деп атап көрсетілген. Осыған байланысты ЕуроОдақтың 27 мемлекетінде Холокосқа күмәнмен қараған адамның барлығы заң жүзінде қуғынға ұшырайды. Мәселен, 2010 жылы Венгрияда Холокосқа атүсті қарағандарды үш жылға дейін түрмеге тоғытатын арнайы заң қабылданды.  Австрияда нацистердің қылмысын жоққа шығарған немесе оны талқылауға тырысқан кез-келген адам жауапқа тартылады. Бұл елде Холокосқа сенбейтіндер өз өмірінің 10 жылын түрмеде өткізуі тиіс. Ал Бельгияда Холокосты жоққа шығарғандар сегіз айдан бір жылға дейін абақтыға қамалып, 5000 франк айыппұл төлейді. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады.

Дегенмен Холокосты жоққа шығаруға тыйым салушылық Еуропаның кейбір елдерінде қарсылыққа тап болуда. Айталық, 2007 жылы Испаниядағы соттардың бірі, елдің конституциясы холокост туралы заңды ресми түрде мойындай алмайтынын мәлімдеді. Ал Италия 2006 жылы еврей халқының геноцидін жоққа шығарғандарды төрт жылға түрмеге жабуға пәрмен беретін заңды қолданыстан алып тастады. Тіпті Ұлыбританияның өзі жергілікті заңның Холокосқа күмәнмен қарағандарды жазалайтын баптарын екі мәрте қайта қараған болатын. Соңғы жылдары Дания мен Швеция сияқты еуропаның өзге мемлекеттерінде де осындай бастамалар қолға алына бастады. Өйткені жоғарыда аталған елдердің барлығында күштеп танылған бұл тыйымға  қарсы шығып жатқандар өте көп. Қорыта келгенде Еуропа түбі өзінің ескі әніне қайта басатын секілді..Өйткені бүкіл әлемге қожалық етуге ұмтылған ұлттың аптығын басқысы келіп жүргендер кәрі құрлықта аз емес. Бір жағынан бұл мемлекеттерде мұсылмандықты қабылдағандардың саны да күн өткен сайын көбейіп келеді. Еуропалықтардың өз ішінде өсім жоқ. Сондықтан болашақта олар бұл мәселені  жергілікті мұсылмандармен бірлесе отырып шешуге тырысуы мүмкін. Себебі соңғы пайғамбардың үмбетіне бүйрегі бұратын Еуропалықтар көбейіп барады.

Соңғы ақпарға сенсек, енді 10 жылдан кейін кәрі құрлықтағы халықтың жартысына жуығын мұсылмандар құрайды екен. Дәлірек айтар болсақ, Еуропалық мұсылмандар! Осы мақаланың соңында пайғамбарымыздың айтқан бір өсиеті есіме түсіп отыр.

Бірде Алланың елшісі сахабаларынан былай деп сұрайды: «Бір бөлгі құрлықта, қалған екі бөлігі теңізде тұрған қаланы білесіңдерме?». Сахабалар «Иә, Алланың елшісі» деп жамырай жауап берді. Сосын пайғамбарымыз сөзін былай деп сабақтайды: «Ысқақтың 70 мың ұлы осы қаланы басып алмайынша ақырзаман орнамайды. Олар қаланы қарудың күшімен емес, «Лә Иллаһа ил Аллах, Аллаһу акбар!» сөздің күшімен алады. Осыны үш мәрте айтқанда қабырғаның үшеуі де құлап, олар қуанған күйде қалаға кіреді».

Жақыптың ұрпақтары дегеніміз Еуропалықтар. Ал бір бөлігі құрлықта, қалған екеуі суда орналасқан бұл қала Стамбұл шаһары болып табылады. Шамалы уақыттан кейін Еуропалықтардың көпшілігі Исламды қабылдап, Стамбұлды тағы бір мәрте қолға алатын тәрізді. Бұл қаланы әуелде түрік сардары Фатих сұлтан Мехметтің басып алғанын білеміз. Бірақ көп жылдар бойы дінімізге қорғаныш болып келген түріктер кейін өз ықпалынан айырылып қалғаны белгілі.  Пайғамбарымыздың өсиетіне құлақ ассақ, олардың орнын Исламды қабылдаған, дініне бекем Еуропалық мұсылмандар басатын сияқты. Егер тарихтың көші осылай жалғасса барлық нәрсенің Құдіреттің бақылауымен болып жатқанына анық көзің жетеді..Онда мұсылмандарға тек сабыр сақтау ғана қалады екен...

«Abai.kz»

0 пікір