Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2625 0 пікір 15 Қыркүйек, 2012 сағат 15:36

Неке отыруды ғаламтор арқылы жүзеге асыра аласыз

ҚР «Неке және отбасы туралы» кодексiнде тiркеушi органдар неке қиюды мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiленген нысан бойынша бiрлескен жазбаша өтiнiштiң негiзiнде жүргiзедi деп көрсетiлген. Неке қию Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тiркеушi органда жүргiзiледi.

Неке қию туралы өтiнiш тiркеушi органға жазбаша түрде немесе «Электрондық үкiмет» порталы арқылы электронды түрде қабылданады. Өтiнiштi қабылдау кезiнде тiркеушi орган неке қиюға ниет бiлдiрушi адамдарды некенi тiркеу тәртiбiмен және шарттарымен таныстырады, оларға болашақтағы жұбайлар және ата-аналар ретiндегi мiндеттерi мен құқықтары туралы түсiндiрiледi. Сондай-ақ неке кезiндегi және некенiң бұзылуы жағдайындағы мүлiктiк құқықтары мен жұбайлық мiндеттерiн анықтайтын неке шартын жасасу құқығы туралы хабардар етiледi.

Неке қию туралы өтiнiштiң электронды нұсқасы мемлекеттiк «e-gov» бағдарламасы арқылы қабылдануда.

Осы мәселеге тоқталсақ, биылғы жылдың 8 айында Шымкент қаласы бойынша «Электрондық үкiмет» порталы арқылы азаматтардан 166 неке қиюға өтiнiш қабылданып, тiркелдi.

Аталған қызметтi алу үшiн мiндеттi түрде электрондық сандық қолтаңба болуы қажет, оны «Электрондық үкiмет» порталынан немесе өзiңiз тұратын қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады. Интернет пайдаланушылар бүгiнде осы қызметтi түрлi қалалар мен мемлекеттерде жүрiп пайдалана алады.

Электрондық өтiнiштi беру үшiн порталда авторизациялау жүргiзiп, өтiнiштi толтыру қажет. Оған некеге тұратын адамдар туралы деректердi енгiзедi, электрондық сандық қолтаңба көмегiмен өтiнiшке қол қояды. Осылайша ұзақ кезекте тұрудың және мемлекеттiк органдарға барудың қажетi жоқ.

Өтiнiштi беру мемлекеттiк баж төлемi электрондық үкiметтiң төлем шлюзiнiң автоматтандырылған жүйесi арқылы iске асырылады.

Ж. УӘЛИХАНОВА,

Шымкент қалалық Әдiлет басқармасының АХАЖ бөлiмiнiң бастығы.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1448
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1295
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1050
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1104