Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2454 0 пікір 20 Қыркүйек, 2012 сағат 09:43

ОҢТҮСТІКТЕН ШЫҚҚАН КЕРУЕННІҢ БАҒЫТЫ - АСТАНА

Шымкент қаласындағы орталық ипподром маңындағы алаңнан қыркүйектiң 22-23 күндерi Астана қаласында өтетiн Оңтүстiк Қазақстан облысының жәрмеңкесiне орай ауыл шаруашылығы өнiмдерi тиелген жүк көлiктерi аттанды. Оларға сәттiлiк тiлеп, алыс сапарға шығарып салуға облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Б.Оспанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қ.Оспанбеков келдi.

-Жылдағы дәстүрiмiзге сай, Астана қаласына тарту ретiнде Оңтүстiктiң диқандары мен шаруалары өндiрген өнiмдердi жiберiп отырамыз. Мiнеки, биылғы жиын-терiм науқанында да 300 тоннадан астам өнiмдi Елордаға жөнелткелi жатырмыз. Оның iшiнде 50 тонна ет, 8 тонна сүт өнiмдерi, 58 тонна көкөнiс, 15 тонна картоп, 63 тонна бақша өнiмдерi, 60 тонна жемiс-жидек және азық-түлiктiң басқа да түрлерi бар. Жүк көлiктерiнiң бiраз бөлiгi тез бұзылатын өнiм артқандықтан жолға ертеректеу шығып кеттi. Қалғаны Жамбыл облысы аймағынан жолай қосылады, -дедi Берiк Серiкұлы.

Жалпы алғанда, шаруалар елiмiздiң бас қаласына 72 миллион теңгенiң өнiмiн апара жатыр. Диқаншылығы дамыған өзiмiздiң Оңтүстiкте өндiрiлгендiктен өнiмдер табиғи әрi таза. Астанадағы жәрмеңкеде шаруалар тауарларын нарықтағы бағадан 20 пайызға төмен сататын болады. Мақсаты пайда табу емес, елордалықтарға Оңтүстiк өнiмдерiнен дәм татқызу.

Елбасы саясатының, табысты жүргiзiлген экономикалық бастамалардың арқасында өңiрiмiздегi агроқұрылымдардың жағдайы жылдан-жылға жақсарып келедi. Бұрын шаруалар өз өнiмдерiн қайда өткiзерiн бiлмейтiн. Тiптi, iшкi нарықтың өзiнде сұраныс аз болатын. Бүгiнде Оңтүстiктiң өнiмдерi облысты қойып, Қазақстанның солтүстiк аймақтарына, тiптi сыртқы шетел нарығына жөнелтiлуде. Мәселен, жергiлiктi диқандар өсiрген көкөнiс, бақша дақылдары Ресейдiң Новосiбiр, Омбы, Краснояр қалаларына экспортталуда. Осыдан небәрi екi жыл бұрын мақтааралдық диқандар еккен қауындарын 15-20 теңгеден әрең саудалайтын. Ал, кешегi жазда оның келiсi сол Мақтааралдың өзiнде 35 теңгеден төмендеген жоқ. Себебi, бүгiнде ауыл шаруашылығы тауарына деген сұраныс жоғары. Биыл өсiрiлген өнiм көп болса да, бағасының арзандай қоймауы соның дәлелi. Бұған әлбетте, бiрiншi кезекте шекарадағы тосқауылдарды жойып, алыс-берiстi жеңiлдеткен Кедендiк одақтың оң әсерi тигенi анық.

Мiне, ауыл шаруашылығындағы, жалпы экономикадағы осындай жетiстiктердiң нәтижесiнде Астанадағы жәрмеңкеге жiберiлетiн өнiм түрлерi жыл санап артып келедi. Мәселен, облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Б.Оспановтың айтуынша, былтыр Елорда тұтынушыларына 25 тоннаға жуық төрт түлiк мал етi ұсынылса, биыл оның көлемiн екi есеге ұлғайтыпты. Осы орайда, бас қалаға бет түзеген «Тоқтар» шаруа қожалығының төрағасы мақтааралдық С.Тәтеевпен пiкiр бөлiсудiң сәтi түстi.

Астана қаласында ұйымдастырылатын облысымыздың ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесi күндерiне осымен екiншi жыл қатарынан қатысып қайтпақшымыз. Елордалықтарды өз қолымызбен өсiрген, бағасы арзан жүзiм, қияр, қызанақ, бұрыш, баклажан, тағы басқа өнiмдерiмiзбен қуантпақшымыз. Тапқан табысымыз жол шығынымызды өтеуге жетсе болды. Бұл ел игiлiгi үшiн жасалып жатқан тiрлiк қой, - дедi мақтааралдық шаруа.

0 пікір