Сенбі, 27 Сәуір 2024
3169 1 пікір 31 Қаңтар, 2022 сағат 15:23

«ҚазТрансОйл»: Екі орынбасар қызметінен кетті

«ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының екі орынбасары қызметтен босатылды», - деп хабарлады компания.

«ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) Бас директорының екі орынбасары: Данияр Мұхамед-Рахим және Шыңғыс Сейсекенов компания басқармасынан шығарылды»,- деп жазды Қазақстан қор биржасы (KASE) сайты.

Құжатқа сәйкес Директорлар кеңесі 28 қаңтарда шешім қабылдаған.

Айта кетейік, Данияр Мұхаммед-Рахим 2020 жылдың маусымынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары қызметін атқарып келген, ал, Шыңғыс Сейсекенов - 2016 жылдың тамызынан бастап осы жерде жұмыс істеген.

Энергетика министрлігі компанияның директорлар кеңесі шешіміне қатысты түсініктемесінде: «ҚР Энергетика министрлігі компаниялардың кадрлық саясатына араласпайды, олар – дербес қызмет атқарады», - деп жауап берді.

Сонымен қатар, құжатта «ҚазТрансОйл» АҚ басқармасында алты адам қалды: Сәбит Арынов, Ерболат Меңдібаев, Ален Таңатаров, Жайық Махин, Шара Әділова және Жайдарман Ысқақов», - деп жазылған.

Abai.kz

1 пікір