Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2714 0 пікір 14 Қыркүйек, 2012 сағат 14:24

Алмат САҚАТ: Біздің қазақ КРЕДИТПЕН КҮН КӨРУДЕ...

Қоғамда етек алып жатқан былықты мінеуге тиіс бір құрал - сатираның құрдымға кеткені әмбеге аян. Бірақ сол сатираның сойылын соғып жүрген өнер иелері сықақтың сырқатын мойындамайды: талғажу тірлігін тепкілеп қайтсін! Бірақ төл өнеріне төрелік айтқан сықақшы Алмат Сақат: «Бізде сатира жоқ!» - деп, әріптес өнерін әдірәм қалдырды.

- Алмат мырза, «жақсы әкенің аты жаман балаға қырық жыл азық» дейді ғой...

- Сөзіңіздің төркінін түсіндім, бірақ мені марқұм әкем «жаман бала» болма деп тәрбиеледі...

- Сонда сіздің театрға келіп, танымал актер болуыңызға қазақ сатирасында қолтаңбасын қалдырып кеткен әкеңіздің септігі болғаны рас қой?

- Әлбетте, рас! Менің өнерге келуіме әкемнің үлесі көп болды. Себебі бала күнімнен талай гастрольдік сапарға бірге барып, спектакльдерінің репитициясына қатысып, әкемнің жанында жүрдім. Есейе келе өзімнің өнерден алыстап кете алмайтынымды түсіндім. Оқуға түскенде ұстазым Тұңғышбай ағам Жаманқұлов болды. Оқуымды бітірген соң, «Тамаша» мен «Бауыржан-шоу» театрларында әкемнің қол астында жұмыс істеп, тәжірибеден өттім.

- Шығыстың Марқакөлінен шыққан өнер майталманы Алматыға келіп, ол кездегі атағы дардай «Тамашада» қызмет етсе де, талай жыл баспанасыз жүріпті. Әрі автор, әрі актер болып, өмірі сатираның соңында өткен өнер қайраткеріне нендей құрмет көрсетілді?

Қоғамда етек алып жатқан былықты мінеуге тиіс бір құрал - сатираның құрдымға кеткені әмбеге аян. Бірақ сол сатираның сойылын соғып жүрген өнер иелері сықақтың сырқатын мойындамайды: талғажу тірлігін тепкілеп қайтсін! Бірақ төл өнеріне төрелік айтқан сықақшы Алмат Сақат: «Бізде сатира жоқ!» - деп, әріптес өнерін әдірәм қалдырды.

- Алмат мырза, «жақсы әкенің аты жаман балаға қырық жыл азық» дейді ғой...

- Сөзіңіздің төркінін түсіндім, бірақ мені марқұм әкем «жаман бала» болма деп тәрбиеледі...

- Сонда сіздің театрға келіп, танымал актер болуыңызға қазақ сатирасында қолтаңбасын қалдырып кеткен әкеңіздің септігі болғаны рас қой?

- Әлбетте, рас! Менің өнерге келуіме әкемнің үлесі көп болды. Себебі бала күнімнен талай гастрольдік сапарға бірге барып, спектакльдерінің репитициясына қатысып, әкемнің жанында жүрдім. Есейе келе өзімнің өнерден алыстап кете алмайтынымды түсіндім. Оқуға түскенде ұстазым Тұңғышбай ағам Жаманқұлов болды. Оқуымды бітірген соң, «Тамаша» мен «Бауыржан-шоу» театрларында әкемнің қол астында жұмыс істеп, тәжірибеден өттім.

- Шығыстың Марқакөлінен шыққан өнер майталманы Алматыға келіп, ол кездегі атағы дардай «Тамашада» қызмет етсе де, талай жыл баспанасыз жүріпті. Әрі автор, әрі актер болып, өмірі сатираның соңында өткен өнер қайраткеріне нендей құрмет көрсетілді?

- Ешқандай! Өйткені біздің мемлекет жыламаған балаға емшек бермейдінің кебін киген. Әкеміз ешқандай мал-мүлік жиып, дүние қумаған адам еді. Бізді де солай адалдыққа баулыды. Әйтпесе бүгіндері иттің құлы итақай алып жатқан бір атақ алуға қақысы бар еді. Бірақ ол кісі «Өнердегі өзіңді емес, өзіңдегі өнерді сыйла» деген ғой. Міне, менің әкем өле-өлгенше осы қағиданы ұстанып өтті.

- Иә, Марат аға туған жеріндегі мәдениет ошақтарында талай жыл еңбек етті. Осы орайда Өскемендегі өнер ордаларының біріне әкеңіздің есімін бергізуге қолқабыс еткендер болмады ма?

- Храпунов облыста әкім болып тұрғанда, осы мәселені алға тартып, Өскеменге барған едім. Мені қабылдаған әкімнің орынбасары біздің ауданның тумасы еді. Облыстың Глубокое деген ауданның көшелеріне берілген орыстың аты бітіп қалған соң, бір қысқа қиылысты «Крайний» деп атай салыпты. Мен осы «крайний» сияқты елеусіз жатқан елді мекеннің бір бұрышына менің әкемнің есімін берулерін өтіндім. Тіпті үйге ілінетін реттік нөмірлерді де өзім орнатып беретіндігімді айттым. Бірақ олар «ит - итті, ит - құйрығын жұмсайдының» керін келтіріп, соңында пәленше ақша қажет болады деген соң, қолымды бір-ақ сілтедім.

Әкемнің көзі тірісінде елу жылдық мерейтойы аталып өтті. Бауыржан Ибрагимов ағамыз иығына шапан жауып, бір темір тұлпардың сыйға тартылатынын айтты. Бірақ ол көлігі жолда келе жатыр ма, әлі күнге дейін жетіп болмады. Ал алпыс жылдығында әзіл-оспақ театрлары жиналып, бір кеш өткіздік. Болды! Қазақ сатирасына қосқан өзіндік үлесі мол әкеме көрсетілген құрметтің ұзын-ырғасы осындай.

Мемлекеттің ондай адамдарды елеп-ескеретіндей уақыты жоқ шығар. Немесе атақ дегенді арнайы сұрап алу керек пе - ол жағын білмедім. Менің әкем шенің бар, шекпенің бар демей, бетке тура айтатын. Мүмкін, сол мінезі де атақсыз, тұл кеткеніне себеп болған шығар...

- Облыстың қазіргі әкімі өнердің құдіретін білетін азамат қой: бәлкім тағы бір рет барып көрерсіз...

- Жоқ, енді ешкімнің алдына бармаймын: әкемнің аруағын ашындырып аламын... Бердібек аға өзі біліп: «Әй, Маратты неге ұмыттыңдар?» деп, облыста бастама көтеріп жатса, оның жөні басқа.

- Ал енді ардақты аруақ тамадалықпен тіршілік етіп жүргеніңізге ашынбай ма?

- Ашынбайды! Cебебі менің қолымнан келетін жалғыз мамандық осы актерлік екенін әкем біледі. Біле білген адамға тамадалық та машақаты көп өнер. Өйткені әр тойға барған сайын жалғыз өзің көпшіліктің алдында кішігірім концерт бересің. Ол концертке дайындалу барысында ізденуге тура келеді. Осының өзі дәтке қуат емес пе?! Бала-шағамызды да осы ізденіспен асырап келеміз. Актер үшін асабалық маңдайдың соры дегенге келіспеймін.

- Бүгінгі әзіл-оспақ театрлары халыққа тұщымды дүние бере алмай жатыр дегенді жиі естиміз. Бұған актерлер мәтін жазатын автордың тапшылығын айтса, автор ағайындар актерлердің ұсақталып кеткенін уәж етеді...

- Жоқ, бізде небір мықты актерлер бар. Мысалы, «Шаншардағы» Уәлибек пен Жүсіптен бастап, «Базар жоқ» деп, безілдеп жүрген Тұрсынбек сынды шебер актерлер жетерлік. Тіпті сол театрлардың ішінде де небір талантты жас актерлер жүр. Мәселе - бізде сатира жоқ. Тек әзіл-оспақ қана бар. Яғни, біздің сатира сахнасында қоғамның көрінісі жоқ. Ал ол қоғамды халық құрайды. Ол халық сол ала-құла қоғамнан өзін іздейді. Бірақ, сатира сахнасынан өзін таппайды. Осыдан кейін сатира жоқ демеске лаж қала ма? Кейінгі кезде жаңадан құрылған «Алдараспан», «Нысана» сынды театралар тек «фарс» қана көрсетіп жүр. Ал адамдар арасындағы сараңдық, алыпсатарлық, алаяқтық, жемқорлық сынды мәселелер сахнада жоқ. Бүгінгі компьютер мен электроника, ақпарат жылдамдығы заманында адамдарды таң қалдыру да қиын ба деп ойлаймын. Мәселен, бұрын «МАИ» қызметкерінің көшеде пара алғанын көргенде күлетін. Ал қазір ондай дүниелерді ойнасаң, езу де тартпайды. Өйткені ондай жағдайлар қоғамда әбден қалыпты жағдай болып кеткен...

- Ал етек алып кеткен арзанқол қалжыңдар жайлы өнердегі әріптестеріңіз: «халық жеңіл-желпіге әуес» дейді ғой...

- Жоқ, керісінше, халықты терең ойлауға үйрету керек. Мұның бәрі ақша қуғандықтан айтылған сөз. Біреулер абыройды өзіне ақша әкелсін деп күйттейді. Ал біреулер сол абыройды ары мен атына нұқсан келмесін деп көксейді. Мәселен, Оспанхан Әубәкіров пен Асқар Тоқмағамбетов сияқты авторлар жоқ. Неге дейсіз бе? Өйткені бүгінде өнерге өнім беретін жастар 90-шы жылдары базарда арба сүйреп жүрді. Сол кезде олар оқудан бұрын тірлікті күйттеуге мәжбүр болғандықтан, біздің өнер бүгінде кенде қалды. Бүгінгі майталман журналистердің жоғалып кетуіне де себеп - осы.

- Бүгін ортамызда Толымбек Әлімбек пен Көпен Әмірбек сынды сатириктер жүр ғой...

- Көпен мен Толымбек ағалар берерін - берді. Шығармашылықта сарқылыс деген болады: ол ағаларымыздың жазып жүргендерінде жаңашылдық жоқ, ескінің ығында қалып қойған.

- Мәселен, өзіңіз жүрген «Бауыржан-шоу» театрының сықақтары сағызша созылып кеткендіктен бе, көпшілік «Бауыржан шоу» - элитанікі, «Шаншар» - жұмыссыз ауылдан қалаға ағылған қазақтың театры дегенді айтады...

- Біз бар болғаны жазылған дүниені айтамыз. Автор таппай жүрген театр элита таңдай қоймас. «Бауыржан-шоуды» қайдам... ал дәл қазір «Шаншардың» қойылымы тартымды екені рас. Әйтсе де, әзілде Бауыржан ағадай терең ойлайтын, ащы әжуаны жеңіл жеткізе білетін адам жоқ. Бауыржанның актерлік шеберлігі сол - «Шаншардағы» Уәлибек те, Жүсіп те, кейінгі шығып жатқан ұсақ-түйек актерлер де, Бауыржанның тырнағына татымайды. Кейіннен өзі бизнеске кетіп, өнерді өгейсітіп алғаны да рас. Бірақ Бауыржан тоқыраған жоқ, тіпті қазір жаңадан театр ашып, бала оқытып жатыр. Дегенмен де ол басқа «Бауыржан-шоу» болып қалыптасады.

- Біздің сахнадан саяси сатираның жоғалып кеткеніне актерлер кінәлі ме, әлде авторларымыз жалтақ па?

- Біздің актерлер де, авторлар да жалтақ емес. Мәселе - соларды халықтың алдына шығаратын телеарналар жалтақ. Көзге көрінбейтін цензура деген бар. Бар бәлекет содан!

- Қазіргі күні мемлекеттік билік «өз күніңді өзің көр» дейді. Өз күніңізді қалай көріп жүрсіз?

- Өз басым өз күніме разымын. Мен еліміз тәуелсіздік алғанда, жиырма үш жаста болдым. Ол кезде ішетін шайды қойып, кір жуатын сабын таба алмайтынбыз. Қазір шүкіршілік, үш қабатты үйім, астымда «Ланд Крузер» маркалы машинам бар, ұл-қызым оқып, білім алып жатыр. Былайша айтқанда, «өз күнін өзі көргісі келетін» адамға жұмыс бар сияқты. Мәселен, Қытайдың халқы таңғы сағат төрттен жұмысқа шығып, кешкі сегізде үйіне оралады. Ал біз - жалқаумыз. Мысалы, бізде бір мейрамхана ашылса, екі айға жетпей жабылып қалады. Неге десеңіз - оның қызметкерлері кілең қожайынның туған-туыстары: түскен қаражатты әрқайсысы талапайлап жейді. Анаусына ұрсайын десе -жиені, мынаусы - қарындасы. Осындай «қазақи бизнеспен» жалқау қазақ қалай көктесін?!

- Туған жерге ат басын жиі бұрып тұрасыз ба? Облыс атауынан айырылғалы Семейден сән кетсе, Мақаншы, Үржар, Көкпекті, Аякөз сынды кезінде дүркіреп тұрған аудандарды жұмыссыздық жайлап, халықтың жүдеп-жадап отырғанын жоққа шығармассыз?

- Өкінішке орай, онымен келісемін. Семей халқының жүдеу тартып тұрғаны рас. Облыстың қысқарғаны былай тұрсын, аудандарды бір-біріне қосып тастады. Мысалы, шекараның түбінде тұрған менің туған жерім Марқакөлді Күршім ауданына қосып қойды. Енді ауырған адамға жүз елу километрде жатқан аудан орталығына баруға тура келеді. Ауылымызға бюджеттен ақша бөлінбегендіктен, аурухана жабылып қалды. Сегіз жылдық мектеп төрт жылдық болып қысқартылды. Баласы оқи алмаған соң, ел үдере көше бастады. Десе де, халыққа жұмыс істеу керек, басқадай не амал бар?

- Қазақтың нанын өзгенің жеп жатқанына жаныңыз ауырмай ма? Сіз қазаққа жұмыс жасау керек дейсіз, бірақ сол қазақтың еңбегіне тиесілі нанды бәз біреулер жеп жатқан жоқ па?

- Біз жақсы оқып, жақсы білім алсақ, жақсы бизнесмен болсақ, кім бізді басынар еді?

- Ал қазақтың баласы жақсы оқып, білім алуға тиіс қандай жақсы жағдайды көріп тұрсыз?

- Мәселен, кредит алып, балаларын оқытып жатыр. Жалпы біздің қазақ қазір кредитпен күн көруде...

- Ал халықтың қаржысына салынған Астана қаласына қаншалықты бүйрегіңіз бұрып тұрады? Әріптестеріңіздің дені көшіп жатыр екен...

- Мен өзім Астананы ұнатпаймын. Біздің еңбегіміздің есебінен қала тұрғызды. Енді сол қаланы қажет еткен адамдар тұрсын сол қаласындa! Өз басым бармаймын. Қысы - суық, жазы - аптап ыстық. Барлығы көпе-көрнеу ғана жасанды жылтырақпен жасалған. Жанталасқан халықтың қабағынан айналасына деген мейірімшіліктің жұрнағын көрмейсің.

Әңгімелескен -

Динар КАМИЛОВА,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 31 (159) от 13 сентября 2012 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1535
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1402
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1150
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1161