Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2563 0 пікір 14 Қыркүйек, 2012 сағат 04:53

Ардақ Нұрғазыұлы. АҚШ Ауғанстаннан неге кетеді?

Әлемнің саясат сахнасының кейіпкерлері жиі өзгеріп тұрады.  Алайда, сол күн сайын өзгеріп тұратын сахнада өзгермейтін тұрақты ойыншылар да бар.  Соңғы ширек ғасырдағы сондай ойыншының бірі - Ауғанстан.  Арғы тарихын айтпағанда, бұл ел кеше ғана Кеңес одағын тасқа сүріндірген болатын. Ауғандар онымен тынған жоқ.  АҚШ бастаған Батыс елдерінің жаһандық саясатына ашық қарсы шықты, халықаралық тероризмнің табан тірер тиянағына айналды. Содан Батыс елдері 2001 жылы бұл елге жарты ғасыр бойында осы заманғы соғысқа арнайы дайындап келген НАТО-ның (солтүстік атллантикалық шартты ұйым) бар күшімен баса-көктеп кірді. Бірақ, ауғандар бұған да тізесін бүккен жоқ. НАТО мен Ауғанстан арасындағы он жылға созылған соғыстың бір кезеңі аяқталу алдында тұр. Бұл соғыс батыстықтардың жеңілісімен аяқталатын түрі бар. АҚШ президенті Б.Обаманың соңғы мәлімдемесі бойынша НАТО жасақтары 2014 жылы  Ауғанстаннан толық шығарылады. Сонымен бір уақытта Ауғаныстанның қазіргі президентті Хамид Карзай тәлібтердің (тәлибанның) басшысы молла Омарды алдағы кезекті Ауғанстан президенітігіне кандидат ретінде сайлауға түсуге шақыратыны туралы тосын мәлімдеме жасады.  Бұл дүние өзгергенімен Ауғанстанның өзгермегенін, көрсетсе керек. Қала берді, Орта Азия 2001 жылдан бұрынғы кезеңге қайта бастан бет келуі мүмкін дегенді білдіреді: Ауғанстан билігіне 2014 жылы тәлібтер қайта келуі мүмкін.

Әлемнің саясат сахнасының кейіпкерлері жиі өзгеріп тұрады.  Алайда, сол күн сайын өзгеріп тұратын сахнада өзгермейтін тұрақты ойыншылар да бар.  Соңғы ширек ғасырдағы сондай ойыншының бірі - Ауғанстан.  Арғы тарихын айтпағанда, бұл ел кеше ғана Кеңес одағын тасқа сүріндірген болатын. Ауғандар онымен тынған жоқ.  АҚШ бастаған Батыс елдерінің жаһандық саясатына ашық қарсы шықты, халықаралық тероризмнің табан тірер тиянағына айналды. Содан Батыс елдері 2001 жылы бұл елге жарты ғасыр бойында осы заманғы соғысқа арнайы дайындап келген НАТО-ның (солтүстік атллантикалық шартты ұйым) бар күшімен баса-көктеп кірді. Бірақ, ауғандар бұған да тізесін бүккен жоқ. НАТО мен Ауғанстан арасындағы он жылға созылған соғыстың бір кезеңі аяқталу алдында тұр. Бұл соғыс батыстықтардың жеңілісімен аяқталатын түрі бар. АҚШ президенті Б.Обаманың соңғы мәлімдемесі бойынша НАТО жасақтары 2014 жылы  Ауғанстаннан толық шығарылады. Сонымен бір уақытта Ауғаныстанның қазіргі президентті Хамид Карзай тәлібтердің (тәлибанның) басшысы молла Омарды алдағы кезекті Ауғанстан президенітігіне кандидат ретінде сайлауға түсуге шақыратыны туралы тосын мәлімдеме жасады.  Бұл дүние өзгергенімен Ауғанстанның өзгермегенін, көрсетсе керек. Қала берді, Орта Азия 2001 жылдан бұрынғы кезеңге қайта бастан бет келуі мүмкін дегенді білдіреді: Ауғанстан билігіне 2014 жылы тәлібтер қайта келуі мүмкін. Бұл шындыққа айналып жатса, Орта Азияда ескі әрі жаңа саясат қайталанады. 2001 жылы тәлібтер Ауғанстан билігіне қалай келді, солай басталған өзгерісті жұрт әлі толық ұмыта қойған жоқ. Тәлібтер билікке келісімен өздерінің идеологиясын көрші елдерге импорттай бастады. Соның салдарынан кешегі кеңестік биліктің құрсауында болған елдерде - Қырғызстан,  Өзбекстан, Тәжікстанда діни-этыйкалық жанжалдар орын ала басталды. Оның салқыны Қазақстанға да тиді. Бұл жанжалдардың тасасында тәлібтердің тұрғаны ешкімге жасырын емес еді. Тіпті тәлібтердің өзі де оны жасырған жоқ.
Тәлібтер кім еді? Ислам құндылықтарының қатаң тәртібіне құрылған жауынгерлікті басты бағыт етіп ұстанатын діни шәкірттерден тұратын ұйым саясат сахнасына шыққан күннен тартып өзін қарудың күшімен діни құндылықтарға құрылған тәртіп орнатуды көксейтінін әйгілеген ұйым болды. Тәлібтер бұл ниетін Ауғанстан да ғана емес, өзге Орта Азия елдерінде де жүзеге асыруға мүдделі еді. 2001 жылы «Әл-қаида» террористік ұйымы Нью-Йоркте «11-қыркүйек» шабуылын ұйымдастырмағанда, тәлібтердің Орта Азия елдерімен арадағы теке-тіресінің аяғы не болатынын болжау қиын болатын. «11-қыркүйек» шабуылынан кейін, АҚШ бастаған Батыс елдері «Әл-қаиданың» ізіне түсті де, оның арты НАТО-ның Ауғанстанға басып кіруімен тынды. Он жылға жалғасқан соғыс  «Әл-Хаидаға» соққы беріп қана қалған жоқ, тәлібтерді де мықтап ауыздықтады. Алайда, соңғы жаңалықтар тәлібтердің қайтадан бас көтеруі мүмкін екенін көрсетіп отыр. Ежелден келе жатқан ақиқат - халық қарсы болса, билік қашанда жер құшпай қоймайды. АҚШ бастаған Батыс елдері Ауғанстанда бір жағынан соғыс жүргізіп, екінші жағынан ауған халқын өз идеологиясына тартуға барын салып көрді. Бірақ, оның бәрі бірдей сәтті бола қойған жоқ. Ауған халқы батыстықтарды жаулаушы есебінде түсінуін өзгерткен жоқ. АҚШ бастаған Батыс елдері «Әл-қаида» террористік ұйымның жетекшісін жер жастандырған соң жоғарыдағы ақиқатты мойындап, Ауғанстаннан шегініп шығуға бекіген.  
Бұл тұрғыда  АҚШ-тың өз есебі бар. Он жылға созылған соғыс әлемдегі бірінші алпауыт елдің экономикасына оңай салмақ салған жоқ. Осынау жылдарда ашық емес ақпаратқа негізделгенде АҚШ ауған соғысына 3 трлион АҚШ долларын жұмсағаны туралы айтылады. 2008 жылы тамызда басталған ғаламдық қаржы дағдарысынан кейін бұндай басы артық шығын онсыз да әупірімдеп тұрған ел экономикасына жығылған үстіне жұдырық болды.  Бүкіл ауған халқын қалқан еткен тәлібтермен соғыс бұдан ары жалғаса беруі әбден мүмкін, бірақ, оған кететін мол қаржыны табу қиынның-қиыны екенін Ақ үйдің қожайындары анық аңғарып қалды. Оның үстіне соңғы он жылда ғаламдық саясаттың картасы үлкен өзгеріске ұшырап жатыр. Кешегі кеңес одағының елесіндей болып еңсесін қайта тіктей бастаған Ресей өзінің әлі де алпауыт ел екенін, Батыстың қас-қабағы бойынша жүрмейтінін дәлелдей бастады. Одан қалса, әлем экономикасында ішкі жалпы өнім құны жағынан Жапонияны артқа тастаған Қытай  АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жайғасты. Бұл АҚШ экономикалық дағдарыстан есі шығып жатқанда, Еуропа елдерінде экономикалық өсім төмендеп бара жатқан жағдайда орын алды. Бұл мұхиттың аржағындағы алпауыт ел үшін ту сыртынан ойламаған жау пайда болғанмен бірдей еді. Бұдан бұрын АҚШ-тықтар бүгінгі Қытай сияқты өзіне экономикалық жақтан бәсекелес бола бастаған жапондардың өзін аяған жоқ. Жарты ғасырдан бері бір идеологияның туы астында келе жатса да бәсекелес болған шағында бар айла-тәсілді қолданып, жапондарды ауыздықтап тынған.  Мұнымен салыстырғанда ежелгі қарсыласының жөні тіпті мүлде бөлек. Өткен он жылда АҚШ Орта Шығыста, Ауғанстанда үлкенді-кішілі соғыс ашып қаржысын да, зейін-зердесін де төгіп-шашып жатқанда Шығыс Азияда қытайлар тыныш қана батыс үлгісіндегі нарықты тиімді игеріп, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді, шет елдің қаржысын, техникасын шебер пайдаланып экономикалық өсімін әр жылы он пайыздан асырып отырды. Жалпы, Қытай экономикасының өркендеуіне салыстырмалы тұрақтылықта болған ел іші саясатымен қатар сыртқы себептің де ықпалы болды. Батыс елдері мұсылман елдерімен қақтығысып жатқанда қытайлар бұл теке-тіресті шебер пайдаланып, Парсы шығанағы мұнайының пайдасын шаш-етектен көрді.  Орталық Азия мұнайынан да үлес алды. Қазақстан - Қытай мұнай құбырының арқасында қытайлар жыл сайын миллиондаған тонна шикі мұнайға еш кедергісіз ие болды. Бұлар қарыштап дамыған ел экономикасы үшін басты қозғаушы күш еді. Соңғы ресми мәлімдемелерге қарағанда, қытайлар Орта Азиядан тағы бір мұнай құбырын тартуға ниетті. Ол құбыр Түркіменстан мен Өзбекстанды басып өтіп, Ауғанстанның солтүстігі арқылы Қытайға тартылуы тиіс екен. Қытайдың алып-ұшқан экономикалық өсімі ел қуатын көтерді. Бұл ел ғарыш саласын игеруде кешегі Кеңес одағының орнын басып, орбитаға адам отыратын әлем кемесін шығарды. Бұл салада АҚШ-пен бәсекелес болатынын танытты. Қытай әскери саласын да мықтап дамытуды қолға алып жатыр ( елдің 2012 жылғы әскери межесі 100 миллиард АҚШ долларына тура келеді. Бірақ, батыстың және Қытайдың тәуелсіз сарапшылар бұл сан 600 миллиард шамасында деп топшылап отыр). Әскери салаға қажетті барлаушы және басқарылмалы оқ тасымалындық зымырандарды нысанаға бастайтын Жер серіктерін ғарышқа көптеп шығарумен қатар теңіз армиясын ірі әскери кемелермен толықтырды. Украинадан сатып алған ірі ұшақ тасымалдағышты қайта жаңартып іске қосып қана қоймай, сол негізде тағы да осындай ірі ұсақ тасығыштан 4 жасауды қолға алды. Бұл Қытайдың теңіз флоты ашық мұхиттарға шығуға мықтап дайындала бастады деген сөз. Ал бұл АҚШ-тың жалпы ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретіні айтпаса да белгілі жағдай. Осының бәрін қытайлар АҚШ соғыспен айналысып жатқанда тып-тыныш отырып қана жүзеге асырды.
Үстіміздегі жылы президент Б.Обама  АҚШ халқына жасаған  дәстүрлі жолдауында елінің таяу болашақтағы тағдырына қатысты қатаң мәлімдеме жасады. Ол: «АҚШ ешқашанда екінші орынға сырғымайды! Біз оған жол бермейміз!» деді. Сонымен бірге АҚШ-тың халқаралық саясатта бұған дейін Еуропаға ден қойып келген бағытына өзгеріс енгізіп, Азияны алдыңғы орынға қоятынын ашық айтты. Осыған сай АҚШ-тың әлемдік әскери орналасу картасында да үлкен өзгеріс орын алатыны айтылды. Енді АҚШ-тың 11 теңіз құрама флотын 6 Азия - Тынық мұхит аймағына шоғырланатын болады. Міне, осы алғышарт аясында АҚШ бастаған Батыс елдері Ауғанстандағы соғысты мезгілінен бұрын аяқтап, бұл аймақтың ендігі қауіпсіздігін Қытай мен Ресейдің мойнына ілуге ниетті екенін білдіріп отыр. Ендігі жерде билікке тәлібтер келіп жатса, олармен жоғарыдағы екі ел айналысуы керек. Бұл аталған екі елдің енді өткен он жылдағы Орта Азияның қауіпсіздігін сырттай тыныш бақылап, есесіне соның пайдасын көрген күннен біртіндеп айрыла бастағанын аңғартады. 2014 жылдан кейін Ауғанстанда билік басына тәлібтер қайта келіп жатса, олардың қытайға да, орысқа да оң қабақпен қарайтынына ешкім кепілдік бермейді.  АҚШ-тықтар үшін бұл ежелгі қарсыластарының аяғына тұсау салудың тиімді жолы екені анық. Орталық Азияда тынышсыздық басталса, ол діни асыра сілтеушілікпен тамырласып жататыны анық, оның соңы іргелес қытайдың ұйғырлар тұратын Шынжаң өлкесіне де, қала берді, Ресейдің Қап тауы өлкесіне де ықпал етуі мүмкін. Ол кезде аталған екі ел жартылай болса да тыныштығынан айрылатыны анық. Ал АҚШ Орта Азиядан мүлдем кеткісі жоқ. Ол тек бір табан кері шегініп, бәсекелестерін алға шығарып отыр.  
Таяуда ғана Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның Ресеймен біртұтас әуеқорғаныс аймағына кіргенін жария етті. Осымен бір уақытта Өзбекстан Ресей бас болып келе жатқан Ұжымдық қауіпсіздік ұйымынан шығатынын мәлімдеді. Бұл деректер Орта Азия елдерінің алда келе жатқан орын алуы мүмкін оқиғаларға бүгіннен бастап дайындала бастағанын аңғартады. Қазақстан Ресейді арқа тұтса, өзбектер Ауғанстандағы соғыстан бас тартса да, мүмкіндігінше осындағы өзге елдермен ұштасып қала беру ниетіндегі АҚШ-пен жақындасуға мүдделі екенін байқатты. Осылайша  XXI ғасырдың алғашқы онжылдығы аяқталған  тұста Орта Азия елдері ішкі-сыртқы саясатта жаңа бір толқынды күтіп алмақшы.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1463
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1318
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1071
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1119