Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3031 0 пікір 14 Қыркүйек, 2012 сағат 04:36

Интернет-конференция: Мұхтар Шаханов

Тарихтың әр кезеңінде ұлттың жоқшысына айналған азаматтар Алаштың көшін өрге сүйреп, елге қалтқысыз қызмет етеді. Ана тіліміздің абыройы мен мемлекеттік мәртебесі үшін қайсарлықпен қасқая күресіп келе жатқан ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов конференциямыздың қонағы болып отыр.
Қояр сауал, айтар ойларыңыз болса, мархабат!

Тарихтың әр кезеңінде ұлттың жоқшысына айналған азаматтар Алаштың көшін өрге сүйреп, елге қалтқысыз қызмет етеді. Ана тіліміздің абыройы мен мемлекеттік мәртебесі үшін қайсарлықпен қасқая күресіп келе жатқан ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов конференциямыздың қонағы болып отыр.
Қояр сауал, айтар ойларыңыз болса, мархабат!

«Абай-ақпарат»

1989 жылдың 22-қыркүйегінде, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Мемлекеттік тілге арналған жиынында, ұзақ айтыс-тартыстан соң, орыс тілі қазақ тілімен қатар мемлекеттік мәртебе иеленіп кетіп еді. Шалақазақ депуттатардың барлығы жүректері жарылардай қуанып, бір-бірін құттықтықтасып жатқанда, Мұхтар Шаханов мінбеге қайта, сұраусыз көтеріліп: «Бізден басқа республикалардың барлығы ана тілдерін мемлекеттік тіл жасады. Біз немене, тоқалдан тудық па? Бүкіл елді көтереміз. Мұның соңы екінші Желтоқсанға ұласуы мүмкін...» дегенде, билік Шахановтың ұсынысын қайта дауысқа қоюға мәжбүр болды. Егер, ақын осындай батыл қадамға бармағанда, қазіргі таңда қазақ халқының 75-80 пайызы орыстанып кетері сөзсіз еді.
Биыл осы айдарлы күнге 23 жыл толғалы тұр. Бес жылдан бері, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының ұйытқы болуымен, республикамыздағы қоғамдық ұйымдар мен мерзімді басылым басшылары, саяси партия мүшелері дәстүрлі түрде «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын өткізіп келеді. Акция Алматы қалалық әкімдігінің арнайы рұхсатымен, 2012 жылдың 22-қыркүйегінде, сағат 15-00-де Алматы қаласы «Сарыарқа» кинотеатрының маңындағы алаңда өткізілмек. Акция туралы және өзге де ұлттық, тілдік мүддеге қатысты сұрақтарыңыз болса, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы, «Жалын» журналының бас редакторы, Қазақстанның Халық жазушысы, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері Мұхтар Шахановқа «Abai.kz» сайты арқылы сұрақ қоюларыңызға болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1516
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1362
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1112
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1145