Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
5867 18 пікір 26 Қаңтар, 2022 сағат 15:27

Миронов: Қазақстанда әскерді қалдыру керек еді...

"Қасіретті қаңтар" оқиғасы қарсаңында Қазақстандық тарап ҰҚШҰ-ға өтініш айтып, елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін әскер кіргізуін сұраған еді. Сұраныс қанағаттандырылып, Қазақстанға 2600 ҰҚШҰ сарбазы кіргізілді. Оның ішінде Ресей, Беларусь сарбаздарының саны басым болса, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения аз ғана әскер жіберу туралы шешім қабылдады. 

Ресей тарапынан Қазақстанға әскер кіргізуді міндетсіне сөйлегендер көп болды. Саясаттанушыларынан бастап, депутаттарына дейін түрлі ойлар айтты. Мысалы ресейлік депутат Бийсултан Хамзаев былай деді: "Орталық Азия дегеніміз орыстардың жері ғой. Әлеуметтік желіде Қазақстанды Ресейге қосу туралы түрлі сөздер айтылуда. Менің саясат пен лауазымға негізделмеген жеке ойым, Ресей Федерациясының азаматы ретіндегі позициям былай: Қазақстанда референдум өткізіп, Қазақстанның тарихи отаны Ресеймен қосылуын қолдаймын" деп жазды. Оның Фейсбук парақшасындағы бұл жазбасы үлкен дау туғызды.

ҰҚШҰ әскері кіргізілген күні RT редакторы Маргарита Симоньян да аузынан келгенін айтты. "Қазақстан орыс тілін мемлекеттік тіл етіп жариялап, Қырымды Ресейдікі деп мойындап, ұлтшылдарын қыспаққа алсын" деді.

Қазақстандағы ҰҚШҰ операциясы жайлы саясаттанушы Сергей Миронов былай дейді: "Керемет операция! ҰҚШҰ-ның ұжымдық күштері алғаш рет ресми түрде шақырылды және айта кету керек, олар бірден әрекет етті. Аэроұтқыр әскерлер қатарында қызмет еткендіктен, "Бәрі қалай өрбиді, десантшылар қалай жұмыс істейді?" деп үнемі ойланып жүретінмін, өйткені ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің тірегі – Аэроұтқыр әскерлері.

Олардың бұл оқу-жаттығулардың барлығын ұзақ жылдар бойы – Арменияда да, Қазақстанда да, Беларусьте де өткізуі бекер емес еді. Ауданмен, қажет болса, мемлекеттің ерекшеліктерімен таныстық. Тіпті біздің жауларымыз да барлығының қаншалықты анық және тез өткенін атап өтті.

Осы операциямен ҰҚШҰ өзінің маңыздылығын, тиімділігін көрсетті және дәл осындай қауіпсіздік шегінің бар екенін ұқтық. Мұндай жағдайларда бұл дағдылардың барлығы бар.

Қазақстандағы жағдайға келетін болсақ, мен Тоқаевтың ҰҚШҰ-ға жолдаған үндеуін қолдадым, өйткені бұл жерде бір нюанс бар, оны сәл кейінірек үйренеміз деп ойлаймын. Оның үндеуінен қазірдің өзінде ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының ауысуының бекер емес екенін, тіпті оны мемлекетке сатқындық жасады деп айыптауының түбінде бір негіз бар екені байқалады.

Енді операция біткен соң, олар да белсенділік танытып, халықты үрейлендірмеу үшін және орыс оккупациясы туралы әңгімелерді тоқтату үшін барлық әскерлерін шығарды. Дегенмен, өз басым, біздің әскерлер сонда біраз қалғанын қалар едім", - дейді ол.

Осылайша Ресей саясаткерлері мен саясаттанушылар өз ойларын ашық білдіріп, ішкі пиғылдарын көрсетуде. Олардың ойы Қазақстанды Ресейге қосу және өз саяси ықпалдарын арттыра беру.

Abai.kz

18 пікір