Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Дат 3076 0 пікір 26 Қаңтар, 2022 сағат 15:01

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Ашық хат

Алматыдағы «Қайрат» шағын ауданы тұрғындары жол мәселесіне байланысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа ашық хат жариялады. Хаттың мазмұнына сәйкес, Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолының жолайрығы арқылы шығыс бағыттан келетін көліктерге Қайратқа кіретін мүмкіндік жоқ. Шағын аудан тұрғындарының ыңғайы үшін көлік эскадасын салу туралы шешім қабылданғанымен, әлі күнге дейін құрылыс жұмысы басталмаған. Тұрғындар жолдан көрген қиындығын айтып, әкімге уәжін жеткізіпті. Хаттың толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.


Алматы қаласы әкімі
Б.Ә. Сағынтаев мырзаға

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы

Сіз өзіңізге көмекке жүгінген әрбір тұрғынның уәжіне құлақ асып, мәселесін шешіп беруге үнемі дайын тұрасыз.

Алматы қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес қазіргі уақытта Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолының қиылысында жол айрығы жұмыс істеп тұр. Бұл жолайырық көліктер қиылысын барынша азайтып, сол арқылы осы учаскеде жол жүруді жеңілдетеді және өткізуді арттырады. Бірақ шығыс бағыттан келетін көліктердің Қайрат шағын ауданына кіру мүмкіндігі көзделмеген.

Осы учаскеде жол қозғалысына қатысушылар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, қатерді азайту, қолжетімділікті арттыру мәселелері әкімдікте талқыланды және Қайрат шағын ауданына бара жатқан кезде көлік ағынын айналып өту мақсатында Құлжа трактісі бойына бұрылыс көлік эстакадасын салу туралы шешім қабылданды. Осы бойынша жоба дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Алайда құрылыс жұмыстары осы күнге дейін басталған жоқ.

Бұған дейін, сізге тұрғындар саны 2,5 мыңнан асатын қарқынды құрылыс жұмысы жүріп жатқан шағын аудан азаматтары бұл мәселені жеткізген болатын.

Бақытжан Әбдірұлы, мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыты ретінде шағын ауданның тұрақты дамуына жағдай жасауды, жол қозғалысын ұйымдастыруды, тұрмысты қамтамасыз етуді және көлік жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуде шағын аудан тұрғындарының мүддесін қолдауды сұраймыз.

Құрметпен Қайрат шағын ауданы тұрғындары

  1. Бурымбаев Т.К.
  2. Турсынбаева А.К.
  3. Нұржігіт Ақбота
  4. Жамбыл Рустем
  5. Оспамбай Айжан
  6. Айтбакиев Р.Х.
  7. Копбаев Б.К.
  8. Кабдыров Ж.
  9. Еркимбеков Ә.
  10. Бейсеханов М.
  11. Жакупжанов К.
  12. Мункенова Ж.К.
  13. Копбаев Б.Қ.
  14. Казбеков Н.Е.
  15. Сарбай А.
  16. Амантай А.
  17. Ахметов Р.Е.
  18. Қожанова А.
  19. Дауанов
  20. Орынбасар Ә.
  21. Туганбаев Р.
  22. Хожаметов
  23. Алиев М.
  24. Кадирханов М.
  25. Асқаров М.
  26. Раимбеков Н.
  27. Көктеубаев Е.
  28. Қыдыбаев Т.
  29. Кенжетаева М.К.
  30. Кенжетаева Р.К.
  31. Тыкабаева К.Н.
  32. Казангакова Т.Е.
  33. Аманжол Ә.Қ.
  34. Ноғайбаева Э.С.
  35. Коло
  36. Досаева
  37. Ахметов
  38. Қазағапов Р.
  39. Кимадилова
  40. Құралбаев О.
  41. Турасынов С.
  42. Ауғанбаева Г.
  43. Тұрлығожа
  44. Тұрлығожа Д.
  45. Оразымбетов
  46. Баймуралиев А.
  47. Көпбаев
  48. Тоқанов Т.
  49. Жаркенбаева
  50. Сарыбаев Ж.
  51. Исаева Г.Б.
  52. Алмухаметов К.
  53. Буменова Б.
  54. Казангапов Ч.Е.
  55. Балымбеков А.
  56. Саврамбаев О.Т.
  57. Досумбеков Д.С.
  58. Кожахметов Ж.
  59. Хамадиев
  60. Калдыбаева А.С.
  61. Нурым С.
  62. Тасбулат С.
  63. Хануш
  64. Сергазиева А.Н

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1961
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2277
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1869
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1552