Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
2613 2 пікір 26 Қаңтар, 2022 сағат 13:16

"ӨКМ операторы": Директор суицид жасады

Нұр-Сұлтанда "ӨКМ операторы" ЖШС-нің құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өлімі өз-өзіне қол жұмсау дерегі ретінде тергелуде.

"Ер адамның мәйітін тапқаннан кейін Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп хабарлады сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шәмшиев 2021 жылы "ӨКМ операторының" басқарушы директоры болып тағайындалды, оған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының құрылымдарында жұмыс істеген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1969
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2326
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1906
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1562