Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Сатира 2972 1 пікір 25 Қаңтар, 2022 сағат 17:00

Өлеңді бірінші тыңдау бақыты

Екі ақынның әйелдері арасында мынадай диалог өрбіді.

Бірінші күн.

Бірінші әйел өңі сынық отыр.

- Өңің сынық қой не болды?

- Маубасым түні бойы маза бермеді.

- Қойшы-ей. Әлі тұра ма?

- Тұрғанда қандай? Ұйқы бермейді. Өлең жазады. Бір шумақ жазса болды тапырақтап жетіп келеді. «Бірінші тыңдау бақытын саған силадым» деп. Сосын «шедевр, гениально» деп мақтауың керек. Әйтпесе бір апта үндемей жүреді. «Түнде тыныштық берші. Бірінші тыңдау бақыты басқаға да бұйырсын» деп айтып жүрмін.

- Бақытты екенсің. Біздікі өлең жазуды да, өлең еместі де қойғанына он жыл болды.


Екінші күн.

- Түнде өлең жазылмады ма?

- Жазылғанда қандай. Түн ортасында оятып өлең оқыды.

Қатира, Қатира, Қатира!
Архивтан бір сөре тати ма?
Екі сөре жетпейді біздерге,
Ей тәкәппар дүние,
Маған қара!
Ақыйма!
Қатира, Қатира, Қатира!

«Шедевр, Мұқағали сенің қасыңда пацан ғой» деп ұйықтап кеттім. Бір кезде көзім шарт ашылды. Менің атым кім дедім.

- Әтипаш

- Секретаршаңның аты кім?

- Қатира

- «Оңбаған сен секретаршаңмен байланысып жүрмісің? Айт шыныңды» деп айқайладым. «Қойшы енді. Ештеңе болған жоқ. Ұйқас үшін алғаным ғой. Мұқағалиден көшірді деп айтпасын деп», деп ақталды. «Қатираңның ертең барып шашын жұлам. Жат жаның барында» дедім. «Шабытымды бұзып жібердің» деп  күңк етті де, жата қалды. Жақсы ұйықтадым.


Үшінші күн.

- Не болды? Секретаршасының шашын жұлдың ба?

- Жоқ. Бүгін демалыс қой.

- Онда не болды? Бір апта тыныштық бермеуші ме еді?

- Жоқ. Он жыл бойы көрмеген гүл әкелді. Түнде қатты шабыты келді. Түн ортасында өлең оқыды.

Матильда, Матильда, Матильда!
Атилла, Қатира, Сатира!
Әтипаш мен сені сүйемін,
Әтипаш сен нағыз Қатира! деді. Түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Ертең ананың шашын жұлмасам ба, бәлем!


Төртінші күн.

- Не болды сөйлестің бе?

- Сөйлестім. Сөйтсем Өтегеннің әйелі екен. Байымның шопыры ғой.

Сөйлесем деп басым бәлеге қала жаздады. Келіншек өзіме тап беріп қоя берді. Оқиға былай болған деді. «Өлеңді бірінші тыңдау бақытын саған силадым» деді. Өлең оқыды. Қалай деді. Жақсы дедім.

Сөйтсем ағай қайта-қайта қасымнан өтіп, қолымды былай бір сипап өтеді, былай бір  сипап өтеді. Ұят емес пе? Өзіңізге айтайын деп жүр едім. Бұны қоймаса сотқа беремін.

Сотты қоя тұр, ағаңмен сөйлесемін. Сен ертең оған «өлеңің өлең емес, шөңге» деп айт деп зорға құтылдым.


Бесінші күн.

- Не болды ұйқы бермеді ме?

- Түн ортасында мынадай өлең тыңдатты.

Құс сұлуы - қоқиқаз,
Қоқиқазым Қатипаш.
Үнің шәрбат, қайтейін,
Қоқиқаз қайта Әтипәш.

Ұйқы ұйқы-тұйқы болды. Өлеңді бірінші тыңдау бақытын қалай толығымен қайтарып аламын деп ойлаумен.

Белгісіз Хамит

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2254
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1856
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1548