Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2443 16 пікір 25 Қаңтар, 2022 сағат 16:25

Қаңтар оқиғасы: Тағы бір қоғамдық комиссия құрылмақ

Қаңтардағы қайғылы оқиғамен айналысатын тағы бір қоғамдық комиссия құрылды. Оны қорғаушы Айман Омарова басқарады, деп хабарлады президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Бүгін мен белгілі құқық қорғаушы, заңгер Айман Омаровамен кездестім. Жақында Айман Омарова қаңтар оқиғасын қоғамдық зерттеу комиссиясын құру туралы бастама көтерді. Ол қажетті материалдарды жинақтап, тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен алматылықтардың пікірін зерттеп, құқық қорғау органдарына түрлі өтініштер жолдамақ. Комиссия құрамына белгілі құқық қорғаушылар, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша маманданған заңгерлер кірді. Сонымен қатар, Айман Омарованың өзі зорлық-зомбылық экстремизм және терроризм мәселелері бойынша біздің елде ғана емес, сонымен қатар шетелде де танымал маман. Біз байланыста боламыз деп келістік», - деп жазды  Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары да оқиғаларға объективті және ашық баға беруге мүдделі.

«Сондықтан әртүрлі құқық қорғау топтарымен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мәселен, құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетова Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімовамен бірге қазір өңірлерге (Алматы, Шымкент, Атырау облысы) іссапарлар жасап, қамаудағылардың жағдайы мен қамауға алынуын зерттеп, арыз-шағымдары мен өтініштерін қарауда. Біз де олармен үнемі байланыста болып, өтініштеріне жедел жауап береміз. Жақында мен белгілі заңгер Абзал Құспанмен де кездестім, ол да таяудағы қаңтар оқиғасына байланысты жекелеген тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартудың мән-жайын зерттеу үшін қоғамдық комиссия құрды», - деп түйіндеді Қарин.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2550
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2360
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1660