Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2910 0 пікір 12 Қыркүйек, 2012 сағат 07:10

Рүстем Әлқожа. Еуразия университеті үздіктер қатарында

Еліміздің білім саласы үшін аса жағымды жаңалықты естіп, қуанып отырмыз. Әлемдік деңгейдегі университеттердің рейтингін анықтайтын QS World University Rankings бойынша 2012 жылы 400 ең үздік оқу орындарының қатарына Қазақстаннан  екі университет кірді (www.topuniversities.com). Олар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ). Рейтингте ЕҰУ 369-орынды, ал ҚазҰУ 390-орынды иеленгені белгілі болды.

Былтыр аталған университеттер 500-дікке кіріп, ЕҰУ - 438-орынды, ал ҚазҰУ - 440-орынды иеленген болатын.

Әлемдік рейтингте университеттеріміздің жетістігі «Академиялық бедел» индикаторы бойынша анықталды. Бұл сараптауға академиялық қауымдастықтың 46 мың өкілі, жұмыс берушілердің (рекуртер) 25 мың өкілі қатысқанын айта кету керек. Биылғы рейтинг көшбасшысы - Массачусетстехнология институт (MIT). Былтыр ол 3-орынды иеленген болатын. Одан кейінгі орындарда Кембридж университеті мен Гарвард университеті тұр. Өткен жылы бірінші орынға Кембридж университеті шыққан болатын.

Осыған байланысты QS World University Rankings зерттеу орталығының басшысы Бен Саутер: «Университеттердің бәсеке деңгейін ғылым мен технологияға қаншалықты көңіл бөліп, дамытқаны анықтады. Қазақстанның 2 университетінің үздіктер қатарына енуі осы елдің білімге орнықты инвестиция бөлгенінің арқасы» деп мәлімдеді.

QS аймақтық директоры Зоя Зайцева: «2009 жылға қарағанда Қазақстаннның екі университетінің айтарлықтай дәрежеде алға жылжуы Президент Н.Назарбаевтың ЖОО-ға қойып отырған талаптарына жауап береді» дейді.

Жалпы QS World University Rankings мақсаты - әлемдік деңгейдегі университеттер жүйесін айқындай отырып, жетекші оқу орындарын даму мен ізденіс жолындағы жан-жақты ұйым ретінде көрсету. Рейтингтің негізгі 4 өлшемі: ғылыми-зерттеу нәтижелері, білім беру сапасы, жұмыс берушілердің пікірі, ықпалдастық деңгейі.

Біз осындай талапқа жауап берген және алдағы уақытта да үздіксіз дамуды басшылыққа алған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2045
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2476
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2058
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595