Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3201 0 пікір 11 Қыркүйек, 2012 сағат 10:10

Төтенше жағдай туралы бейресми ақпар таратуға тыйым салынбақ

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік ақпарат құралдарына төтенше жағдай кезінде бейресми ақпарат таратуға және ресми ақпаратты теріс түсіндіруге тыйым салды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай сейсенбіде үкімет отырысында мәлімдеген. Оның айтуынша, "мемлекеттік ақпарат құралдарының бейресми ақпаратты жариялауы немесе оны теріс түсіндіруі ақпараттың шынайылығына күмән тудырып, азаматтарды қандай да бір іс-әрекет жасауға итермелейді".

Министр бұған қоса хабар тарататын барлық телеарна, газет және интернет ресурстарында да бейресми ақпараттың таралып кетпеу амалдары қарастырылып жатқанын айтты.

Дереккөз: azattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1998
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2423
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1577