Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2620 0 пікір 11 Қыркүйек, 2012 сағат 10:09

Үкімет шешімімен араб шейхтары Қазақстандағы сирек құстарға аңшылық жасайды

Республика үкіметінің шешімімен 120 жек дуадақтары араб шейхтарының аңшылық нысандарына айналады. Осы туралы сәйкес қаулыға ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов қол қойды.

31 тамызда қол қойылып, ҚР құқықтық нормативтік актілер базасына салынған құжатқа сай, Біріккен Араб Әмірлігінің (БАӘ) шейхтарына өздерінің ителгілерімен 2012 жылғы 1 қыркүйек пен 15 қараша аралығында саятшылық құруға рұқсат етілген.
Қаулыда атап көрсетілгендей:

1. 2011 жылғы 1 қыркүйек - 15 қараша кезеңінде өз ителгілерімен жек дуадақтарға ителгімен саятшылық құруға:

1) шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймағы аумағында 27 (жиырма жеті) дарақ жек дуадақ және Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағы аумағында 44 (қырық төрт) дарақ жек дуадақ;

2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 11 (он бір) дарақ жек дуадақ;

3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 10 (он) дарақ жек дуадақ;

4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Тани (Катар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында 9 (тоғыз) дарақ жек дуадақ және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағында 19 (он тоғыз) дарақ жек дуадақ аулауға рұқсат берілсін.

3. Жек дуадақты аулау ақысы Т420,6 мың мөлшерінде белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетуді Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етсін.

5. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінген ҚР үкіметінің қаулысында.

Бұрын хабарланғандай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бетпақ Дала шөліне Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін дуадақ құсының 100-ін жіберді, деп мәлім етті Әбу-Даби дуадақты қорғау қорының консультанты Борис Губин.

«Оңтүстік Қазақстандағы Бетпақ Далаға қызыл кітаптағы 100 дуадақ жіберілді. Бұл құстар Араб Әмірлігінен әкелінді. Біз бұл құстарды жіберіп отырғанымыз олар миграциямен қайтап кете ала ма, жоқ па екенін тәжірибеде көрмекшіміз. Құстарды біз арнайы радиоқабылдағышпен бақылап отырамыз», - деді ол журналистерге телефон арқылы сейсенбі күні.

Бұл құстарды мамандар Әбу-Дабидың тәлімбағында өсіріп, Бетпақ Даланың әр жерінде еркіндікке жіберіпті. Б. Губиннің айтуынша, «құстардың мекен ететін жерлерін орнитологтар өздері таңдап алыпты».

«Оңтүстік Қазақстанда былтыр 25 құсты босатып жіберген. Шынын айтқанда, олардың біреуі де тірі қалмады. Орнитологтар егер осы жіберілген құстардың тым болмаса 5%-ы тірі қалса, тәжірибе сәтті аяқталды деп есептемекші», - деді ол.

Дереккөз: ҚазТАГ

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1984
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2395
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1957
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1575