Сенбі, 27 Сәуір 2024
2369 1 пікір 19 Қаңтар, 2022 сағат 13:03

Терроризмге қарсы операция: Алматыда көшелер жабылды

Алматыда полиция қызметкерлері терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көшені жауып тастады.

Терроризмге қарсы операция жүргізілуіне байланысты 19 қаңтарда мына учаскелерде жол қозғалысы уақытша тоқтатылады:

Абылай хан даңғылы бойынша Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағыттарда. Төле би көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта.

"Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді және жол ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұраймыз", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Abai.kz

1 пікір