Сенбі, 27 Сәуір 2024
2396 7 пікір 18 Қаңтар, 2022 сағат 14:32

Үкімет басшысы: Халық табысын арттыру басты міндет болады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда халық табысын арттыру қалай жоспарланғанын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.

"Атамекен" Ұлттық палатасымен бірлесіп, халық табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу және қабылдау жоспарланған. Халық табысын арттыру ең басты мәселе болуы тиіс. Кез келген жоспар, кез келген бағдарлама бірінші кезекте халық табысын арттыруға бағытталуы тиіс. Басқарудың барлық деңгейінде жұмыс белсенділігі дәл осы көрсеткіш бойынша бағаланады", - деді Смайылов Үкімет отырысында.

Жаңа премьер-министр жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында "Жастар тәжірибесі" және "Алғашқы жұмыс орны" жобалары аясында жалақы көбейетіні туралы айтты.

"Қазақстан халқына" қоғамдық-әлеуметтік қоры мұқтаж балаларға қазіргі заманғы қымбат медициналық қызметтер мен дәрілік заттарды алуға мүмкіндік береді. Жалпы, осы жоспарды іске асыру қаңтар оқиғаларынан кейін елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жедел қалпына келтіруге мүмкіндік береді", - деп толықтырды Үкімет басшысы.

Abai.kz

7 пікір