Сенбі, 27 Сәуір 2024
1684 0 пікір 18 Қаңтар, 2022 сағат 14:19

БҰҰ: Әлем келесі пандемияға дайындалу керек

Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш Дүниежүзілік экономикалық форумда әлемді келесі пандемияға дайындалуға шақырды.

Turkystan.kz сайты мәлімдегендей, Антониу Гутеррештің пікірінше, әлем келесі пандемияны ерте анықтауға және жедел әрекет ету жоспарларына инвестиция салып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының беделін нығайтуы керек. Сонымен қатар, ол пандемиямен әділ және тең жағдайда күресуге шақырды.

Антониу Гутерреш бұған дейін ДДСҰ 2021 жылдың соңына қарай жер тұрғындарының 40 пайызын және осы жылдың ортасына қарай 70 пайызын вакциналауды көздейтін стратегия жариялағанын еске салды.

Abai.kz

0 пікір