Жұма, 20 Мамыр 2022
1993 7 пікір 17 Қаңтар, 2022 сағат 16:30

Мирзияев Лукашенкоға жауап берді

13 қаңтарда Ташкентте Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында президент Шавкат Мирзияев кейбір мемлекет басшыларының Өзбекстанға қатысты мәлімдемелері туралы пікірін айтты.

"Жақында кейбір мемлекет басшыларының жетекшілері Өзбекстан Қазақстанда болған оқиғалардан сабақ алуы тиіс деп негізсіз мәлімдеме жасады.

Біз аймақтағы жағдайды, оның қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін жайттарды жіті бақылап отырмыз. Қауіптің кез келген түрі бойынша дұрыс әрекет етуге қауқарымыз без күшіміз жетеді", - деді мемлекет басшысы.

Бұның алдында Беларусь президенті Александр Лукашенко Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының онлайн-саммитінде Қазақстанда болған оқиғалардан "ең әуелі Өзбекстан сабақ алуы тиіс" деп мәлімдеген.

Abai.kz

7 пікір